«Ізгі сөздер патшалығы» үйірмесінің


Біледі: Ертегі тыңдай, ондағы оқиғалардың өрбуін бақылай біледі,мағынасын түсінеді. Түсінігі бар



бет5/49
Дата16.01.2023
өлшемі170,36 Kb.
#61481
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Біледі: Ертегі тыңдай, ондағы оқиғалардың өрбуін бақылай біледі,мағынасын түсінеді.
Түсінігі бар: адамдардың табиғатқа әсері жайында түсінігі бар.
Орындай алады: ертегі мазмұнын әңгімелеп айта алады.

Күні: 22 .09. 17 Балапан тобы жүргізген тәрбиеші: Қалиасқарова И.К
Білім беру салалары: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Тіл дамыту, Көркем әдебиет
Тақырыбы: Мақта қыз бен мысық (ертегіні әңгімелеу)
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға мақта қыз бен мысық ертегісін айтып, білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамыту үшін ертегі кейіпкерлерінің іс-қимылдарын, көрсете алуға үйрету.
Тәрбиелік: Ертегі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қоржын, ертегі кітаптар, кейіпкерлер суреттері.

Әрекетті ұйымдастыру

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші Ерден ата қонаққа келетінін хабарлайды.

Балалар қонақты қарсы алуға дайындалады.

Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу


Топқа Ерден ата келеді. Балалармен амандасады.
-Ерден ата балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын,өзіммен бірге қоржынымды ала келдім. Мұнда көптеген суреттер бар және ертегі кітабым бар.
Д/о « Таңдап ал ,да атын айт »
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін тани білуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиеші балаларды кілемнің үстіне шақырады.
Ерден ата ертегіні әңгімелейді.
Баяғыда мақта қыз бен мысық дос болыпты. Мақта қыз жер сыпырып жүріп мейіз тауып алыпты да мысығын шақырыпты.
-Мысығым, мысығым бері келші дейді, мысығы келмейді. Біраз уақыт өткен соң мысық келеді.мақтақыз сен мені неге шақырдың дейді. Мақтақыз мен бір мейіз тауып алдым, сен келмеген соң өзім жеп қойдым дейді.
- Мысық мен саған ренжідім, қазір сенің қатығыңды төгемін дейді, де Мақтақыздың қатығын төге салады.Мақтақыз болса мысықтың құйрығын жұлып алады.Бір күні мысық мақтақызға келіп менің құйрығымды берші дейді.
- Мақтақыз сен менің қатығымды төле.
Мысық қатық сұрап сиырға келеді.Сиыр, сиыр сен маған қатық берші дейді.
-Сиыр менің қарыным аш,маған жапырақ әкеп бер дейді. Мысық не істерін білмей ағашқа барады.
- Ағаш, ағаш маған жапырақ берші дейді.Ағаш мен шөлдеп тұрмын маған су керек.Су әкеліп берсең мен жапырақ беремін дейді.
Мысық су іздеп көшеге шығады.Алдынан қыздар шығады.Мысық қыздар, қыздар су беріңдерші дейді.Қыздар бізге сағыз әкеп берсен біз су береміз дейді. Мысық дүкенге келеді. Дүкеншіден сағыз сұрайды. Дүкенші мысықтан жұмыртқа сұрайды. Мысық тауыққа барады. Тауық тары сұрайды. Мысық амалы таусылып далада отырады.Кәнеки балалар мысыққа көмектесейік.
Сергіту сәті:
Пеш үстінде мысық отыр.
Екі көзін қысып отыр,
Тышқанның етін жегісі кеп.
Тісі қышып отыр.
Бір мезетте бір тышқан қасынан өтіп бара жатады, мысық ұстап алып үйіңде не бар дейді. Мысықтан қорыққан тышқан бір уыс тарым бар соны берейін жемеші мені дейді. Мысық тез тарыңды алып кел дейді. Тышқан жүгіріп тарыны әкеледі. Мысық тарыны тауыққа береді. Тауық жұмыртқасын береді. Жұмыртқаны алып дүкеншіге келеді. Дүкенші сағыз береді. Сағызды алып қыздарға келеді. Қыздар су береді. Мысық суды алып ағашқа келеді. Ағаш жапырақтарын береді. Мысық жапырақты алып сиырға береді. Сиыр қатығын береді.Мысық қатықты алып Мақтақызға келеді. Мақтақыз мысықтың құйрығын жалғап береді. Сөйтіп мақтақыз бен мысық татауласып қайтадан тауту-тәтті өмір кешіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет