Қызылорда қаласы 22наурыз- Ұлыстың Ұлы Күні мерекесіне орай ұйымдастырылған


Әжелер ансамбілі мен Бақытжанның ӘНІ



бет3/5
Дата19.09.2023
өлшемі73,26 Kb.
#108735
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Әжелер ансамбілі мен Бақытжанның ӘНІ «Ойжайлау»
І жүргізуші :Наурыз – жеті дәмнен Наурыз көже жасап, адамдардың бәріне дәм татқызып, дастархан басына біріктіретін ынтымақ-бірлік мерекесі!
ІІ жүргізуші: Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән мен күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл мерекесі!
І жүргізуші: Ал енді, осындай керемет наурыз мерекесімен құттықтау сөз колледжіміздің директоры , физика-математика ғылымдарының докторы, Абдикаримов Бахытхан Жүнайдұлына беріледі!


І жүргізуші :Наурыз мерекесінде қанша әдемі тілек,ізгі лебіз айтсақ та артықтық етпесі абзал.Ендеше бүгінгі мерекелік кештің марапатауларына кезек берсек.


Марапаттаулар:


ӘН: __________________________________________________________________
І жүргізуші: Салтымен ата – бабамның
Жаңғырды қайта заманым.
Жаңа жыл басы – бұл Наурыз
Қайырлы болсын қадамың!
ІІ жүргізуші: Мырзабек, осы сен Қыдыр түні не екенін білесің бе?
І жүргізуші: Әрине, Жанар. Наурыздың 21 түні даланы Қыдыр ата аралайды екен. Сол себептен осы түн «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр ата әр шаңырақтың табалдырығын аттап, әр отбасына береке-бірлік, таусылмас ырыс, денсаулық тілейді.
ІІ жүргізуші: Иә, қазақ елі Қыдыр түні Жаңа Жыл табалдырық аттап, үйге енгенде «жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жаққан. Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқау, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі мүліктің шаңын қағып, жуып, тазартқан. Жыл бойы ақ мол болсын, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын деп Қыдыр түні ыдыс атаулыны ырысқа – бидай мен күрішке, аққа – сүт, шұбат, қаймаққа, кәусәр бұлақ суына толтырған.
І жүргізуші: Қазаны ортаймаған,халқы қаймықпаған қазақ елінің қасиетінен айналайын.  Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Сол дәстүрлердің мазмұны мен тәрбиелік мәні зор. Сол ұлттық болмысымызға тән салт-дәстүрлерден үзінді көрсету және оны үйрену, есте сақтау мақсатында бүгінгі мерекелік кешіміздің жалғасын дәстүрлерімізге берсек.
ІІ жүргізуші:Қазақ халқы – салт- дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Әдет-ғұрып қазақ халқының мызғымас заңы. Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол.
І жүргізуші: Соның айғағы ретінде қыз баланың бойжетіп оң босағаны аттау уақыты жеткенге дейінгі салт-дәстүрден үзінділер келтіреміз. «Қыз айттыру» дәстүрінен «Қыз ұзату»-ға дейінгі дәстүрлерден шағын көріністер көрсетеміз. Осы соңғы кезде ұмыт болып бара жатқан озық салт- дәстүрлемізді қайта жаңғыртсақ нұр үстіне нұр болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет