Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер



бет24/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
ТАРИХ

Мазмұндық жағына - мазмұнды қарам-қатынас, оқу материалын кұрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру /интеграция/, дидактикалық бірліктерді ірілендіру және т.б. 

Процессуалдық жағына – программалау концепциясы, проблемалық, интерактивтік оқыту т.б.

Мотивациялық – оқуы барысын мотивациялық қамтамасыз ету концепциясы, танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б. 

Ұйымдастыру – гуманитарлық педагогика идеялары, педагогикалық ынтымақтастық тұжырымдамасы, оқу пәніне «шому» (М.П. Щетинин), орталықтандырылған (концентрированные) оқыту, т.б.

 Осы концепциялардың бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі. Мысалы, проблемалық оқыту концепциясы: проблемалы-сұхбатасып оқыту, проблемалы-тапсырмалылық, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-контекстік, проблемалы-модулдік, проблемалық-компьютерлік оқыту. 

Интерактивтік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция (ағлш. Interaction - өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысынде жеке тұлғалар арсында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өз ара әрекеттесу барысында жүзеге асады. 

Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. М. В. Кларин, Ю. С. Тюнников және басқалар ойындардың білім беру мүмкіндіктерін зерттеген: ойындар педагокқа оқытудың (білім, білік, дағды) қоданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді, Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коомуникативті білктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқуышларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.

Интерактивтік оқу технолгиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, инетеллектуалдық, эмоцияналдық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға  педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға  кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз. 

ИОТ-сын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады: 

1.   Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады. 

2.   Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту  кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосмша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұнын туралы оөара талқылайды. 

3.   Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласыуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап бері немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу. 

4.    Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз поязицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді. 


ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқулыар, топ – топ, топ- оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Нақты өмірде бұл жағдай әрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім бір технолгияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана парктикада қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда ИОТ-ң бүтіндік принципі бұзылады: бұл процесс әртүрлі технолгиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, бүтін болғанда ғана технолгия педагогикалық тұрғыда әсерлі болады. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет