Қызықты есептер


Уақыт,жылдамдық,жол. Кері үлесті шамалар



бет19/44
Дата02.12.2023
өлшемі320,58 Kb.
#132519
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
Қызықты есептер-emirsaba.org

3.Уақыт,жылдамдық,жол. Кері үлесті шамалар


1.Екі қаладан бір мезгілде бір- біріне қарсы шыққан екі машина 3 сағаттан кейін жолықты. Екі қала аралығы 360км. Бір машинаның жылдамдығы 65км/сағ.Екінші машинаның жылдамдығы қандай?

2. Екі қаладан бір мезгілде бір- біріне қарсы шыққан екі машина 3 сағаттан кейін жолықты.Екі қала аралығын бір машина 5 сағатта жүріп өтетін. Онда екінші машинаекі қала арасын неше сағатта жүріп өтеді?

3. Егер маман жұмысшы сағатына күндік жоспарының 0,13 бөлігін орындаса, ал оның шәкірті сағатына 0,07 бөлігін орындады.Егер екеуі бірігіп істейтін болса, күндік жоспарды неше сағатта орындайды?


4. Екі қаланың арасы 330км. Екі қаладан бір мезгілде қарама–қарсы екі машина шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Егер кездескен сәтте бір машина екінші машинадан 30км артық тжүріп өткен болса, машиналардың жылдамдықтары қандай?


5.Бір бағытта қозғалған екі машинаның аралығы 400м. Алдыңғы машинаның жылдамдығы 15м/с, ал артындағы машинаның жылдамдығы 20м/с. Соңғы машина алдыңғыны қашан қуып жетеді?

6. Екі велосипедші ұзындығы 400м тұйық жолмен жаттығып жүр. Біріншінің жылдамдығы 15м/с, екіншісінің жылдамдығы 13м/с . Олар бір бағытта бір мезгілде жүріп кетсе, қанша уақыттан кейін тағы қатарласады?

7. Бір бағытта қозғалған екі машинаның аралығы 300м. Артқы машина 20м/с жылдамдықпен жүріп отырып, 4км жүргеннен кейін алдыңғыны қуып жетті. Алдыңғы машинаның жылдамдығы қандай?

8. Ақмоладан Қарағандыға шыққан машина бір сағатта жолдың 6/19 бөлігін жүрді.Машина екі қала аралығын неше сағатта жүріп өтеді?

9. Бір бригада жұмысты 30 күнде орындайды. Екінші бригада сол жұмысты 20 күнде бітіреді. Екі бригада бірігіп істесе жұмысты неше күнде бітіреді?

10.Бір адам жұмысты 20 күнде орындап бітіреді. Ал бригадамен қосылып істесе оған 4-ақ күн қажет. Бригада жұмысты неше күнде бітіреді?

11.Қуаттары әр түрлі екі трактор жерді бірігіп жыртса, жұмысты 8 сағатта бітірер еді. Бір трактор ол жерді 24 сағатта жыртатын болса, екінші трактор ол жерді неше сағатта жыртып болар еді?

12. Су қоймасын бірінші құбыр 24 сағатта, екінші құбыр 30 сағатта, үшінші құбыр 20 сағатта толтырар еді. Үшеуі бір мезгілде су толтыра бастаса, қойма неше бриолады және әр құбыр қойманың қандай бөлігін толтырады?

13. Белгілі бір жұмысты бірінші бригада 30 күнде, екінші бригада 24 күнде, ал үшінші бригада 20 күнде бітірген болар еді. Жұмыс 1260000 теңгеге бағаланса, сол жұмысты үш бригада бірігіп орындаса, әр бригада қанша ақша алу керек?

14.Екі қала аралығын жеңіл машина 2 сағатта , ал жүк машинасы 3 сағатта жүріп өтеді. Екеуі бір мезгілде бір-біріне қарсы шықса,неше сағаттан кейін кездеседі және әр қайсысы жолдың қандай бөлігін жүріп өтеді?

15.Екі қала аралығын бір машина 6 сағатта, екінші машина 9 сағатта жүріп өтер еді. Екі машина бір мезгілде бір- біріне қарама-қарсы шықса, неше сағаттан кейін кездеседі?Екі қала аралығы 550км болса, әр машина неше км жол жүреді?

16А мен В пунктерінің аралығы 42м. Осы екі пункттен бір мезгілде қарама – қарсы шыққан екі бала АВ аралығын тұрақты жылдамдықпен ерсілі-қарсылы жүреді де тұрады. Бірінші баланың жылдамдығы 1,2 м/с, екінші баланың жылдамдығы 1,8 м/с болса, олар бірінше,екінші, үшінші рет қандай уақыт аралығында кездесіп тұрады?

17.Алдыңғы (16) есепті: балалардың жылдамдықтары 1 м/с және 5 м/с деп алып, қайта шығарыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет