Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер


Қазақстан тарихын оқытудағы «Сатылай кешенді талдау»



бет22/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Қазақстан тарихын оқытудағы «Сатылай кешенді талдау»

технологиясын қолданудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бері білім беру саласына да аса зор маңыз беріп келе жатқаны барша жұртшылыққа аян. Оның мысалдарын көптеп айтуға болады, олар біздің елімізде жүзеге асырылып жатқан «Болашақ» бағдарламасы, «Назарбаев университеті», «Зияткерлік мектептер» т.б.

ҚР «Білім туралы» Заңында жалпы орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары бейіналды дайындық пен бейіндік оқытуды жүзеге асыруды көздейді. Демек, алдағы кезеңде әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыс тану ғылыми бағыттары бойынша шәкірттердің білім алуына мүмкіндіктер жасалуы тиіс. Сол секілді «Білім туралы» Заңда қоғамда тұлғаны қалыптастыруға ерекше маңыз берілген. Қазіргі педагогикалық технологияда әр алуан оқыту әдіс- тәсілдерінің тиімді қолданылуы, сабақта оқу-тәрбие мәселелеріне барынша септігін тигізеді. Сондықтан да оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, қабілетінің дамуы, танымдық белсенділігін арттыру -қазіргі танда муғалімдер қауымын ойландырып жүрген мәселе.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «2020 жылға қарай Қазақстан - білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік- мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс»,- деп көрсетілген.

Демек, бұл дегеніміз «Адам капиталы» ұғымының біздің елде де алдыңғы шепке шыға бастағандығының белгісі. Қазақстан тарихы пәнін өту барысында оқушылардың бойында ғылыми көзқарастарды қалыптастырудың негізгілері ретінде төмендегі қағидаларды әрдайым басшылыққа алып отырамыз. Олар:

- еліміздің басынан өткен қилы замандар тарихын білу;

- халықтың этногенездерін түсіну;

- еліміздің қоғамдық-саяси жағдайын біліп отыру;

- елінің тарихына мән беріп, ізденуге баулу;

- халқының тарихын мақтаныш етуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу; т.б.
Заман талабына байланысты тарих сабақтарында «Деңгейлік тапсырмалар» арқылы және «Модульдік оқыту технологиясын» пайдаланумен қатар, «Сатылай кешенді талдау» технологиясын да пайдаланылуда. Мәселен, 6-сыныптың Қазақстан тарихынан «Әмір Темір жорықтары» тақырыбын өткенде төмендегі талдауды пайдаландық:



Тарихи мерзімі

XIV ғасыр

Мекендеген жері

Қазақстан мен Орта Азия

Билік құрған мерзімі

1370-1405 жж

Астанасы

Самарқан қаласы

Билеушісі

Әмір Темір, Шыңғыс ұрпағы емес, сондықтан хан деп аталмады.

Жорықтарын бастады

Ақ Орда мен Монғолстаннан

XIV ғ. 90-жылдары құрған империясы қамтыды

Иран, Ирак, Ауғанстан Үндістан, Кіші Азия, Еділ бойы, Кавказ, Қазақстан, Орта Азия

Жаулаған елдері

барлығы 27 мемлекет

Әмір Темір өкіметінің тірегі: ислам діні - мешіт, медреселер салдырды.


1397 жылы - Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырды;

1405 жылы - Отырарда қайтыс болды.

Әмір Темір жорықтырының зардаптары Шығыс Дешті Қыпшақтың, әсіресе Оңтүстік Шығыс Қазақстанның экономикалық, жадайын құлдыратты. Талдау жасай отырып оқушы өз ойын дәлелдеуге үйренеді, нақты, дәл жауап беруге тырысады, зерттеуге; салыстыруға жаттығады.

Осы тәрізді талдауларды басқа сыныптардың Қазақстан тарихы пәнінен де пайдаланамыз. Бұл жұмыстарды оқушылардың өздігінен орындауларына да әрдайым көңіл бөліп отырамыз.

Жалпы инновациялық қызмет пәнінің мазмұнын тереңдетуге, оқушылардың ынтасының артуына септігін тигізеді. Пән мұғалімі ретінде «Тарих пәнін оқыту барысында оқушылардың ой-өрісінің дамуына ықпал ету және Отансүйгіштікке тәрбиелеу» атты өзекті мәселені алдымызға мақсат етіп қоя отырып, оқыту әдістерін түрлендіріп, оқушылардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасай білуіне талпынудамыз. Қазақтың әйгілі ұстазы А.Байтұрсынов «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деп айтқан екен. Бұл сөздер өткен ғасырда айтылғанмен бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан емес.

Олай болса, еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында атқарып отырған жұмыстарына үлес қосу, ғылыми тұрғыда ойлайтын шығармашыл, ізденімпаз тұлғаны тәрбиелеу - ұстаздар қауымының басты міндеті деп білеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет