«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Шайтан жас адамның ғибадатын ықылассыз ету ҥшін нелер істейді?



Pdf көрінісі
бет60/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

 
Шайтан жас адамның ғибадатын ықылассыз ету ҥшін нелер істейді? 
Шайтан адамның ең үлкен жауы болып табылады. Оның мақсаты - жасаған іс-
амалдарымызды жоққа шығару үшін ойымызға әртүрлі күмәндер салу. Осындай 
күмәннің бірі «Риякерліктен қорқып, толық ықыласпен жасай алмаймын» деген ой. 
Осындай оймен ғибадаттарды тастау ең үлкен қателік болады. Шайтанның да қалағаны 
осы.
Шайтан адамға тек күмән ғана салмайды. Адамның іс-амалынан нені кеміте 
алса, сауабынан нені азайта алса ӛзінше оны пайда кӛреді. Мысалы, намаз оқығысы 
келген бір жас адам мен шайтан арасындағы күреске қарайық: 
Шайтан алдымен жас адамды ғибадаттан алыстатуға тырысады. Жас адам ӛзіне 
тұрақты болса, онда шайтан ғибадатты бастау жасын алға тарта бастайды. «Әлі жассың, 
біраз қыдыр, ӛмірдің дәмін тат, сосын бастайсың» дейді. 
Жас адам бұлардың бәріне сенбей, намаз оқуға бет бұрса, шайтан енді «Намаз 
дәретін қазір алма, азан енді ғана оқылды» дейді. Жас адам дәрет алса, «Әлі уақытың 


54 
бар, сосын оқисың, отыр, әңгімеңді бітір» деп сыбырлайды. Шайтанның ниеті мысалы 
намаздыгерді кеш оқытып, сүннетін тәрк еткізу. Осылайша, жас адам сүннет сауабынан 
құр қалады. Бұл да - шайтан үшін бір табыс.
Егер жас жігіт намазды бастаса енді оның ақыл-ойын маңызы жоқ нәрселермен 
алаңдата бастайды. Намазын тез-тез оқытып, осылайша намаздың шарттарымен 
оқылуына кедергі болады.
Ешнәрсеге қарамастан жас жігіт намазын ықыласпен оқыса шайтан соңғы 
айласын қолданады. Жігітті жан-жағына қаратып, «Мен сияқты ықыласпен намаз 
оқыған адам бар ма екен?» деп ойлауға шақырады, жігіттің риякерлікке кіруіне себеп 
болады. Осылайша, іс-амал босқа кетіп, сауап жоғалып, шайтан табысқа қол жеткізген 
болады.
Мұндай мысалдарды кӛптеп келтіруге болады. Бұл жерде мәселе шайтанның 
сыбырларына құлақ аспау, ғибадаттарымызды ықыласпен орындау болып табылады. 
Қайнарын Аллаһтан алған күш ешқашан да зиянға ұшырамайды. Алайда, араға 
бас пайдасы және риякерлік кірсе сол ниетімізге қарай қайтарымын аламыз. 
Шайтанның барлық деңгейдегі адамдар үшін құрған қақпандары, тұзақтары бар екенін 
ұмытпауымыз керек. Біз бұларды үйреніп, осы тұзақтарға түспеудің шараларын 
қабылдауымыз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет