«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Неге намаз оқуымыз керек?



Pdf көрінісі
бет121/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Неге намаз оқуымыз керек? 
Ӛйткені, намаз кәлима-и шахадаттан кейінгі Исламның ең үлкен діңгегі. 
Тәуһидтен кейінгі діннің ең маңызды негізі. Ол - пайғамбарымыздың (саллаллаһу 
алейхи уәссәлләм) соңғы ӛсиеті және ұсынысы. Мүмін адам ақыретте ең алдымен 
намазынан есепке тартылады.
Намаз - Аллаһтың бұйырған ең қайырлы амалы. Адамды Аллаһқа жақындатады. 
Намаз арқылы мүмін Аллаһтың ӛзіне берген нығметтеріне шүкіршілік еткен болады. 
Намаз мүмінді күнәлардан қорғайды. Сондай-ақ, күнәлардың кешірілуіне себепші 
болады. Адамды қабір азабынан құтқарады.
Қорыта айтқанда, намаз - бұ дүниеде де, ақыретте де кӛмек алудың, жетістікке 
жетудің, байсалдылық пен амандықтың себебі. Сол себептен мүмін қандай шартта 
болса да намазын тәр етпеуі керек. 
Намаз-иман-Ислам қатынасы 
Иман мен намазды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Иман мен намаз бір 
құрсақтан шыққан, егіз ұғымдар. Иман діннің және діни ӛмірдің теориялық жағын 
құрайды, сол теориялық жақтың нығайтылуы болса намаздан бастап басқа ғибадаттар 
арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты намазды практикалық иман, ал иманды 
теориялық намаз деуге болады. Дінді тек ішкі қабылдаудан тұрады деп санайтындар 
және ғибадатты орындамағандар мамандықтарын дін категориясы ішінде деп 
қарастыра тұра байқамастан шіркке кіргендерін аңғармаған. 
Иә, діннің тірегі - намаз. Намаз мүміннің күнде кем дегенде бес рет ішіне түсіп 
тазаланатын, шексіздікке қарай ағатын бір тәубе бұлағы және тазаланатын ыдысы. Ол - 
соғыс алаңында шайқас қызған ең қауіпті сәттерде де орындалуы керек ӛте маңызды 
міндет, сенімді пана, маңызды жақындық себебі және қысқа бір кездесу жолы.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) бір хадисінде: «Бір адам мен 
шірк және күпірлік арасындағы ең маңызды себеп - намаздың тасталуы» деп иман мен 
намаз арасындағы тығыз байланысты кӛрсетіп ӛткен. Иман мен намаз арасында тікелей 
бір айналым бар. Құл намаз оқыған сайын иманы күшейе түседі, иманы күшейген 
сайын намазға деген құштарлығы арта түседі.
256
Б
ұ
хари, Мевакитус Салат, 15 
257
М
ү
снед, 6\421 
258
М
ү
снед, 2\169 
259
Желалуддин 
Ә
с Суюти, С
ү
нени Несаи Шерхи, 1\231-233 


114 
Қазіргі кезде бұл мәселені аяқ асты еткен бірқатар адамдар «Жүрегім таза және 
Аллаһқа сенемін» дейді. Алайда, тек жүрек тазалығы түсінігінің оларға ешқандай пайда 
бермейтінін айқын. Басқаша айтқанда иман мешіт жолымен нығайтылады. Намаз 
оқумен күшейтіледі. Иман ораза тұтумен нығайтылады. Иман сараңдықты шығаруға 
себеп болатын жолдарға кіру арқылы нығайтылады. Иман бірқатар қиындықтарға 
шыдау арқылы, қажылыққа бару арқылы нығайтылады. Қаншалықты Ислам негіздері 
бар болса бұлар иманның оң жағынан, сол жағынан, алдынан, артынан, астынан қолдау 
сипатында оны нығайта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет