Ізбасар Шыртановқа



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата30.03.2017
өлшемі382,62 Kb.
#10615
1   2   3   4   5   6   7

Қалнияз:

 

Дұрыс  болар!  Ел  бар,  ел  басқаратын  би  бар!  Ӛнерге 



құрмет  –

 

халыққа  құрмет!  Кезегі  келгенде,  халық  құптағанда  атақ  та 



берілер, алғыс та алынар! Арнайы жарыс ұйымдастырылар!

 

Атақтарың құтты болсын!



 

Атақтарыңды елдің атақ

-

даңқын асыра беруге пайдаланыңдар!



 

 

 



"Адай"  күйінің  сазы…  Аттар  тұяғының  дыбысы…  Солармен  араласқан 

дауыстар:

 

 

 



Дауыстар:

 

Адайдың жеті қайқысы!



 

 

Шымылдық.  Шымылдық  қайта  ашылады.  Бір



-

біріне  ынтазарлықпен  қарап 

тұрған Досат пен Жамал кӛрінеді. Шымылдық қайта жабылады.

 

 



 

 

 



 

 

 

 

Қысқа көріністер:

 

 

 

 

 

1 - 

қысқа көрініс. Құдайға шүкір!..

 

 

Үш би нӛкерлерімен асқа тігілген ауылдарды аралап жүреді.

 

Үш биге қоңқақ мұрын бір шал сәлем береді.



 

 

Шал:

 

Ас

-



салау

-

ма



-

ғалай


-

кум, билер!

 

Билер:

 

Уа



-

ғалай


-

кум


-

ас

-



салам!

 

Мәтжан би:

 

Шырағым, қай жақтың адамысың?



 

Шал:

 

Мырзайыр, Ондыдан келдім... Тоқабай аулынанбыз.



 

 

 



Қоңқақ мұрын шал ӛтіп кетеді.

 

 



Мәтжан би:

 

Құдайға шүкір!.. 



 

Ермембет би:

 

Неменеге шүкіршілік айтып келесің?



 

Мәтжан  би:

 

Ӛз  еліміз  екен  ғой...  Әйтпесе  әлгінің  түрін  кӛріп 



Кавказ асып кеттік пе деп зәрем кеткені...

 

Ермембет:

 

Шыныңды  айтшы  Мәтжан!  Осындай  сӛздерді 



бұрыннан ойлап қоясың ба, жоқ әлде, сол бойда аузыңа түсе кете ме?

 

Мәтжан  би:

 

Әрине  ойлап,  дайындап  қоямын,  Ереке!    Қазір 



алдымыздан  бір  кӛзі  кем  кісі  кездсіп  қалса  не  айтамын  деп  ойланып 

келе жатырмын. 

 

 

Қасындағылар  Ермембет  бидің  бір  кӛзі  соқыр  екені  еске  түсіп  жымыңдап, 



күлісіп қалады.

 

 



Ермембет:

 

Тілің кесілсін сен жары!



 

Иса  би:

 

Мәтжан  сӛзге  шебер  ғой.  Оның  аузына  сӛз  салып 



тұратын періштелері тым тез қимылдайды.

 

 



 

 

 



2 - 

қысқа көрініс. Сәнді келіншек...

 

 



Ас. Тойға сәнденген қыз

-

келіншектер. Орталарында ерекше сәнді, зергерлік 



бұйымдармен безендірілген камзолы бар келіншек. Бұлардың қасынан бір қарт кісі 

ӛтіп  бара  жатады.

 

Кенеттен  тоқтай  қалып  қарт  адам  сәнді  келіншекке  сәлем 



береді.

 

 



Кісі:

 

Ассалаумағалайкум!



 

Сәнді келіншек:

 

Есенсіз бе, шырағым!



 

Кісі:

 

Бар бол, балам!



 

 

Кісі ӛтіп кетеді.



 

 


Екінші  келіншек:

 

Атаңдай  кісіге  шырақ  деуге  қалай  аузың 



барды?

 

 



Сәнді келіншек ӛтіп кеткен кісінің артынан сәлем етеді.

 

 



Үшінші  келіншек:

 

Мәс



-

саған!  Біреудің  ізіне  сәлем  етіп...  Жаңа 

әдет  шығарып,  біздің  басымызды  бәлеге  қалдырайын  деген  екенсің, 

сен қатын! 

 

Сәнді  келіншек:

 

Ол  кісі  сәлемін  маған  берген  жоқ!  Мен  де 



сәлемімді о кісінің ӛзіне арнаған жоқпын! 

 

Екінші  келіншек:

 

Әлгі  кісінің  де  оңып  тұрғаны  шамалы. 



Қызындай  адамға  әуелі  сәлем  береді  де,  артынан  барып  "бар  бол, 

балам!" дейді. Алжи бастаған біреу болар.

 

Сәнді келіншек:

 

Ол кісі сәлемді маған берген жоқ дедім ғой!  



 

Екінші келіншек: Енді кімге берді?

 

Сәнді  келіншек:

 

Ол  сәлемін  менің  ӛңірімдегі  ескінің  кӛзіне 



берген болар...

 

Екінші келіншек: Кімнің кӛзі?

 

Үшінші келіншек:

 

Ескінің кӛзі болғанда кімнің кӛзі?



 

Сәнді келіншек:

 

Мынау 



(ӛңіржиегін  сыйпайды)...

 

Қожа  бабамыздың 



Ақжұлдыз  енемізге  жасатқан  ӛңіржиегі  екен.  Бұл  ғажап  дүние!  Біздің 

жеті  апамыздың  жеті  енеміздің  ӛңірін  сәндеген,  кӛркін  келтірген 

бұйымдар.  Оған  әлгі  кісі  түгілі  оның  жеті  атасы  түгел  сәлем  берген 

болар...


 

Екінші  келіншек:

   


Қожа  бабаң  Қожаназар  да,  Ақжұлдыз  енең 

атақты Ақшолпан ғой?

 

Сәнді келіншек: Со жарықтықтар!

 

Үшінші келіншек:

 

Бұл Жаңай аулының қатындары шетінен дана!



 

Екінші  келіншек:

   


Шетінен  дана  болса,  жаңай  аулының 

келіндерге беретін тәрбиесі дұрыс болар! 

 

Үшінші келіншек:

 

Мына қатынды қыз күнінен білетін едік! 



 

Ескінің кӛзі дейді…  Жеті атасы түгел сәлем берді дейді… Қалай 

ӛзгеріп кеткен?..

 

Сәнді  келіншек:

 

Жағағы  кісі  атақты  зергерлердің  бірі  болар… 



Асылы, ол адам мына дүниені танитын да шығар…

 

Екінші келіншек:

 

Мүмкін… 


 

Сәнді  келіншек:

 

Ал  мен  болсам  адам  ізіне  емес,  оның  ӛнерге 



деген, ата

-

баба мұрасына деген құрметіне сәлем бердім…



 

Екінші келіншек:

 

Сен бұ заттарды қызыңа қалдырасың ба?



 

Сәнді  келіншек:

 

Не  қызыма,  не  ақылды  қайынсіңліме  сыйлауға 



тиістімін… 

 

Екінші келіншек:

 

Қашан сыйлайсың?



 

Сәнді келіншек:

 

Оны бір Құдай біледі! Әзір ешкімге бермек ойым 



жоқ!

 


Үшінші келіншек:

 

О қыз ұзатылмай ма? Басқа жаққа алып кетпей 



ме? 

 

Сәнді келіншек:

 

Жоқ, алып кете алмайды. Ол ұзатыларда жақсы 



кӛрген жеңгесіне сыйлап кетуге тиісті.

 

Үшінші келіншек:

 

Бұ жаңайлар сараңдықпен атағы шыққан



 

ауыл 


дейді ғой! Мынадай асыл затты қалай кӛзі қисын!

 

Екінші  келіншек:

 

Сонымен  мына  ӛңіржиекті  саған  бір  ұзатылып 



бара  жатқан  қыз  сыйлаған  екен

-

ау!  Жақсы  жеңге  бола  білген  болдың 



ғой!  Ал  сен  бұны  жасың  жеткесін  аулыңның  бір  қызына  сыйлайсың, 

солай ма!? 

 

Сәнді келіншек:

 

Солай!



 

 

Ас хабаршылары ӛтеді.



 

 

Дауыстар: 



 

Ертең сәске Бәймембет ауылында күрес басталады.

 

Бала күрес болады –



 

бала палуан аулына тай мініп қайтады.

 

Палуандар күреседі –



 

жеңімпаз аулына ат мініп қайтады.

 

Түие  палуандар  күресінің  жеңімпазы  Хорасан  кілемін  жапқан  боталы  інген 



жетектеп қайтады.

 

 



 

 

 



 

 

3 - 



қысқа көрініс. Күрес...

 

 



Қаумалаған халық. Жігіттер күресіп жатады.

 

 



Дауыс:

 

Іштен шал!



 

Дауыс:

  

Жамбасқа сал!



 

Дауыс: Бәйгі аттары келіп қалды.

 

 



Палуандардың  бірі  бойын  тіктеп  "қай  жақта"  деп  сұрайды.  Соны 

пайдаланған  екінші  жігіт  оны  жамбасқа  салып  шалқасынан  түсіреді  де  аттар 

келетін мәре жаққа жүгіріп кетеді. Қалған жұрт та соның соңынан ереді. Аңқау жігіт 

орнынан тұрып жатып:

 

 

Аңқау палуан:

 

Қай жақта? Алдыңғы ат баран ба, құла ма?



 

 

Жан



-

жағына қарайды. Ешкім жоқ екенін кӛріп таңданады...

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

4 - 

қысқа көрініс. Арыз...

 

 

 

Үш би асқа тігілген үйлерді аралап жүреді. 



 

 

Қастарында Шолтаман бастаған үш



-

тӛрт кісі. Екі кісі арыз айтады.

 

 

 



Бірінші кісі:

 

Ассалаумағалайкум, адайдың атақтылары!



 

Екінші кісі:

 

Ассалаумағалайкум, інілерім!



 

 

 



 

Билер сәлемдеседі. Екі кісі жарыса арызым бар дейді.

 

 

 



Иса би:

 

Екеуі жарыса арызым бар деп тұр. Реті екеуінікі бір арыз 



болар. Әуелі қайсысын тыңдасақ екен?

 

 



Ермембет  би:

 

Мына  кісі  інілерім  деді.  Соған  қарағанда  ауыл 



адамы  болар.  Ана  кісінің  сӛз  саптауы  алыстан  екенін  байқатты.  Сол 

кісіден бастасақ дұрыс секілді.

 

 

Иса би:



 

Дұрыс болар. Ал, сіз бастаңыз.

 

 

Бірінші кісі:



 

Мен осы асқа келген адайлардың құдасы едім. 

 

Руым  Ысық.  Мына  кісі  менің  құдам.  Руы  Жеменей.  Құдам  орынсыз 



менен бір үйір жылқы даулайды.

 

Иса би: Ал сіз сӛйлеңіз.

 

Екінші  кісі:

 

Жиырма  жылдан  бері  құдамыз.  Талай  малымды 



алып  еді.  Артық  әңгімеге  бармап  едік.  Осы  жолы  жаратып  жүрген 

атымды мына ысықтың баласы ұрлап мініп кетіп, зорықтырып ӛлтірді. 

Бәйгі  алып  жүрген  жүйрік  еді.  Ер  құнын  сұрамадым.  Қыз  қалыңын 

сұрап тұрмын.

 

Иса би:

 

Сіз не айтасыз?



 

Бірінші  кісі:

 

Мен  не  айтайын.  Мынаның  баласы  деп  тұрғаны 



ӛзінің туған жиені. Нағашысының қандай екенін білмеген балам тентек 

пе, жиенқұрық салғызбаймын деп тұрған нағашысы тентек пе, арасын 

айыра алмай сіздерге арыз айтып тұрмын. Адайлардың ӛздерінің сӛзі 

секілді  еді,  "іші  боқ,  сырты  түк  бір  мал  емес  пе  еді?".  Соғымына  бір 

семіз беруге даярмын. Оған кӛнетін құда жоқ.

 

Екінші  кісі:

 

Ол  жиенқұрықтың  малы  емес  болатын.  Ол  тұлпар 



еді.  Ол  халқымыздың  абыройы  еді.  Менің  сұрағанымды  алып 

беріңдер.

 

Иса би:

 

(билерге қарайды) 



Бұ дауға билікті кім айтса жарасар екен?

 

Ермембет би:

 

Аузы жүйрік, ойы ұшқыр жасымыз Мәтжан бар ғой!



 

Мәтжан  би:

 

Рахмет  Ереке!  Бірақ  даудың  бір  жағында  сіздің 



ауылдың аты аталып тұр. Сіздің бір ауыз сӛзіңіз осы дауды осы арада 

бітірер еді

-

ау деп шамалаймын.



 

Иса би:

 

Бұ да дұрыс екен. Онда бұл даудың шешімін Ермембет 



би айтады. 

 

Ермембет  би:

 

Жарайды,  маған  бұйырсаңдар  мен  айтайын, 



аузыма Алла не салар екен!?

 

 



Билер маңына

 

жұрт жинала бастайды.



 

Ермембет би Жеменей ағасына қарап сӛйлеп кетеді. 

 

 

Ермембет би:



 

Әй, аға! 

 

Қыздарыңды кім кӛрінгенге бересіңдер,



 

Сосын дауға қалып, кӛресіні кӛресіңдер!

 


 

Мынадай ас болып жатқанда

 

Енді маған деп тұрғаның тӛресін бер!



 

 

Құдаң тұр ӛзіңе ӛкпелеп,



 

Ӛнбейтін дау қуасың деп!

 

Сен тұрсың қызыңа ӛкпелеп,



 

Қалайша ұры бала туасың деп!

 

 

 



Бұндайда  атаң  қазақ:  "Ӛнбейтін  даудың  соңынан  ӛспейтін  жігіт 

қуалар!"  –

 

деген  еді.  Бұл  дау  –



 

орынсыз  дау!  Қазақ  атыңа,  нағашы 

атыңа  ұят  емес  пе?  Жиенің  мінген  аттың

 

майын  даулап!  Арғымақ 



дейсің!  Арғымақ  болса  алқынбас  еді!  Арғымақ  болып  алқынса, 

жаратқаныңның ӛтірік болғаны!

 

Билік  мынау!  Ат  ұрлаған  құда  баласының  жиендігін  ескеріп,  



ұрланған ат орнына бір ат қоссын.

 

 



Ұрланған  аттың  мына  жеменейдің  ӛз  сӛзімен  айтқанда

 

адайдың 



абыройы екенін ескеріп:

 

малына ие бола алмағаны үшін;



 

жиенінің жиендігін кӛтере алмағаны үшін; 

 

адай  елінің  абыройын  асырып  жүрген  бір  жүйрігін  сақтай 



алмағаны үшін мал иесіне жеті жылқы мӛлшерінде айып салынсын. Ол 

малдар осы ӛткізіліп жатқан ас шығынына қосылатын болсын!

 

 

Бірінші кісі:



 

Бәрекелде! Міне әділдік!

 

 

Дауыс:



 

Жаса  Ермембет!  Осылай  шалқымасаң  Есен  Ермембет 

аталар ма едің!

 

 



Дауыс:

 

Тоқал  ешкі  мүйіз  сұрай  барып  құлағынан  айрылыпты 



деген осы болады!

 

 



 

 

Екінші кісі үнсіз қалады.



 

 

 



Иса би:

 

Билік дұрыс айтылды. Орындалуын да Ермембет би ӛзің 



ескере жүрерсің.

 

 



Ас хабаршылар дауысы: "Палуан тасты" кӛтеру сайысы басталғалы жатыр.

 

Асығыңыздар!



 

Қатысыңыздар!

 

Жеңген жігіт аулына ат мініп қайтады!



 

 

Мәтжан би:

 

"Палуан тас" жарысын кӛрсек қайтеді?



 

Иса би:

 

Жақын ба? Баралық.



 

 

Билер жүріп кетеді.

 

 

 

 

 


 

5- 

қысқа көрініс. "Палуан тас" жарысы

 

 

Алаң ортасында жатқан "Палуан тас". Дәмелі кісілер күштерін байқап кӛреді. 

Бірақ ешкім кӛтере алмайды. Орыстар мен тау халықтары да күшін сынап кӛреді.

 

 



Дауыс:

 

Немене,  адамдар  ұсақталып  бара  ма?  Ӛткен  жылы  екі 



адам кӛтеріп еді!

 

 



Ұйымдастырушы:

 

"Палуан  тасты"  кӛтеруге  дағыстандық 



қонағымыз Шәміл мырза талап жасамақ!

 

 



Шәміл ортаға шығып, әрі жұлқып, бері жұлқып, тізесінен асыра алмайды.

 

 



Ұйымдастырушы:

 

"Палуан  тас"  жарысына  қатысуға  осы  асқа 



арнайы  шақырылған,    ӛткен  жылы  жүлдегер  атанған  қонағымыз 

әзірбайжан Мұхаммет мырза ортаға шығады. 

 

 

Мұхаммед:



 

Ӛткен  жылы  мен  терімді  жарақаттап  алғанмын. 

"Палуан тас" шүбірекпен оралсын!

 

Ұйымдастырушы: Мата әкеліңдер!

 

 

Мата әкелінеді.



  

 

Ұйымдастырушы: Мұхаммед! Сӛзге қалмалық. Ӛзің орап ал!

 

 

Тасты Мұхаммед матаман орайды. Бұл да кӛтере алмайды.



 

 

 



Ұйымдастырушы:

 

"Палуан  тасты  кӛтеруге  Аштархандық 



қонағымыз Иван мырзы талап қылмақ!

 

 



Орыс Иванда кӛтере алмайды.

 

Бір  қазақ  шал  жас  жігітті  жетектеп  келеді.  Тартыншақтағанына  қарамай 



сүйреп келеді.

 

 



Қазақ шал:

 

"Иа Бекет!" деп бір жұлқып кӛрші!



 

 

 



Жігіт  ораған  шүбіректі  алып  тастап,  тасты  салмақтап  қарып,  ыңғайлап 

ұстауға тырысып жатады.

 

 

Ұйымдастырушы: Бұ жігітті кім деп таныстырамыз!



 

Қазақ  шал:

 

Қаратау,  Ондының  Тоқабайы!  Тоқабай  Қосан  десең 



жарап жатыр!

 

 



Қосан:

 

Иа Бекет!... 



 

 

Қосан "Палуан тасты" тӛсіне шығарып, тұрған жерінде бір айналып шығады. 



 

 

Қосан:

 

Иа Бекет!...  



 

 

Қосан тасты тастап жіберіп, секіріп кейін атып кетеді. 



 

Жұрттың қошамет даусы естіліп жатады.

 

 

Иса  би:



 

Азаматым


-

ай!  Абыройымызды  әлемге  тарататын 

болдың

-

ау!



 

Ермембет  би:

 

Әлгілердің  кӛкірегіндегі  астамшылықты  бір  сәтте 



ӛшіріп бердің

-

ау! Жаса шырағым!



 

 

Ұйымдастырушы: Жеңімпаздың атын әкеліңдер!



 

 

 



Жұрт "Бекет ата аруағы!" деп шуласып жатады.

 

 



Шымылдық

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет