Ұйымдастыру жқмыстары
|
Балалар қараңдаршы Айгүл қуыршақ бізге сыйқырлы сандық әкеліпті.
- Қанекей бұл сандықтың ішінде не бар екенін көрейікші.
Д\О «Ертегі кейіпкерлерін ата?»
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін табады.
- Мынау не?
-Балта не үшін керек?
- Ендеше балалар қазір мен сендерге «Алтын балта» ертегісін оқып берейін.
Баяғыда бір кедей болыпты. Бір күні ол көршілес байдың балтасын сұрап алып, отынға барыпты. Біраз отын шауып бола берген кезде, кедейдің балтасының басы ұшып кетіп, қасындағы диірмен тасын айналдырып жатқан суға барып түсіпті.
Кедей диірменші шалға келіп, балтамды алып бер жалынады. Шал диірменін тоқтатып, суға қолын тығып жібереді де, бір алтын басты балтаны алып шығады.
-Мынау ма балтаң?-дейді шал.
-Жоқ бұл емес дейді кедей.
-Шал суға екінші рет қолын малып жіберіп, күміс басты балтаны алып шығады да: -Мынау ма балтаң?-дейді тағы да кедейге. Бұл да емес. Диірменші үшінші рет қолын суға малғанда, қара темір балта ілігеді. Сол кезде ғана кедей: Е, міне мынау менің балтам!-деп оған қолын соза бергенде, диірменші шал оны тоқтатып .
Шырағым дүние қоңыз емес ақ пейіл адал жан екенсін. Сол үшін менен мына балтаны сыйға ал. Онығ сен сияқты кедейге тигізер пайдасы көп. Осы балта қолында тұрғанда, күнкөрісің түзелер, тез арада-ақ ел қатарына қосыларсың,-деп оған алтын балтаны береді.
- Кедей бұл балтаны үйге әкелген күннен бастап, құлшына еңбек етеді. Алтын балта сиқырлы балта екен, кедей отынды да өндірте жарады. Сөйтіп ісі оңға басады үйге береке кіреді. Мұны көрші бай да байқап қалады. Бір күні ол кедейден мұның сырын сұрайды. Кедей жасырмай барлық болған оқиғаны айтып береді. Енді баяғы кедейге бере тұрған қара балтасын ала салып, бай да отынға келеді. Ол отында шабаршаппас-
тан, шыдамай, балтасын диірмен суына лақтырып жібереді де, алып бер деп диірменші шалға келеді. Шал судан алтын басты балтаны алып шығады.
Сол -ақ екен бай:
- Менің балтам!- деп тұра ұмтылады.
Бірақ диірменші шал оны кеудесінен иітеріп, тоқтатады да:
- Қоя тұр, құлқыны тоймаған қу неме!
Міне, сенің балтан,- деп байға өзінің темір балтасын алып береді. Бай амалы құрып, үйіне қайтады. Еңбегімен күнелткен кедейді күндеп көре алмай, ішқұса болған бай шаруасына да жөндеп қарай алмапты. Тұрмысының да берекесі кетіпті. Сары ауыру боп ақырында бай өліп тыныпты.
Д/О «Қай кейіпкер артық»
Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін арттыру
|
Балалардың назары сыйқырлы сандықта.
Балалар ертегі кейіпкерлерін табады.
Балта.
Отын жару үшін керек.
Балалардың назары Айгүл қуыршақ пен тәрбиешіде болады.
Балалар тәрбиеші айтқан ертегіні мұқият тыңдайды.
Балалар тәрбиешінің айтқан ертегідегі кейіпкерлерді естеріне сақтауға тырысады.
Балалар тәрбиешімен бірге ойынды қызыға ойнайды. Ертегіде кездескен кейіпкерлерді атайды. Ертегіде жоқ артық кейіпкерлерді атайды.
|