2. Ә.КЕКІЛБАЙҰЛЫНЫҢ АҚЫМЕТТАНУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ МЕН ҰЛТ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ОРНЫ
Әбіш Кекілбайұлы – ұлт танымының шырақшысы. Ол қазақ халқының ұлттық құндылықтарын шығармаларына арқау етіп, оларды түгендеуге зор үлес қосқан жазушы, білімі көп, тәжірибесі мол мемлекет, қоғам қайраткері, әдебиеттанушы ғалым, сондай-ақ алаштанудың маңызды тақырыптарын қозғаған, оның ішінде ахметтануды қалыптастыруда елеулі орны бар тұлға. Оның ұлт руханиятындағы орнын Ахмет Байтұрсынұлының тұлғалық ерекшеліктерін танымдық тұрғыдан ашып көрсетуінен байқауға болады.
Ә.Кекілбаев А.Байтұрсынұлының көпқырлы қасиеттері мен қабілеттеріне қарай энциклопедист-ғалым ретінде әл-Фарабилермен тең дәрежеде салыстырып, тіпті олардан биік қоя отырып, былай дәлелді тұжырым жасайды: «... А.Байтұрсынұлы ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға. Бәлкім, біреулерге бұл орынсыз тамсану боп көрінер. Оған дейін де бұл далада Фараби, Йассауи, Қорқыт, Асан Қайғы, Ыбырай, Шоқан, Абайлар да өтті ғой десер. Ол - рас. Бірақ Ахмет Байтұрсынов оларға ұқсайды да, ұқсамайды да. Ұқсайтыны: ол да аталмыш алыптар сияқты, ұлттық дамуымыздың үрдісі мен қарқыны қалған дүниедегі даму үрдісі мен қарқынына сәйкес келмей кенде қалып, көрер көзге тығырыққа тірелген халқына адастырмас жоліздеді. Ұқсамайтыны: Ахмет Байтұрсынов ондай жол Қорқыт пен Асанқайғыдай үйреншікті үрдісті аман сақтап қалатындай жаңа қоныс іздеумен табылады дептүсінбеді; Фараби мен Йассауидей өз тұсындағы кең жайылған антикалық немесе исламдық дүниетанымға уақытылы көшу арқылы барлық мәселені шешугеболады деп ұқпады Абай, Шоқан, Ыбырайлардай теңдікке жетудің жолында тек ағартушылықпен шектелгісі келмеді. Оның үстіне, бұлардың ешқайсысын да Ақымет Байтұрсыновтың рухани қалыптасуына тікелей әсеретті деу тым асыра айтқандық болар еді. Ол кезде жұрттың көбі Фараби мен Йассауидің заты түгілі, атына қанық емес еді»[3,85-86].
Әбіш Кекілбаевтың Ақыметке қатысты айтылған ең тұжырымды, ғылыми пікірлерінің бір ретінде 125 жылдық мерейтойындағы баяндамасын келтіруге болады. Онда ол: «Иә, Ахмет Байтұрсынов – ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершегін бір өзі айналдырып көріп, мігірсіз қозғалысқа қосып берген, ертегінің ерлеріндей ерен тұлған. Туған халқының рухани жаңғыруның сырын тап ондай біліп, сол жолда қалтықсыз еңбек етіп, мәңгі ескірмейтін ағыл-тегіл мол үлес қоса алған қайраткер қазақ топырағында оған дейін де, одан кейін де болған емес[3, 90].
А.Байтұрсынұлының қандай тұлға екендігіне қатысты Ә.Кекілбайұлы аталмыш мақалада: «Ол – кескекті кезеңде келелі істер тындырған кемел ер. Кемеңгер... Сондықтан, қалыс қауымды алысқа озып кеткен өркениет көшіне жетелеп апарып іліктіруге тəуекел ету үшін елден ерек ержүректік керек еді. Біз сөз еткелі отырған адам да сондай сирек сүлейлердің сойынан-тұғын. Оның азаматтық тағдырының қаншалықты арасат қиындықтарға толы болғанын аңғару үшін ұлттық тарихпен шектелмей, ғалами тарихқа көз жүгіртуге тура келеді» [3, 82 б.].
А.Байтұрсынұлының жоғарыда аталғандай үлкен ғалым болуына не әсер еткендігі, өзге ұлы тұлғалардан не айырмашылығы бар екендігін, не үшін ұлт ұстазы атанғаны жөнінде Ә.Кекілбайұлы мынадай тұжырымдар жасайды: «Алайда, бұдан Ахмет Байтұрсынов алдыңғылар салған соқпақты қайта шиырлап шықты деген қорытынды тумаса керек. Ол – ешқандай атланттардың иығына шықпай-ақ, бұрынғылардың көздеріне іліге қоймаған соны көкжиектерге көз жеткізе білген, көрген. Ол, бар болғаны алты-ақ жыл оқыпты. Екі жылын Торғайда, төрт жылын Орынборда оқыпты. Екеуінде де өз заманының интеллектілік өрісін толық таныта алған ордалы оқу орнын, өнегелі ұстаздар ортасын көре алмапты. ...Ендеше, Ахмет Байтұрсыновтың ендігі тағдыры қыл үстінде тұрған халқының қамын ойлап, жанкешті жолға түсу мен азаматтық кемелділіктің мұншама шырқау биігіне көтерілуінің сырын тек тумысынан ерек қабілет пен абзал жүрекке ие азаматтың айрықша ыждаһаты мен мігірсіз ізденістерінен іздегеніміз орынды. Ол бір басының тəуекелімен бүкіл бір ұлттың тəуекелінің түгел оянуына түрткі болды. Бір өлеңінде ол: «Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, бітпейтін жүрегімде бар бір жарам, алданып жегеніме оны ұмытсам, болғандай жегенімнің бəрі харам» [3, 86 б.], – деп жазды».
А.Байтұрсынұлының ұлтқа қызмет етуіндегі феноменалды жетістіктерге жетуін Әбіш Кекілбаев қазаққа тән бір ғана ұлттық құндылық төңірегінде былай айқындайды: «Сол бір найзадай түйрелген намыс сөзі көкірегіне мəңгібақи қадалып қапты. Оқуға аттандырған да намыс. Оған қанағаттандырмаған да намыс. Елің теңелмей тұрып, өзің теңелмейтініңді ұқтырған да намыс. Жат оқудың жады пиғылын аңғартқан да намыс. Көршілес екі халықтың мəдениеттері үзбей байланыста болуы нəтижесінде əлсіз əлдісінің ықпалына жығылып, бастапқы айырмашылықтарының бəрінен айырылып, ақыр соңында бір ұлтқа айналады дейтін қисын бел алып кетпей тұрғанда, апаттың алдын алу жолында аласұртқан да намыс. Əрі мəдениетке жетілу, əрі өз қалпынан айырылып, өзге болып кетпеу сияқты аса шытырман мəселенің төңірегінде ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгірткен де намыс».
Қорытындылай келе, біз ұлты үшін аянбай еңбек етіп, елінің ертеңіне сене білген, оны көре білген ұстаз бен шәкірт, ата мен бала секілді сабақтастықта өзара рухтас, мүдделес болған Ақымет пен Әбіштің абыздық жолындағы ерекшеліктерді, ұқсастықтарды байқаймыз. Біз Әбіштің ұлт руханиятындағы орны мен қызметін оның Ақыметке арнаған зерттеулері мен пікірлерін, жалпы ақыметтануға қосқан үлесі негізінде анықтауды мақсат тұттық. Сондай-ақ біз Әбіштің Ақыметті ұлт ұстазы етіп белгілеуі, еңбектері мен тұлғалық ұстанымдарын, құндылықтарын үлгі етуі, тарихтағы орнын, негізгі миссиясы мен рухани тінін айқындап беруі оның ұлт қызметіндегі ең құнды істерінің бірі деп түсінеміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. [Қапалбек Б. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02j9 ZUXRfEZUbuLGK2LfZWW3ERdTSurc43bAJV4v7nt1U8c9Rt1QPQBcjKK5SR7Mmbl&id=100012706335108&sfnsn=mo.
2. Байтұрсынұлы А. Баулу мектебі // https://tilalemi.kz/article/2963-.html].
3. Кекілбаев Ә. Ұлт ұстазы // Ұлттық рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы (қазақ, орыс, ағылшын т.б. тілдерде). – Алматы: Ғылым, 1999. – 568 б.
4
5
6
Достарыңызбен бөлісу: |