«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Отыншы мен шайтанның ҧрысында кім жеңді?



Pdf көрінісі
бет59/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   127
Отыншы мен шайтанның ҧрысында кім жеңді? 
Отыншылықпен күнелтетін бір адам бар болатын. Аллаһқа деген құлшылық 
міндетін атқарып, ешкімнің ісіне араласпайтын. Осы кісі тұратын ауылдың жанында 
тағы бір ауыл бар еді. Олар тауда ӛздері қасиетті деп қабылдайтын бір ағашқа табынып, 
содан медет күтетін. Отыншы бір күні «Осылардың Аллаһ деп табынған ағаштарын 
шауып алып отын қылайын. Базарға апарып сатып, нанға ақша табармын, әрі бір 
қауымды Аллаһқа қарсы келуден құтқарған болайын» деп ойлапАллаһ ризалығы үшін 
ағашты шаппақ болады.
Тауға қарай бара жатқанда алдынан түрі басқаша лас адам шығып, қайда бара 
жатқанын сұрайды. Отыншы: 
-
Халықтың Аллаһ деп табынып, Аллаһқа қарсы келген ағашын шабуға бара 
жатырмын,- дейді. Әлгі адам отыншыға: 
-
Мен шайтанмын. Ол ағашты шабуыңа жол бермеймін,- дегенде отыншы 
шайтанға қатты ашуланады. Ӛлтіру үшін оған ұмтылып жерге құлатып, 
үстіне шығып алып қанжарын мойнына тақайды. Шайтан оған: 
-
Ей, адам! Сен мені ӛлтіре алмайсың. Аллаһ маған қияметке дейін рұқсат 
берген. Екеуміз келісейік, сен ол ағашты шаппа. Мен саған күнде бір алтын 
берейін, сен ол ағашты шаппа. Ел ағашқа табынады екен, күнә істейді екен, 
мұның саған не керегі бар, одан да алтыныңды алып, ісіңді жаса,- дейді. 
Отыншы шайтанды босатады. Шайтан адамға кешке жатып, таңертең 
жастығының астына қарауды тапсырып, екеуі келісіп тарайды. Отыншы ағашты 
шабудан бас тартып, үйіне қайтады. Кешке жатып, таңертең жастығының астына 
қараса алтын кӛреді. Қуанып қалады. Екінші күн келеді. Бірақ, бұл жолы шайтан 
алтынды қоймайды. Адам ашуланып, балтасын алып, ағашты шабуға шығады. Жолда 
тағы да шайтанға кезігеді. Адам шайтанды кӛргенде: 
-
Ӛтірікші, сен мені алдадың ғой, солай ма? – деп оған ұмтылады. Бірақ, бұл 
жолы шайтан адамды жығып алып, үстіне шығып алады. Адам сасып қалып, 
шайтанның бетіне қарайды. Шайтан:
-
Таң қалдың ба? Менен неге жеңілгеніңнің себебін айтайын. Сен кеше Аллаһ 
ризалығы үшін ағашты шабуға бара жаттың. Сені мен емес, дүниедегі 
барлық шайтандар жиналып келсек те жеңе алмас едік. Алайда, қазір Аллаһ 
ризалығы үшін емес, саған алтынды бермегенім үшін ашуланып бара 
жатырсың. Міне, сондықтан менен жеңіліп қалдың және саған ағашты 
шабуыңа жол бермеймін,- деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет