8 | 2 |
6 |
2) Ықтималдық теория негіздерін, ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремаларын білу.
|
1) Комбинаторика формулаларын, Ньютон биномын қолданып, ықтималдықтарды табады;
2) Ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептейді.
|
3) Дискретті кездейсоқ шамаларға есептер шығару.
|
1) Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелерін түсіндіреді;
2) Кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіреді.
3) Теория мен практикада пайда болған есептерді шешуде дискретті кездейсоқ шама ұғымын қолданады.
|
4) Дискретті, үздіксіз кездейсоқ шама ұғымдарын білу.
|
1) Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамаларды салыстырады;
2) Дискертті кездейсоқ шаманың үлестірімінің түрлерін: биномдық, геометриялық, гипергеометриялық түрлерін ажыратады.
3)Кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құрады.
|
5) Жүйелі түрде іріктеу жолымен және көбейту ережелерін қолдану арқылы комбинаторлық есептерді шешу.
|
1) Бернулли схемасын қолдану шартын және Байес формуласын атайды;
2) Бернулли формуласы мен оның салдарларын есептер шығаруда қолданады.
|
6) Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі, дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуы арасындағы өзара байланысты білу.
|
1) Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептейді;
2) Дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептейді.
|
7) Таңдама бойынша кездейсоқ шамаларды сипаттау.
|
1) Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын қолдану арқылы есептер шығарады;
2) Таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалайды.
|
|