Қызықты химия есептері



бет10/28
Дата02.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#131654
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
Расчетные задачи Қызықты химия есептер (10 класс)

15 есептің шешуі:

  1. Газдардың жалпы моль саны: 1,792 : 22,4 = 0,08 (моль) тең болады.

  2. Q1 анықтау үшін жай заттардан CO және CO2 түзілу теңдеуіне, алгебралық қосулар жүргізіп, толық теңдеу аламыз: CO + ½ O2а = CO2 + Q1.

3. Q1: Q1 = 395,5 – 100,5 = 283 (кДж/моль) табамыз.

  1. Реакция теңдеуіне байланысты:

CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O + Q2
аламыз: Q2 = 393,5 + 241,82 – 74,8 = 802,3 (кДж/моль).

  1. Егер метан молін «х» арқылы өрнектесек, онда көміртек (ІІ) оксидін «у» деп өрнектейміз, онда жанған кезде сәйкесінше 802,3х және 283,0у кДж жылу бөлінеді. Онда жалпы бөлінетін жылу мөлшері: 802,3х + 283,0у = 13,683 тең болады.

  2. Сутекті қосқан сайын жылудың мөлшері ұлғайып отырады, онда бастапқы қоспаның ішінде артық мөлшерде оттек болғанын білдіреді. Реакция теңдеуі бойынша:

2H2 + O2 = 2H2O + 483?6 кДж
осыдан, бастапқы қоспадағы оттектің артық мөлшері мынаны құрайды:
9,672 : 483,6 = 0,02 (моль).

  1. Онда 0,06 моль (0,08 – 0,02) стехиометриялық қоспаға 13,683 кДж сәйкес келеді, метан газын жаққан кезде: (CH4 + 2O2) – 3х моль, ал көміртек (ІІ) оксидін жаққан кезде: (CO + 1/2O2) – 1,5у моль болады.

  2. Осыдан теңдеулер жүйесін аламыз:

3x +1,5y = 0,06
802,3x + 283y = 13,683
Осы жүйені шеше отырып, х = 0,01; у = 0,02 табамыз.
Осыған байланысты, қоспада: 0,01 моль CH4 немесе 0,224 л; 0,02 моль CO немесе 0,448 л және 1,12 л O2 бар екенін анықтаймыз.
16-есеп. Колбада концентрленген күкірт қышқылының артық мөлшерімен өңделген 0,18 г жай жақты. Реакция нәтижесінде түзілген газ тәрізді заттарды ізбес суы арқылы өткізген кезде 5,1 г тұнба түзілді. Белгісіз А жай затын анықтаңдар. Жауаптарыңды сәйкес есептеулермен реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет