Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер


«Қазақстан тарихы» және «Дүние жүзі тарихы» пәндерін оқытудағы педагогикалық тәсілдер



бет11/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
ТАРИХ

«Қазақстан тарихы» және «Дүние жүзі тарихы» пәндерін оқытудағы педагогикалық тәсілдер
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, білім беру бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендетеді.

«Қазақстан тарихы» және «Дүние жүзі тарихы» пәндері бойынша оқу

бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағамдай білуді талап етеді. Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда, оқушыға бағдарланған әдіс-тәсілдер, проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу және бірлескен оқу тәсілдері қарастырылады.

Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болады. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді.

Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуіне, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындауына мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады.

«Қазақстан тарихы» және «Дүние жүзі тарихы» пәндерінің мұғалімдері оқушыларды өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы тәрбиелейді және дамытады:

- сенімді қатынас пен ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін жағдай жасау;

- әрбір оқушының жеке пікірін тыңдау және алынған білімдер мен түсініктерді қолдану мен оларды дамыту маңыздылығына мән беру;

- іс-әрекеттердің белсенді түрлерін ұйымдастыру және тиянақты сараланған

тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта оқыту;

- оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуін қажет ететін проблемалық жағдаяттар туындату және проблемаларды шешу стратегияларын модельдеу және көрсету;

- «оқу үшін бағалауды» қолдану арқылы оқушылардың оқуына қолдау көрсету;

- белсенді оқуға және зерттеу жобаларын орындауға негізделген оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерін қолдау;

- оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

- өз ойын жеткізе білу және дәлелдер келтіре алу, мәселелерді анықтау үшін өз пікірлерін жеткізу, болжам құру және ұсыныс жасау қабілетін дамытуға ынталандыратын жағдайлар жасау;

- оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, сараланған тапсырмалар әзірлеу;

- жеке, жұптық, топтық және ұжымдық оқыту әдістері белсенді қолданылатын жалпы сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

Сонымен қатар, пәндерді оқытуда мұғалімдер төмендегідей педагогикалық тәсілдерді қолданады:

- Құндылықтарға бағдарланған тәсіл. Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл – оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдалану тәсілі. Құндылыққа бағытталған тәсіл оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасында қолданылатын құндылықтарға бағытталған ұстаным қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, өз елінің өткен тарихына, ата-бабалар мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін көздейді. Әртүрлі тарихи кезеңдегі өз елінің тарихын зерделеу арқылы оқушылар тарихи үдерістің біртұтастығы мен сабақтастығын, сондай-ақ Қазақстанның тарихы дүниежүзі тарихының бір бөлшегі екенін түсінеді. Оқушылар тарихи даму үдерісіндегі Қазақстан халқы адамзаттың прогресіне өзіндік бірегей әрі ауқымды үлес қосқандығын түсінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет