Қызылорда қаласы 22наурыз- Ұлыстың Ұлы Күні мерекесіне орай ұйымдастырылған



бет2/5
Дата19.09.2023
өлшемі73,26 Kb.
#108735
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Бірге: қош келдіңіздер!


Арнау:


І жүргізуші: Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңеліп, жер арқасы кеңіп, жан-жануарлар, өсімдіктер, күллі тіршілік әлемі жаңарып, қайта түлейтін табиғат мерекесі!


ІІ жүргізуші:Наурыз – адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман алып қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын шаруа мерекесі!
І жүргізуші: Қуаныш бақ тілеп еліме
Мереке құт тілеп жеріме
Әлемді аралап шарқ ұрып
Келдіңдер ме ,
Кезектесе: Қыдыр ата, Күн Ана, Наурыз- көктем төріме
ҚЫДЫР АТА
Армасың, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Аман сақтап төл басын,
Еккен егін солмасын,
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Бостандықтың ордасын
Періштелер қорғасын.
Бесіктегі бөпеңнің
Бақайшығы тоңбасын.
Ұлыс күні ұл мен қыз
Тайпалдырсын жорғасын.
Көл жиналып тамшыдан
Теңіз толсын қансыған.
Атамекен тазарып
Асыға түссін алшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі-бақи жаппасын.
Пәле-жала қазақты
Іздесе де таппасын!
Күн Ана: Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата! Халыққа дәулет дарып, бақ
қонса, сіздің шапағатыңыз деп білеміз.
Қыдыр ата: Қош келдің, Күн Ана!
Күн Ана: – О, қасиетті Қыдыр ата! Адамзат үшін саған басымды иемін. Мен сенің табиғат байлығыңа енетін тау-тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адамдарыңа дейін қуаныш-нұрын сеуіп, әр жүрекке шат-күлкі сыйлап, сіз үшін өзімнің гүл көктемімді, Ару көктемімді –Наурызды шақырғалы тұрмын.
Зарыға күткен. Жаңа жылым да келді-ау!
Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым, есірке, 
Ұрпағымды аман ет!
Жамандық әрі кет, әрі кет! (алыстайды)
Наурыз –көктем келе ғой!
Наурыз:
Сәлем Бабам,Күн анам!
Нұр шуағы халқымның
Ашық болсын аспаның,
Аман болсын жас-нәрің!
О, халайық! Жараңдар!
Қане, бері қараңдар!
Жер әлемді жайнатқан
Наурызыңмын,
Ерітіп жіберейін өзін мұздың.
Жылуымнан сескеніп тентек боран,
Өзімен ала кетер қыстың сызын.
Жан-жануар ойнақтап асыр салды,
Елге бірлік-береке ала келдім
Қуанышпен қарсы алған жаңа таңды.
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет