Іздеген дүниеңді, адамыңды интернеттен тауып алатын заманның



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата24.12.2023
өлшемі150,75 Kb.
#143164
1   2   3   4   5   6
февраль, 1983 жыл. 
 
Түстен кейін Шерағаң бәрімізді кабинетіне шақырып алып: 

Кеше біздің Қажыкеңді (Қажығали Мұқаметқалиевті) Орталық 
Комитеттің секретариатында бекітті. Бүгіннен бастап оны газетіміздің заңды 
түрде жауапты секретары деп біліңдер, 

деді әдетінше ернін жымқыра 
түсіп. Сосын бізгі барлай қарай отырып: 

Ал енді жолдастар, Қажыкеңнің бұрынғы орны 

проза бөлімі бос 
тұрғанын білесіңдер. Оған кім лайық? Арамыздан кім сол бөлімнің жұмысын 
алып жүре алады, 

деді. 
Мен ол орынға іштей «Сейітқазы (Досымов) баратын шығар», одан 
басқа кімді қояды деп жүргенмін. Сондықтан бірден: 

Сейітқазы лайық қой, аға. Очерк бөліміне ол кісінің біраз еңбегі сіңді 
емес пе, 

дедім. Шерағаң: 

Бұған қалай қарайсыңдар? 

деп тағы да отырғандарғы көз тастады. 

Сейітқазы болсын.

Сейітқазы лайық ол бөлімге, 

деп шуласты бәрі. 

Ал оның орнына кімді ұсынасындар? 

деді Шерағаң. 

Бергі жағындағы (Сейітқазының) мұртты лайық қой, 

дедім мен 
Мұсаға (Рахманбердиев) қарап. 
Бұны да жұрт мақұлдасты. Сөйтіп проза бөліміне Сейітқазы, очерк 
бөліміне Мұса меңгеруші болып тағайындалды.
Әрине бұларды біз тағайындағанымыз жоқ. Секратариатта да келісілген 
болуға тиіс. Бірақ біздің риза болғанымыз 

Шерағаңның тактикасы еді. «Ана 
бөлімге анау, мына бөлімге мынау барады» десе де өз правасы өзінде еді ғой. 
Жаңағы тактикасымен коллективтің атмосферасына да бір көз жүгіртіп өткен 
сияқты. 
11 февраль, 1983 жыл. 


 
Редколлегия мүшелерімен мәжіліс өткізілді. Оған сырттан Ә.Тәжібаев, 
Қ.Бекхожин, Х.Ерғалиев, С.Мәуленов, Қ.Мұхамеджанов, Д.Исабеков, 
З.Қабдолов және Ц.К
-
ның бір өкілі қатысты. 
Бірінші Қалижан сөйледі. Ұзақ сөйледі. Мәнді ештеме айтқан жоқ. 
Өзінің дауысы да анық емес екен. Менің жанымдағы Әбділда: 

Мына Қалижанның аузынан шыққан сөздің әрпі төңкеріліп түседі 
екен, 

дейді. 

Алтынның арасынан сөз қалай шықсын, бәрін бітеп тастаған ғой, 

дейді Қалтай. 
Сырбай Мәуленов өз сөзінде арнау өлең жайында айта келіп: 

Мына Қалижанның баяғыда бір өлеңін оқыдым. «Социалистік Еңбек 
Ері, Ленин орденді аға шопан Пәленбаевқа» дегендей арнауы бар екен. Сонда 
ойладым, осы керек пе деп. Қалеке, сонда сіз сол шопанның бір қойын жеп 
кетіп, ақысын өлеңмен қайтарған жоқсыз ба? 

дегенде бәріміз күлдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет