Қызылорда қаласы 22наурыз- Ұлыстың Ұлы Күні мерекесіне орай ұйымдастырылған



бет5/5
Дата19.09.2023
өлшемі73,26 Kb.
#108735
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
І жүргізуші: : Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған
ІІ жүргізуші: Қазақ халқында балаға қатысты наным-сенімдер өте көп. Қазақтар балаға, әсіресе бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген халық. Жалпы бала дүниеге келгеннен бастап, есейген шағына дейін 20 шақты әдет-ғұрып жасалады. Қазақ халқы секілді баланы ерекше қадірлеп, көңіл бөлетін халық жоқ десек те артық болмас. Біздің халық сәби дүниеге келгенде Шілдехана жасау, 40 күн толғанда Қырқынан шығару, ат қою, бесікке бөлеу және тұсау кесу секілді ғұрыптарды әлі күнге орындап келеді.
І жүргізуші: Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.
ІІ жүргізуші:Ырымшыл қазақ тұсауы кесілмеген бала сүріншек, болашақта жығылғыш болады деп пайымдайды. Ал тұсауы кесілген бала біреудің ала жібін аттамайтын адал, жолы ашық азамат болады деп санаған. Сондықтан, қаз тұрып, тәй-тәй басып келе жатқан баланың тұсауын кесу бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан ескі дәстүр. Тіпті, бұл күнге орай кішігім думанды той жасалады.
І жүргізуші:Ендігі кезекті ____________________________________________________
бөлімшесінің дайындаған «Тұсау кесер» дәстүріне берсек.
«Тұсау кесер»
І жүргізуші: «Алаш! Алаш!» деп айбатын асырған ер қазақ,
«Абылайлап» ел шақырған өр қазақ,
«Қара қазан, сары баланың қамы үшін» деп ұран салған нар қазақтың тарихта табан тірер бұдыры, тереңге тартқан түбірі, тамыры бар ұлт, шежірелі халық екенімізді білдіретін айғақты мейрамы - наурыз!
ІІ жүргізуші: Сәулесіндей көріндің таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің.
І жүргізуші: Молшылық пен тыныштық боп жерімізде
Бейбітшілік нық болсын елімізде.
Достықпенен жайнай берсін отанымыз
Желбіресін қазақ туы көгімізде!
ІІ жүргізуші: Жиналған құрметті қауым! Келесі Наурызда да төрт көз түгел, уайым-қайғысыз, амандықпен кездесейік. Бас аман, бауыр бүтін болсын!
Мерекелік кешіміздің жалғасын Наурыз дастарханының басында жалғастыруға шақырамыз!
Бірге: Қош,сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет