«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық



Pdf көрінісі
бет125/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127
Байланысты:
Шынайы адам

Ҧлтты сҥю 
Фетхуллаһ Гүлен Хожаефенди ұлтымызды не үшін сүю керек екенімізді былай 
түсіндіреді:
«Әуелі мына нәрсені айтып ӛтейік, мен ұлтымды рухани күшіне байланысты 
сүйемін. Әйтпесе басқа да ұлттар секілді ішінде ақиқат, құқық және адамдық 
тұрғысынан жалған, лас саналатын адамдар болуы мүмкін. Алайда, жалпы мағына және 
рух түбірімен тығыз байланыста болған ұлтымызды назарға алғанымызда бұл 
адамдардың аз болып қалатыны айқын. 
Хадис деп айтылатын бір әдемі сӛзде «Отанды сүю иманнан»
266
делінеді. Бұл 
сӛзді біз «ұлтты сүю иманнан» деп те айта аламыз. Ғасырлар бойы дініміз Исламның 
туын ұстанған қадірлі ұлтымыз ӛткен ғасырларда кӛп рет адамзат тарихының жүрісін 
ӛзгертіп, адамзат баласына кӛп қызметтер жасаған. Біз ұлтымызды осыған байланысты 
мақтанышпен сүйеміз. 
Күмәнсіз, ұлтымыз кӛптеген табысты істер атқарған. Негізінде табыс деген кезде 
қазіргі кезде жалпы позитивті дамулар мен технологиялық жетістіктер ойға түседі. 
Алайда, тек ғылым мен технология адамзат баласының проблемаларын шешу және 
оның бақыты мен жан тыныштығын қамтамасыз ету тұрғысынан жеткілікті емес. Тіпті, 
ахлақ пен ізгіліктен мақұрым, қоғамдық жауапкершіліктен жұрдай ғылыми жаңалықтар 
мен технологиялық жетістіктердің менменшіл және пайдакүнем адамдардың қолында 
адамзат баласы үшін бір апатқа айналатыны айқын ақиқат. Сол себептен біздің 
«ұлтымыз табысты істер атқарған» дегендегі мақсатымыз ата-бабамыздың бүкіл 
адамзат баласына адамгершілік және ахлақтық құндылықтар сіңіруі, сол тамаша 
басқару қабілеті мен саясаты тұрғысынан айналасына әділдікті таратуы. Міне, біз 
ұлтымызға осы жақтарына байланысты кӛңіл бӛліп, сүйеміз.
Бірақ, бұл сүйіспеншіліктің ӛткен тарихта қалған адамдарға бір пайдасының тиіп 
тимейтінін де білмеймін. Бәлкім, осы жақсылықтарын еске түсіру оларды жақсы 
жағынан еске алуға себеп болар. «Ата-бабаларымызға Аллаһ рақым етсін! Олар бізге 
жақсы бір Түркия қалдырған. Алайда, оның бетін біз кірлеттік, ендігі біздің міндетіміз 
оны қайтадан нұрландыру» дейміз. Негізінде осындай мықты рухани тамыры бар 
дамыған ұлтымызды жақсы кӛретінімізді айтатын болсақ онда ол үшін жасалуы керек 
міндеттерді атқаруымыз керек. Міне, біз үшін негізгі мәселе де осында.
Мысалы, ұлтымыздың бір кездері мемлекеттер теңдігінде атқарған тарихи 
миссиясын ең болмаса ӛз аймағында қайтадан орындауы, тіпті дүниеде маңызды бір 
теңдік элементіне айналуы біз үшін ӛте маңызды. Ӛйткені, оның рухында ата-
бабаларынан мирас болып қалған әділет түсінігі, бағыт түсінігі және шапағат идеясы 
бар. Әрі сол аймақ халқының, әрі ӛз адамдарымыздың жан тыныштығы үшін мұның 
қажет екені айқын. Сол себептен ұлтымыздың құндылықтарымен тағы да бір рет бой 
тіктеп, жандануын, ӛз рухының мүсінін қайтадан тұрғызғанын қатты қалаймыз. 
Меніңше ішіміздегі сүйіспеншілік осы бағытта кӛрініс табуы керек. Рабиатул Адевие 
сүйіспеншіліктің ақиқатын түсіндіргенде былай дейді: 
«Аллаһқа қарсы келіп, сосын сүйемін дейсің. Ант етейін, жасалған істердің 
арасында дәл осы секілді ақылға қонбайтын нәрсе жоқ. Егер махаббатыңда адал болсаң 
Оған мойынсұнар едің, ӛйткені сүюші сүйгеніне мойынсұнады»
267

Осындай түсінікті Ұстаз хазретлерінің расулуллаһқа (саллаллаһу алейхи 
уәссәлләм) мойынсұну мәселесіндегі кӛзқарасынан кӛреміз. Ол - мүмкіндік болса 
265
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, 
Ӛ
рнеклери кендинден бир харекет, 94 
266
Ә
с Са
ғ
ани, 
Ә
л Мевзуат 53; 
Ә
с Сехави, 
Ә
л Макасидул Хасене, 297 
267
Ибн Асакир, Тари
қ
у Димашк, 69\118; Алиулкари, Миркатул Мефатих 9\214 


118 
сүйген сол Затқа түріміз, сӛйлеу мәнеріміз, тіпті дауысымыз арқылы ұқсауға 
тырысамыз, Сол сияқты киініп, сӛйлеп, жүру үшін күш саламыз деген сӛз.
Иә, Аллаһқа деген сүйіспеншілік мойынсұнумен, ал расулуллаһқа деген 
сүйіспеншілік Оның сүннетіне толығымен бағынумен кӛрініс табады. Енді Аллаһ пен 
расулын сүйетінін айтқан адам егер Аллаһ пен расулының хабарларын тӛрткүл дүниеге 
тарату, жариялау мәселесінде босаңсушылық танытса оның сӛзі ӛтірік деген сӛз. Дәл 
сол секілді ұлтын сүйетінін айтқан адам оның аяғын тік басып қайтадан тірілуі және 
рухының ескерткішін тұрғызуы бағытында бір әрекет жасамаса бұл сӛзімен ол да ӛтірік 
айтқан болып табылады.
Мәселенің қарастырылатын тағы бір жағы мынау: Ұлтын сүйетінін айтатын 
адам ұлтының құндылықтарын әлемге таныту және сол құндылықтардың адамзат үшін 
шынымен де қажет екеніне басқаларды сендіруге күш салуы керек. Әйтпесе, бұл ұлт 
ӛзіне сенуге болмайтын ұлт ретінде қабылданса есіктің сыртына лақтырылып, оның 
тарихтан мұраға алған құндылықтарын адамзат баласы пайдалана алмайды. Олай 
болса, бір жағынан ұлтымызды ӛз құндылықтарымен аяққа тұрғызған кезде екінші 
жағынан оны тарих бойында бар еткен құндылықтармен бірге бүкіл дүниеге түсіндіру 
керек.
Бір құмырсқа ӛз сезімдерімен бір мәрмәрдің ішінде бал бар екенін білсе ол 
мәселедегі құмарлығы, күші және сенімділігі арқылы сол мәрмәрдің айналасында 
жүріп, бір жолын тауып сол балға жетуге тырысады. Бұл жерде құмырсқа құдыққа 
түсіп, шығатын күші жоқ адам секілді «Біреу келіп жіп салсын, сол жіптен ұстап 
шығайын» деп ойламайды. Бар болса тырнақтарын, аяқтарын қолданады. Қолы 
шынжырмен байлаулы болса аузымен аяқтарын басатын бір жер жасайды. Қысқасы, 
түрлі жолдармен сол жерден міндетті түрде шығуға тырысады.
Ендігі біздің міндетіміз егер бір тура жолға Аллаһтың жақсылығымен апарып 
қойылсақ ол жолда алдымыздан мың түрлі кедергі шықса да ештеңеге қарамастан 
кедергілерді басып ӛтіп, Аллаһтың рұқсаты мен жомарттығымен жолымызды одан да 
шапшаңырақ жалғастыру. Меніңше шынайы ұлт сүйіспеншілігі деген осы.
Мұндай жағдайға жеткен адамның ұйқысы қашуы мүмкін, кейде үйінің жолын 
ұмытуы мүмкін, баласынан «Сенің атың кім еді?» деп сұрауы мүмкін. Ӛйткені, адам бір 
нәрсеге қатты берілсе басқа нәрселерге соншалықты мән бермей қояды. Иә, бір 
мәселеге бүкіл назарын аударған адам ӛте жақсы білетін мәселелерін де кейде ұмытуы 
мүмкін.
Негізгі мәселе ұлы бір идеяның, ұлы бір түсініктің сүңгуірі бола білу. Елу рет 
сүңгісек те қолымызға ештеңе түспесе «Бір гауһар тауып, бір маржан аралына жетуіміз 
мүмкін» деп қайтадан сүңгу, сосын тағы қайтадан... Әрине, сүңгудің тұншығу, шыға 
алмай қалу, зарарлы нәрселерге кезігу сияқты қауіптері де бар. Алайда, бір түсініктің 
сүңгуірі болу мәселесіне келетін болсақ ол нәтижеде міндетті түрде жақсылық әкеледі. 
Ақиқат жақсылық болса ықтималды қауіптерге байланысты тәрк етілмейді. Осыған 
орай Аллаһқа құлшылықтың хижрет секілді, сағыныш секілді, жапа шегу секілді 
ықтималды қиындықтары бар, бірақ оның алдында ақиқат жұмақ бар. Олар - ықтимал, 
ал жұмақ - ақиқат.
Хақ тағала былай бұйырады: «Аллаһ ақысына жұмақты беріп, мүміндерден 
жандары мен малдарын сатып алған» (Тәубе, 9\111). Жұмақ Оныкі болғаны секілді 
сенің малың, жаның, нәпсің, бала-шағаң да Соныкі. Бұлардың барлығы адамға аманат 
ретінде берілген. Аллаһ (жәллә жәләлуһ) бұл аятта (сӛзіміз дұрыс болса) жұмсақ бір 
саудаласумен «Менің саған берген аманаттарымды Маған қайтадан қайтар. Ол үшін 
саған мәңгілік жұмақ, мәңгілік бақыт беремін» дейді. 
Бұл жерде Аллаһ тікелей адаммен сӛйлесіп, «Сендер оны маған беріңдер, Мен 
сендерге мынаны берейін» деп, келісуді ұсынады.
Дәл сол секілді менің ойымша «Ұлтымды ӛте қатты жақсы кӛремін» деген сӛз 
оның жолында жанымен қоса бар нәрсесін беруге дайын болумен расталады. Ұлтын 


119 
сүйген адам отырғанда, тұрғанда, жатқанда және т.б. ӛмірдің барлық жағдайында соны 
ойлауы керек. Мысалы, бір адам түннің ортасында тұрып, бір пікір айту арқылы 
адамдарды ұлты үшін әрекетке түсіретін ӛлшемде осы мәселенің дертімен күйіп жанса 
меніңше ол адамда отаны мен ұлтына деген сүйіспеншілік бар деген сӛз. Қалғаны 
құрғақ сӛзден ары аса алмайды. 
Тарихта атқарған миссиялары тұрғысынан қарағанда осы ұлтымызға сенуіміз 
керек деп ойлаймын. Әрине, бұл Аллаһқа сену, Аллаһқа сүйену, Аллаһқа мойынсұну 
мағынасындағы бір сену емес. Ал, олай болса ұлтымызға не үшін сенуіміз керек? 
Ӛйткені, бұл қадірлі ұлт тарих бойында ешқашан ұзақ уақыт отарлауда болмаған, 
мұндай масқаралыққа бағынбаған. Бұл деген сӛз ол бұдан кейін де кері кетуге тӛзбейді, 
бағынбайды. Мысалы, Чанаккаледе адамдар қырылған, денелерін жаудың алдына 
тосқан, сол алып күшке ӛлімімен қарсы тұрған, алайда берілмеген. Ӛйткені, бір 
батыстықтың айтуы бойынша әр ұлттың қорғанудан үміті үзілген кезде бұл ұлттың 
шабуылы басталады. Шынында да солай. Ұлтымыз Ұлттық Қозғалыс арқылы 
шабуылшы күштерді басып, елді дұшпаннан тазартқан. Иә, ол ешқашан отарда ӛмір 
сүруге тӛзбеген. Меніңше міне осындай сипаттағы ұлтқа сену керек.
Сондай-ақ, мына мәселе де ешқашан ұмытылмауы керек, Ислам әлемінде 
бомбалауға Түркия секілді басқа ешқандай ел душар болмаған. Бомба осында 
жарылып, оның қасіретін де солар шеккен. Иә, нағыз әділетсіздікке біздің еліміз 
ұшыраған, бірақ осыған қарамастан ол ешқашан ӛлтірілмеген. Қараңыздар, әлі 
ұлтымыздың алдын кескілері келеді, бірақ ол басқа бір жандану жолын тауып, қайтадан 
тіріледі. 
Енді біртұтас ұлт ретінде осындай «ӛлімнен кейін тірілу» толқынысын, осындай 
тірілу кезеңін бастан кешіріп жатсақ меніңше бұл жерде ұжымдық сана мәселесіне 
айрықша тоқталуымыз қажет. Бұл процесте ұлттың мүшелері ретінде біздер бір-
бірімізге толық сеніп, бірге болып, бірге жұмыс істеп, бірге ой қалыптастырып, 
мәселелерімізді бірге шешуіміз керек. Алайда, негізінде сол ұжымдық сана мәселесі 
меніңше бір еріктің ӛнімі болуы керек, ақылға сүйеніп, осы мәселедегі күш-жігер мен 
жемістің арасындағы байланысты жақсы ұғынуымыз керек, сонда ол мәселенің 
жалғасы болады. Мәселе осындай мықты негіздерге құрылса қателесу де болмайды. 
Адам ақылы мен еркі арқылы ұжымдық сананы қалыптастыра білсе, яғни шақыруын 
ақылға, қисынға және ерікке сүйендіре алса ол білімге сүйенген болып, тұрақтылықты 
уәде етеді. Ал, тек салт-дәстүрлермен безенген ахлық пен мәдениет үлкен фактор 
алдында құлдырауы мүмкін. Алайда, ақыл, қисын және заңмен істің басы мен соңы 
арасындағы байланысты назарға ала отырып мәселені қарастыратын болсақ басылған 
қадамдар да ұзаққа барады. Бұл бір инвестициясын сауданың заңдары мен ережелеріне 
сай түрде жасаған саудагерге ұқсайды. Салған қаржысы оған қай кезде қайтады, қандай 
нәтижелер алынады, белгісіз. Тіпті, ештеңе алмау ықтималдығы да бар. Бірақ, күш 
салынатын болса Аллаһтың рұқсатымен ол еңбектің жемісін алады. Ӛйткені, есептер 
соған сай жоспарланған, соған қарай қаражат салынған.
Сол себептен менің ойымша бүкіл қоғам ретінде тірілуге бет алған мына 
күндерімізде ұжымдық сана да ақыл, қисын және заң және адам еркіне сүйендіріліп, 
барлық салада ортақ әрекет жасалуы керек. Сондай-ақ, ғылым саласындағы 
жаңалықтар қолданылып, ұлтымыздың жетілуі және Ислам дінін кӛтеру жолындағы 
әдіс-тәсілдер шапшаңдатылуы қажет. Міне, тек осындай ұжымдасқан түрде жүрген 
жолдарымыз алға басады, әрине бұл да отырып сӛйлесуге, кеңесуге және мидың жұмыс 
істетілуіне байланысты.
Қорыта айтқанда, ұлтын шынайы сүйген адам оның қайтадан ӛз 
құндылықтарымен тірілуі үшін әрдайым күш салуы керек және ұлттық-рухани 
құндылықтарды бүкіл әлемге таратуға тырысуы керек
268

268
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, Калб Ибреси, 107-113 


120 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет