Мақал жаттаймыз: “Алпыс амал түлкіде, алпыс екі амал адамда”
Дидактикалық ойын: «Әрекетерін ата»
Мақсаты: Балаларды суретті қарай отырып істеген әрекеттері бойынша әңгіме құрату.
Балалар ертегілер еліне кілеммен ұшатындарына қуанады.
Балалар тәрбиешінің айтқан жұмбағын шешеді.
Балалардың назары сандықтан шыққан кітапқа ауады.
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
Балалар ертегі желісі бойынша жетектеуші сұрақтар арқылы ертегіні айтып шығады.
Балалар тәрбиешімен бірге қимылдарын келтіре отырып сергіу жаттығуларын жасайды.
Балалар қайталап айтады.
Балалар мақалды бірнеше рет қайталап жаттайды.
Балалар үстел үстіне суретті алып ондағы, қимыл әрекеттері бойнша әңгіме құрайды.
Мысалы: Түлкі жүгіріп келе жатыр.
Тырна ұшып келеді. Тырна апанға кіреді.
Адам інді қазады.
Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция)
Сурет бойынша әңгіме құрастыру , оларды сипаттау.
Түлкі суреті қандай?
Тырна суреті қандай?
Балалардың жетістігін әңгімелеу.
Түлкі қу, ақылды, батыл, әдемі, сұлу, түсі сарғыш. Ол орманда, далада өмір сүреді. Тырна ақылды, әдемі, түсі сұр. Балалар риза болады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар ертегі кейіпкерлерін біледі.
Түсінігі бар: Түлкі , тырна, апан, амал сөдері туралы түсінігі бар.
Орындай алады:Ойындарға қатысып, сұрақтарға жауап береді.