Ізбасар Шыртановқа



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата30.03.2017
өлшемі382,62 Kb.
#10615
1   2   3   4   5   6   7

Айша  құрбысы:

 

Келесі  жылы  бір  бай  әкесіне

 

ас  береді  дейді. 



Сол  аста  ӛнер  жарысы  ӛткізілмекші.  Ӛнер  жарысының  абырой

-

атағы 



ат жарысынан кем болмайды дейді.

 

 

Айша:

 

Әйелдер де қатыса ма

 

екен


? 

 

Айша құрбысы:

 

Қатысады дейді.



 

 

Айша:

 

Біздің  әкелеріміз  бен  ағаларымыз  әйелдердің

 

де  адам 



баласы екенін естеріне түсіре бастаған болды ғой, шамасы!

  

Шүкір... Шүкір... 

 

 

Айша құрбысы

Ненің шүкірі?



 

 

Айша:

 

Біздің заман ӛтіп кетті... Әй, әттең!..

 

 

Айша құрбысы:



 

Не деп былжырап отырсың? Жасың жиырмада! 

Ӛттің  дей  ме,  әттең  дей  ме?  Болсашы  былжырамай!  Бәрі  сені  күтіп 

тұр. Айша қарашы! Мына жүзік маған жараса ма?

 

 

Айша:



 

Саған жүзік те жарасады, сӛз де жарасады!

 

 

Саған еркелік те жарасады! Саған бәрі жарасады...



 

 

Ой  шіркін!  Кӛп  ішінде  Құдай  қосқан  жарыңмен  мақтанып,  жұрт 



бетіне тура қарай алмаған қиын екен...

 

 



Айша құрбысы:

 

Есесіне жүз қатынның, тіпті мың қатынның есін 

кетірерлік, қызғанарлық, күндерлік ӛнерің бар. Құдай

 

бәрін бір басыңа 



жиып беріпті!

 

 

Досаттай  асылда  да  қолыңа  ұстатып  еді,  ӛзің  бас  тарттың! 

Құдайдың сенен аяған нәрсесі бар ма?

 

Босына жылама!



 

 

Айша: Сен солай деп ойлайсың ба?

 

Айша құрбысы:



 

Солай! Басқаша қалай еді! Жүр кеттік!

 

 

 



Екеуі жиналып алтыбақанға кетеді.

 

 



 

Бесінші көрініс. 

 

Алтыбақан

 

 

  

Біреулер алтыбақан теуіп, Айша 



 

би билеп жатады

.  

  

 



1- 

дауыс:

 

Мың бұралған айналайыным



-

ай! 


 

2-

дауыс: Не деген биге жаратылған дене десеңізші!

 

 

1-



дауыс:

 

Біздің Айша келіндей биші енді қайтып туа қоймас!!



 

 

Досат бастаған салдар



 

тобы


 

келеді.


 

 

Би аяқталады. Досат Айша жанына жақын барады.



 

 

 



Досат

: 

(танымайтын кісідей болып)

 

Есенсіз бе, қарындасым! Тамаша 



билейді екенсіз! 

 

Айша:

 

(қулана)


 

Саламатсыз ба? Танымадық.

 

Досат

: 

Мен қонақ едім. 

 

Айша:

 

Қонақ болсаңыз хош келіпсіз!



 

Досат

: 

Қонақпын. Бірақ келмей жатып «бұйымымды сұра» дейтін

 

қонақпын. Қонақтан бұйым сұрау әдеті сіздің ауылда да бар болар?



 

 

Айша:

 

Бар ғой. Бірақ сіз кімге қонақсыз? Қонағынан бұйымды



 

үй 


иесі сұрамайтын ба еді?

 

 



Досат

:  

Менің


 

бұйымым сізде болып тұр.

 

 

 



Айша ойнақыланып:

 

 



 

Айша:

 

Күйеуі  бар  жас  әйелден,  ӛсекші  абысындары  мен  қайын 



сіңлілері

 

бақырайып қарап тұрғанда бұйым сұрайтын қандай адам?



 

 

 



Жастар шулап, күлісіп жатады.

 

 



Досат та ойнақы дауыспен:

 

 



 

Досат

: 

Менің  бұйымым  сіз  ойлап  тұрғандай  нәрсе  емес!  Менікі 

басқаша бұйым! Сіздің ӛзіңізге емес ӛнеріңізге  қатысты бұйым болып 

тұр!


 

 

Қыз



-

келіншектер тағы да кӛңілденіп қалады.

 

 

 



 

Айша:

 

Бұйымыңыз Айша деген келіншекте болса онда оңашасын 



тауып сұрасаңыз етті! Ал егер Айша деген бишіде болса, онда бишінің 

атасы бар. Ауылдың қожасы бар.

 

Алдымен со кісіден сұраңыз



 

Досат



: 

Биің мен денең қандай ғажап болса, сӛзің мен ақылың да

 

кем түспейді екен, қарындасымсың ба, келінімсің бе? Мен Досат деген 



замандасыңмын.

 

 



Айша:

 

Досат?


 

Естімеппіз.

 

 

 



Досат

:  

Онда таныс болалық. 

 

 


Қолын  ұсынады.  Айша  қолын  алады

Екеуі  бір



-

бірінің  қолын  босата  алмай 

тұрып қалады. Құрбысы Айшаны Досат қолынан босатып, бӛліп әкетеді.

 

 



Досат:

 

Сұрармыз.



 

Атадан  да  ұрқсат  аламыз.  Бірақ  алдымен 

бишінің  ӛзіңнің  келісімі  керек  болып  тұрғаны.  Келесі  жылы  Ақ  Кетікте 

ас ӛткізіледі. Кӛпшілік алдында билегің келе

 

ме? Әйтпесе біздің халық 



биді менсінбейді, бишіні ӛнер иесі деп бағаламайды.

 

 



Айша:

 

Келеді,  ағажан!  Жеке  де  билеймін.  Ғайша  деген  сіңлім 



бар.  О  да  биші.  Кейбір  билерді  екеуміз  қосылып  билейміз.  Қажет 

десеңіз  бірнеше  қыз  болып  та  билейміз.  Жыл  бойы  үйретемін,  мына 

қыздарды.

 

 



Досат

: 

Тамаша! Бұл істің сәті түсетін болды.

 

 

Айша:



 

Қандай істің сәтін айттыңыз?

 

 

Досат



:   

Айша қалқам, сен бидің беделін кӛтеруің керек! Міне сол 

істің сәті түсіп тұр дегенім ғой!

 

 



Айша:

 

Одан сізге не түседі?



 

 

 



Досат

: 

Маған не түсетін еді. Халқым ӛнерлі болады! Халқымның 

балалары ӛнерлі болады.

 

Айша: Тек қана...

 

 

Досат



: 

Ол не?


 

Айша:

 

Атамнан ұлқсат алып беріп кетіңіз. Әйтпесе атам... Ӛзіңіз 



түсінесіз ғой...

 

Жас келін... бір жаққа барып би билеп... Әттең!.. 



 

 

Досат



: 

Қапа  болма!  Сіздердің  аталарыңмен  біз  ниеттес,  тату 

кісілерміз. Ұлқсат алу менің мойнымда... Қам жеме... Қыздарға үйрете 

бер... Бұл тамаша кӛрініс болады... Атам дейсің, күйеуің қарсы болмай 

ма?

 

 



Айша:

 

Әдейі сұрап тұрсыз ба? Кекетіп тұрсыз ғой, ә?..



 

 

Досат



: 

Түсінікті. Сенің ӛлеңіңді естіп едім... Қалай еді... 

 

Жаманды жер қаптырып кетер едім,



 

Сен болдың аяғыма темір кісен... Солай еді

-

ау!


.. 

 

Айша:

 

Оны қойыңызшы. Мені ел алдына шығарыңызшы! Билегім 



келеді.

 

Досат



: 

Дайындал. 

 

Айша:

 

Біздің ел биге неге құмар емес екен?



 

 

Досат



:   

Неге  құмар  болмасын!  Құмар!  Тек  қана  бидің 

жоқтаушысы жоқ. Енді сен оны алдағы аста елге тарататын боласың. 

Жоқтаушысы да, қамқоршысы да ӛзің боласың!..

 

Айша:

 

Билегім келеді де тұрады. Оны кімге айтарсың? 



 

Досат

:   

Оны  ӛзің  еліңе  айтатын  боласың!  Сенің  ӛнерің

 

айтатын 


болады! Дайындал! 

Даусын бәсеңдетіп:

 

Сені  Досаттың  Айшасы  жасай  алмап  едім,  енді  елдің  Айшасы 



жасап алармын. Менің саған деген махаббатымның белгісі боп қалсын! 

 

Мен атаңа сәлем берейін.



 

 


 

Досат  оқшау  тұрған  топ  адамдарға  жақындап,  Айшаның  атасына  сәлем 

береді.

 

 



 

 

Досат

:  

Ассалаумағалайкум, ақсақал!

 

 

Айшаның  атасы:  Уағалайкумассалам!  Хош  келіпсіз, 



 

Досат 


мырза!

 

 



Досат

:  

Біз шақырусыз қонақпыз, ағасы!



 

Айшаның  атасы:  Жақсы  ниетті  адамның  кез  келген  жерге 

шақырусыз баруға

 

да, қонақ болуға да



 

қақысы бар.

 

Жол болсын!



 

 

Досат

:   

Айтсын!  Бәйімбет  бай  келесі  жылы  әкесіне  ас  беретін 

болып, асқа сауын айтқызып жатыр

 



Айшаның атасы: Қай жерде ӛткізеді?

 

 

 

Досат

:  

Ақ Кетікте.

 

 

Айшаның



 

атасы: Қай шамада ӛткізбек?

 

 



 

Досат

:   

Теңізден  мұз  кетіп,  сауда  кемелерінің  Ақ  Кетікке  келе 

бастаған кезінде деп жатыр.

 

 



Айшаның  атасы:  Дұрыс  екен.  Жұрт  әрі  асқа  барады.  Әрі 

саудагерлерден керек

-

жарағын қамдайды.



 

 

 



Досат

: 

Иса  бастаған  билер  бұл  асты  ӛнерпаздар  жарысына 

айналдырамыз деп шешім

 

қабылдапты.



 

 

Айшаның атасы: Дұрыс

 

екен.


 

 

Досат

:  

Дұрыс десеңіз сізден сұрар бір бұйым болып тұр



Айшаның атасы: Сұра.

 

 



Досат

:   

Келініңіз  ғажап  биші.  Асқа  үй  тіксеңіз,  Айшаны 

билетсеңдер

Дүйім жұрт тамашаға батар еді.



 

Айшаның  атасы:  Билетеміз!  Неге  билемеске!  Ӛзі  де  жабырқап 

жүр  еді.  Айналайынымның  кӛңілі  бір  кӛтеріліп  қалсын.  Барамыз. 

Билетеміз!

 

Айша:

 

Атам мені биге апарады. Мен аста, ел алдында



 

билейтін 

боламын!

 

 



Айша қуаныш биін билеп кетеді.

 

 



Шымылдық

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алтыншы көрінііс. Жылкелді үйі. Раушан. Жамал. 

 

 

Сахнада Жылкелді, Раушан, Жамал (ерке қыз), қыз

-

келіншектер.



 

Даурыға сӛйлесіп, кӛңілденіп жатады.

 

 

Жамал:



 

Жезде бізді неге шақырдың? 

 

Жылкелді: Бүгін сені арман етіп жүрген кісіңмен таныстырамын.

 

Жамал:

 

Досат ақынмен бе?



 

Жылкелді: 

 

Қалай біліп қойдың, шайтан қыз?



 

Жамал:

 

Ал сен менің Досатты ұнататынымды қайдан естідің?



 

Жылкелді:  Балдызының  қандай  арманы  бар  екенін  білмесе 

жезде атанып қажеті қанша? 

 

Жамал:

 

Ол қандай қыздарды ұнатады, жездеке? 



 

Жылкелді:  Досатқа  ұнаймын  деп  тырыспа!  Досатқа ұнау  мүмкін 

емес.  Досаттың  біреуді  ӛзі  ұнатуы  қажет.  Ӛзі  ұнатса  болды,  ол  ӛмір 

бойы сол сезімін жоғалтпайтын адам.

 

Жамал:

 

Мен оны «Жамал» әні үшін ұнатамын.



 

Жылкелді: 

 

Содан  да  болар,  ешкім  Досаттың  Жамалын  сендай



 

айта алмайды.

 

Жамал:

 

Рас па! Жезде алдап тұрған жоқсың ба?



 

Жылкелді: 

 

Рас! Рас айтамын!



 

 

Досат пен Әділ кіреді. Амандасады.



 

 

Әділ:

 

Оу!  Жәке!  Балдызыңды  ұзатқалы  жатырған  жоқсың  ба? 



Тойға дайындалғандай сәнденіп алыпсыңдар ғой! 

 

Раушан:

 

Біз  хабарсызбыз.  Бірақ  сіздердей  екі  бойдақ  жігітті 



бірден шақырғандығына қарағанда... Кім білсін ойында не бар екенін...

 

Жылкелді: Ойда түк те жоқ. Әділ мен Досат Кӛкжардан біздерге 

қандай базарлық әкелді екен? Базарлық сұрағалы жатырмыз. 

 

Әділ:

 

Базарлық кӛп. Айна мен тарақ



 

дейсің бе, әтір мен иіс сабын 

дейсің бе, бәріңе жетеді. Олардан басқа керемет ән базарлығымыз да 

бар.


 

Жамал:

 

Жезде! Досат ағаға "Жамалын" айтқызалықшы!



 

Раушан

: 

Жоқ!  Жамалды

 

сен  айт.  Ән  иесі  ӛз  әнін  басқадан 



тыңдасын. Сен де әншісің!

 

Жамал:

 

Бізге  әншілік  қайда?  Біздікі  ауыл  арасының  «бала 



жұбатар» дейтіні ғой



Бір келіншек:

 

Тек, байқап сӛйле! Байға шықпай жатып Құдайдан 



бала дәметпес болар!

 

 



Жастар күліседі. Жамал

 

ұялып қалады.



 

 

Раушан



Әбес  сӛйлегеніңнің  айыбына  саған  ән  айтқызамыз

Саған сондай айып салдық.



  

Досат:

 

Айта  ғой  қарындас,  осындайда  ән  айтып  ашылып  алған 



жақсы.

 

Жылкелді: Әділ сен домбыраңды қолыңа ал. Қостап отыр.

 

Жамал:

 

Жарайды. Мен Әділ ағаның бір әнін айтып берейін.



 

 

 

Жамал ән айтады. Әділ домбырамен қостап отырады.

 

 



 

Жамал:

 

Жарасқан ақсұр атқа қара терлік,

 

Жігітке пайда бермес тӛтен ерлік.



 

Жабыққан жамандардың ісі дейді,

 

Кӛңілді айтып ӛлең кӛтерелік.



 

 

Ақсұрым ішін тарта кісінейді,



 

Әншінің шырқау дауыс күші дейді.

 

Қалқатай сүзіле тек бір қараса,



 

Он бес жас бола берсін кіші мейлі.

 

 

Дауыс: Бәрекелде! Әнші екен! 



 

 

Әділ:

 

Бұ  қарындас  әннің  сәні  мен  сазын  ӛзімізден



 

де  асырып 

жіберіпті  ғой!  Қыздарды  сынаймыз  деп  отырып  ӛзіміздің  әншілігімізге 

күдіктеніп қалғандай болғанымызды қарашы. 

 

Жамал:

 

Әділ аға, ойыныңыз ба, о не дегеніңіз! Әлде,



 

сізге сүзіліп 

қарайтындар

 

он бес жас



 

кіші болу міндетті ме?

 

Әділ:

 

Жоқ қарындасым! Сен нағыз әншісің!



 

Жылкелді:  Әнші!  Нағыз  әнші!  Жамалды  енді  ұялмай  үлкен 

ортаға шығара беруге болады.

 

Досат:

 

Саған біздің орта тарлық етіп тұр ма?



 

Жылкелді: Жоқ! Бүгінгі әңгіме Жамалдың әншілігі емес. Біз енді 

Әділ  мен  сенің  Кӛкжар

 

сапарынан  әкелген  базарлықтарыңды 



тамашалаймыз!

 

Раушан



: 

О жақта


 

біздің ел әншілерініңің әндерін

 

айта ма екен?



 

 

Әділ:

 

Айтқанда  қандай!  "Құнан  нар



мен  «Маңғыстауды»

 

екінің 


бірі біледі. Тіпті

 

олардың



 

біздің серілерге ән арнаған әншілері де бар

 

Жылкелді: Ол кім? Қандай ән?



 

Әділ

Жәке,  мен  ол  әнді  үйреніп  келдім.  Ол  ән  бүкіл  Арқаны 



аралап кетіпті. Сыр сүлейлерінің де аузына іліне бастапты.

 

Досат:

 

Мынауың жақсы хабар екен! 



 

Әділ: Бұ хабардың тағы бір жақсылығы сол,  бұл ән біздің Досат 

ағаға арналыпты

!  

Жылкелді: Міне нағыз базарлық! Ол кім болды екен?

 

Әділ:  Ғалияның  әні  деп  жырланады.  Ғалия  деген  ақын  ӛнерпаз 

жеңгеміз  ӛзінің  бір  әнін, наз  әнін  ӛзі  ғашық болып  қалған

 

біздің  Досат 



серіге арнапты.

 


Жамал

: 

Солай ма… 

Ойланып

 

қалады.



 

Жылкелді:  Досатқа  ән  арнапты  дей  ме?  Маңқиып  жүріп, 

бәрімізден  озған  осы  екен!  Біз  де  домбыраны  тастап,    қолымызға 

тостақан аламыз ба

 



Жылкелді

 (

Досатқа ұқсап қолына



тостаған алып «Алқызылдың басында ала 

ноқта» деп, әннің бірінші жолын айтады… Жастар күлісіп қалады.

 

 



Әділ:

 

Ғалия әнінің сӛздері қандай десеңізші?



.. 

Досат: Әділ! Ойнама! Елге тарап кетер. Ағаңды күлкі қылма.

 

Жылкелді: Күлкісі несі! Әлде қызғанып тұрсың ба? Айт, Әділ!

 

Әділ:

 

Ыңғайсыз болып жүрмесе? 



 

Жылкелді:  Айта  бер.  Ауызға  іліккен  ән  құлаққа  жетпей  қалушы 

ма еді. Ертең

-

ақ жақсы ән болса бүкіл қазақ даласына жайылып кетеді. 



Артық сӛзі болса ештеңе етпес. Ұялма. 

 

Раушан: Ақын елдің тілі дейтін ӛздерің емес пе.

 

Жылкелді: Ақын бәріңмен құрдас!

 

Әділ:

 

Дегенмен  бұл  әнді  Досат  ағамнан  ұрқсат



 

алып  берсеңдер 

 

ғана айтамын. Әйтпесе, ішінде ыңғайсыз сӛздер бар.



 

 

Жылкелді: 

 

Мен бердім ұлқсатымды. Кәне бастап жібер.



 

Әділ:

 

Досат аға, не істейміз



 

Әділ Досатқа қарайды. Ол жымиып, күледі. 



 

 

Досат:

 

Бұйым деп сұрап отыр ғой, бұлар.



 

Әділ:

 

Ендеше  айтып  берейін.  Бұл  ән  осы  жылғы  Кӛкжар 



жәрмеңкесінде  туыпты.  Ел  аузына  Ғалияның  әні  деп

 

тараған  ән



Ән 


қазір  мына  Жем  бойына  жетіпті,  Үстірттен  ойға  құлай  бастады.  Міне 

енді іздей

-

іздей иесін де тапты.



 

Раушан

: 

Ал бастап жібер. 

 

 

Әділ  домбыра  күйін  келтіріп  ап,  айтатын  әнінің  сазын  шерте  бастайды. 



Басқа  әншілер  ӛз  домбыраларымен  Әділдің  сазын  қайталап,  үйреніп  алуға 

тырысады.

 

 

Жылкелді: 



 

Әділ! Мына жерін тағы бір қайталап жіберші!

 

Әділ: О жерін былайша тартыңдар.

 

Жылкелді: 

 

Болды! Енді басынан бастап тағы бір ойнап



 

ӛт…


 

 

Әділ бұлардың сұрақтарын орындағасын ән бастап кетеді. 



 

 

Жауғашты Кӛпжасардың қатыны едім,

 

Кӛкжарда сауық құрып жатыр едім.



 

Адайда әнші Досат кездесіп қап

 

Әні мен қызығына батып едім…



 

 

Арайлап талай таңым атып едің,



 

 

Махаббат қызығына батып едім.

 

 

Кӛкжарда сауық құрып жатып едім…



 

Талай таң Досатпенен атып едің.

 

Махаббат –



  

Досат мырза, сенің сыйың,

 

Байымнан таяқ дәмін татып едім?..



 

 

Арайлап талай таңым атып едің,



 

 

Махаббат қызығына батып едім.



 

 

 



 

Жылкелді: 

 

Мен бүгін сіздерді шақырғанда Досаттың жаңа  әнін 



«Босмойынды» тыңдасын деп шақырған едім. Досат «Босмойын»  әнін 

осы әнді шығарған

 

келіншекке арнапты десіп жүр, жұрт.



 

 

Досат: Айта береді ғой

 

Раушан:



 

Базарлық керемет болатын болды!

 

Жамал:

 

Ол  әнді  қалай  естуге  болады?  Бізге  кім  айтып  берер 



екен?

 

 

Жылкелді: 

 

Неге айтпасын, айтады.

 

Досаттың ӛзі айтады.



 

 

Досат:

 

Қойыңдаршы!



 

 

Жылкелді: 

 

Қалай қойыңдаршы? Ғалияға жауап бер! 



 

 

 



Махаббат –

  

Досат мырза, сенің сыйың,



 

Байымнан таяқ дәмін татып едім?.. 

 

Қандай сӛз! Сен үшін таяқ жеп жатыр, Жұбат Ғалияңды!



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет