Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер


Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты



бет19/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
ТАРИХ

Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты

ұйымдастыру тәжірибесінен
Қазіргі жаңа формация мектібінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар бар:

  • баланы оқи білуге үйрету;

  • баланы ойлауға үйрету;

  • баланың өзін өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Осыған сай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер болып жатыр. Білім мазмұны да оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.

Сондықтан да жобалау технологиясын ұйымдастыру тақырыбына арналған бұл жұмыстың өзектілігі осында. Жұмыс зерттеу мақсаты: тарих сабақтары барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау болса, міндеттеріне: тақырып бойынша ғылыми жұмыстармен танысу және жұмыстың теориялық бөлімін жасау, оқушылардың жоба жұмыстарына талдау жасау, тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды рәсімдеу жатады.

Аталған технологияның зерттеу әдістеріне тоқталсақ, олар; теориялық материалға анализ жаса; сауалнама өткізу; жоспарлау; жеке оқушылармен және топ мүшелерімен сұхбат өткізу; модельдеуден тұрады.

Бұл технологияны енгізгенде күтілетін нәтиже: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру; жасампаз тұлға қалыптастыру; тарихи ұғымдық қорын кеңейту; еңбекті бағалай білетін тұлға.

Оқудың қажеті неде? Әркім осы «жеңіл» сұраққа өзінше жауап береді. Жоғарғы білімді адам да бұл сұраққа жауап беру үшін біраз ойланып қалады. Оқу – көп білу үшін қажет.

Ал, көп білудің қажеті неде? Көп оқып, көп білсең – жоғарғы оқу орнына түсесің... Онда оқу не үшін қажет? Одан әрі білім алу үшін бе? ОҚУ – алдағы үлкен өмірде өз орныңды дұрыс таба білу үшін керек екен. Яғни оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға , яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет.

Дәстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін емес. ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес.Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді. Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі.

Жобалау технологиясы ХІХ ғас. ІІ жартысында АҚШ ауыл шаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық.Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл мысал жобалау технология-сының нағыз типтік үлгісі.» - деген екен У.Х.Килпатрик.

ХХ ғас. басында жобалау технологиясы Ресей педагогтарының назарын өзіне аудара бастайды. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты, бұл әдістеме кеңінен таралмай, тоқтап қалды:

- жоба жұмысымен жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдердің болмауы;

-жоба жұмысының әдістемесінің жасалмауы;

-жеке баға мен сынақты ұжымдық сынаққа көшіру салдарынан жеке оқушы білімінің төмендеуі т.б. себептер.

Кеңес үкіметі кезеңіндегі мектептерде жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ-та, Канадада, Англияда, Австралия және Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып жатты. Еуропаның да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын терең жая бастады.

Әрине, уақыт өткен сайын бұл технология да бірқатар өзгерістерге ұшырап отырды. Еркін тәрбиелеу ойынан туындаған жобалау әдістемесі біртіндеп «тәртіпке бағынып», білім беру әдістемесі құрамына табыспен еніп отыр. Бірақ оның негізі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек – оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету.

Қазақ педагогикасының атасы Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» деген өлең жолдарында осы технологияның негізгі ұстанымдары жатыр. Өйткені, бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеттері түбегейлі өзгереді. Салыстырып көрелік:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет