«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Қасап Тахирді ӛлімнен қҧтқарған тәсбих



Pdf көрінісі
бет50/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Қасап Тахирді ӛлімнен қҧтқарған тәсбих 
Аяқ киім жасаушы шеберлерден ірі денелі, батыл бір адам Афион мен маңайын 
хараж тӛлеуге мәжбүр еткендіктен «Бәлелі Тахир» деп танылып, әйеліне шатысқан бір 
адамды ӛлтіргеннен кейін «Қасап Тахир» деп атала бастайды.
Аяқтары мен қолдарына шынжыр салынып, ӛлтіруге шешім шығарылған Тахир 
таза ауа жұтуға түрменің бақшасына шығарылған кезде де осы шынжырлармен жүріп, 
бір күні бақшада Ұстаз Бәдиуззаманға кездеседі.
Ұстаздың түрінен оның қасиетін аңғарған Қасап Тахир қуанып: 
-
Маған дұға етіңізші! Мені мына халден құтқарыңыз, - деп жалбарынады. 
Сонда Ұстаз: 
-
Бұл саған тағылған нәрселер сенің қылмысыңның шынжырлары емес. Сенің 
тәсбихің бұлар!... Сен намаз баста, тәсбихіңді айт, мен де дұға етемін, 
иншаллаһ босатыласың,- дейді. 
Сол сәттен бастап Аллаһ досының кӛңіл толқынынан әсерленген Тахир 
материалдық және рухани тұрғыдан тазарып, намаз оқуды бастайды. Намаздың 
соңында ӛзін байлаған шынжырлардың әр алқасын санайды. Сӛйтсе, олардың саны дәл 
отыз үш екен. Сол сәттен бастап ол шынжырды тәсбих етіп қолдана бастайды Тахир.
Содан күндер, апталар, айлар ӛтіп, ұстаздың айтқан кереметі орындалып, Тахир 
1950 жылғы рақымшылықпен уақытынан бұрын босатылады
97
.
Жевшен деген не? 
95
Ә
бу Дауыт, Имаре, 20; Ахмет Бин Ханбел, М
ү
снед, 5\196 
96
М
ү
слим, Месажид, 144 
97
Ибрахим Рефик, Хаятын Ренклери, 145-б. 


45 
Раббымызды ең әдемі сӛздермен зікір етудің жолдарының бірі - жевшен оқу. 
Арабша сӛз болған жевшен сӛздікте «бір сауыт түрі, соғыс киімі» деген мағына береді. 
Негізінде жевшен Мұса Әл Казым, Жафер Әс Садык, Мұхаммед Әл Бакыр, 
Зейнелабидин, ХазіретХусейн және ХазіретАли жолымен пайғамбарымызға барып 
тірелетін және мазмұнында Хақ Тағаланың кӛптеген есімдері мен сипаттары кездесетін 
бір дұға кітабы болып табылады.
Риуаят бойынша пайғамбарымыздың кезеңінде болған соғыстардың бірінде (бір 
риуаятта Ухудта) соғыс қызып, үстіндегі сауыты ӛзін қатты қысып кеткен сәтте 
пайғамбарымыз қолын жайып, Аллаһқа дұға еткен, сонда кӛктің есіктері ашылып, 
Жәбірейіл келіп, «Ей, Мұхаммед! Раббың саған сәлем айтады және үстіңдегі сауытты 
шешіп, мына дұғаны оқуыңды сұрайды. Бұл дұға саған да, үмметіңе де сауыттан да 
мықты қауіпсіздік әкеледі» деген. 
Кейіннен жевшен шиит имамдары арқылы Аллаһ достарының қолына ӛтіп, сол 
кезден қазірге дейін кӛптеген Хақ достары жевшенді оқыған. Сүннит имамдары шиит 
қайнар-кӛзінен келгендіктен бұл мәселеге күмәнмен қарап, онша мән бермеген. Әхли 
сүннеттің бұл мәселедегі мұқияттылығы және шиит деректеріне деген мұқияттылығы 
осы қасиетті есімдердің сүннит әдебиеттерінде орын алуына кедергі болған.
Жевшен-и Кебир - әрқайсысы Аллаһтың есімдері мен сипаттарының онын 
қамтитын жүз бӛлімнен тұратын ұзын дұға. Әр бӛлімнің соңында «Субхәнәкә уә лә 
иләһә иллә әнтәл әмәнәл-әман халлиснә\әжирнә\ нәжжинә минән-нар» (Субхансың, иа 
Раббы! Сенен басқа иләһ жоқ! Амандық тілейміз Сенен, бізді тозақтан қорға!) деген сӛз 
қайталанады.
Осы жүз бӛлімнің жиырма бесінің басында «уә әсәлука биесмаик» деген сӛз бар 
және «иа, Аллаһ, иа Рахман, иа Рахим» деген Аллаһқа тән есімдерді қамтиды. Осындай 
сӛзбен басталған әр бӛлімнің арасында «Иа хайрал Гафирин» сӛзімен басталып, 
жалғасатын әртүрлі мінәжаттар түріндегі дұғалар орын алады. Осылайша, дұғаның 
барлығы Аллаһқа тән екі жүз елу есім мен жеті жүз елу сипат пен мінәжатты қамтыған 
болады. Барлық осы мінәжаттардың негізгі мақсаты дұғаның мазмұнынан және әр 
бӛлімнің соңында қайталанатын «әл аман әл аман халлисна минән-нар» сӛзінен 
байқалатынындай дүниелік апаттардан және ақырет азабынан құтқарылу болып 
табылады
98
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет