«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Ең маңыздысы Хаққа адалдық



Pdf көрінісі
бет3/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Ең маңыздысы Хаққа адалдық 
Шемси Тебризи Аллаһ достарымен сұхбат ӛткізіп, сырлы нәрселер айтатын. 
Бірде ол былай дейді: «Егер бір адам ӛмірінде бір рет бізге Хақ жолында адалдық 
кӛрсетсе, сосын одан мың қиыншылық келсе де біз оның сол бір реттік адалдығына 
қараймыз, қиыншылығына қарамаймыз. Ӛйткені, негізгі нәрсе Хақ үшін жасалған 
адалдық. Ол адалдықтың қадірін білген адам қиыншылыққа қарамайды».
Аллаһ - адалдардың ең адалы. Оның жолындағы бір адалдық басқа барлық 
нәрседен артық.
Шемс бір адалдықты соншама қиыншылықтан артық санаса Аллаһ (жәллә 
жәләлуһ) Оның жолында, Ол үшін кӛрсетілген адалдыққа қаншалықты жауап 
қайтаратынын, ол арқылы қандай қателерді тазалайтынын кім беледі. Адам бір рет те 
болсын сол адалдықты шын ықыласымен жасаса жеткілікті. Нұрға бӛленген бір сәт 
мыңдаған сағаттық қараңғылықтан артық. Оның жемісі де айрықша
2

Пайғамбарымыздың адалдығы 
Пайғамбармыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) ӛте адал адам болған. Уәдесінде 
тұратын, берген сӛзінен ешқашан таймайтын, ӛзіне және қасындағы сахабаларына 
кӛмектескендерді ешқашан ұмытпайтын, достарын жиі іздеп барып, жағдайларын 
сұрайтын. 
Адалдық деген кезде есімізге ең әуелі Аллаһ расулы түседі. Ол мұсылмандарға 
да адал болуды насихаттайтын. Осыған қатысты бірнеше мысал беріп ӛтейік. 
Сахабалардан Абдуллаһ Бин Әбил Хамса айтады:
«Бірде пайғамбарымызбен бірге сауда жасауға шықтық. Оған «Күте тұр, қазір 
келемін» деп кетіп, бұл туралы ӛзім ұмытып кетіппін. Арадан үш күн ӛткен соң есіме 
түсіп барсам, ол сол жерде мені әлі күтіп тұр екен»
3

Бұдан пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) саудасында сенімді 
және уәдеге соншалықты берік екенін кӛреміз. Ол серігін күтумен шектелмей, оның 
басына бір жағдай туындады ма деп те уайымдаған.
Мутим Бин Адый (радиаллаһу анх) құрайыштардың бетке тұтар адамы болатын. 
Кезінде пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) Таиф сапарынан қалаға оралған 
кезде дұшпандары оны қалаға кіргізгісі келмейді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи 
уәссәлләм) Меккенің бірнеше алдыңғы қатарлы адамдарынан кӛмек сұрайды. Бірақ, 
2
Мехмет Акар, Месел Уфку, 165-б. 
3
Ибн Сад, Табакат, 7\50; Шибли, Асры саадет, 1\137 



ешкім қабылдамайды. Сонда тек Мутим ғана қабылдап, балаларын қаруландырып, 
пайғамбарымызды қалаға кіргізеді. 
Арада бірнеше жыл ӛтеді, Мутим Бәдір соғысында құрайыштармен бірге 
мұсылмандарға қарсы соғысып, ӛлтіріледі. Пайғамбарымыздың ақыны Хассан оның 
ӛлімінен кейін оған арнап ӛлең жазып, кезінде оның пайғамбарымызға қамқорлық 
танытқанын да атап ӛтеді.
Пайғамбарымыз ӛзіне танытылған осындай адалдыққа қатты қуанған болатын. 
Дұшпан тұтқындарына не жасау керектігі тартыс болып жатқанда пайғамбарымыздың 
айтқан мына сӛзі оның адалдығының қандай екенін кӛрсетіп береді: «Егер Мутим Бин 
Адый тірі болып менен тұтқындарды сұраса ақысын сұрамастан бәрін босатар едім». 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) серіктестеріне де адал болған. 
Худайбия келісімінде мұсылмандармен бірге келісімге қатысқан Хузаа қауымы 
құрайыштармен бірге келісімге кірген Бәни Бәкірдің шабуылына ұшырайды. 
Құрайыштар да осы шабуылды қолдаған болатын. Хузаа қауымының ӛкілдері 
жағдайды пайғамбарымызға (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) жеткізгенде Ол дереу 
құрайыштарға бір шарт қойып, әскер дайындайды. Бұл оқиға Меккенің алынуына себеп 
болып, тарихтан ӛз орнын алды. Осылайша, пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи 
уәссәлләм) шабуылға ұшыраған серіктесін жалғыз қалдырмай, оған кӛмек қолын 
созды
4
.
Пайғамбарымыз сахабаларына кӛмектескен адамдарға да адалдық танытатын. 
Бір күні Хабашстан билеушісінің елшілері пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи 
уәссәлләм) алдына барады. Пайғамбарымыз оларға ыжыл ықылас білдіреді. 
Кейбір сахабалар «Ей, Аллаһтың расулы! Біз қызметті ӛзіміз атқарамыз, сіз 
демалыңыз!» десе де пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) оларға: 
«Олар Хабашстанға кӛшіп барған сахабаларымды жылы қабылдап, құшақ жайып 
күтті. Енді мен де оларға қызмет еткім келеді» деп жауап береді. 
Мәдинаға келген тайпаларды пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) 
жақсылап күтіп алатын. Ӛзімен танысуға келген тайпа ӛкілдерін қонақ етіп күтіп, 
олармен жақын араласып, оларға арнайы мұғалімдер тағайындап, материалдық 
қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, жаңа киімдер алып беретін, сыйлықтар сыйлайтын, 
Ислам дініне қызығушылық танытып Мәдинаға келген бұл адамдарды ұмытылмастай 
адал кӛңілімен шығарып салатын
5
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет