«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Дҥние емтиханынан жақсыға тапсыруымыз керек



Pdf көрінісі
бет75/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Дҥние емтиханынан жақсыға тапсыруымыз керек 
Иә, дүниеге Аллаһтың уақытша қызметкері сипатында жіберілген әрбір адамның 
бұл жерде бір қонақ және пәни екені және оның мәні мәңгілік ӛмірге бағытталған екені 
ақиқат. Ешкім ӛлгенді қаламайды. Міне, ең маңызды қалауымыз болған осы ӛлмеу, 
мәңгі жасау туралы дұғамызды Раббымыз қабыл етіп, біз үшін жұмақты жаратқан.
Алайда, Аллаһ ол жерге лайық әдеп пен ұятты осы жерде үйрену керек 
болғандықтан біздерді сынақтан ӛтуге міндеттеген. Ол сынақ сондай бір сынақ, қиын 
емес, сұрағы белгілі, уақыты белгілі, нәтижесі белгілі. Мысалы, дәрет алып, намаз оқу 
бір тарих кітабын жаттап емтиханға кіруден қиын ба? Жылына бір ай ораза ұстау 
алгебра мен геометриядан қиын ба? Ұрлық жасамау ӛте қиын нәрсе ма? Таразыдан 
жемеу бір биология кітабын жаттап емтиханға кіру секілді қиын ба? Алпыс жылдық 
ӛмір үшін күндіз-түні еңбектенген адамды дүниелік емтихандардан оңай бір 
емтиханнан ӛтуге еңбектенуден тыятын орынды, қисынды себеп бар ма?
Әрине, ешқандай орынды себеп кӛрсете алмаймыз. Сол себептен мүмін дүниелік 
ӛмірде әрдайымда емтиханда, сынақта жүргенін естен шығармауы керек.
Дүниедегі осы емтихан ережесі барлық адамға бірдей. Адамның емтихан 
тапсыруға міндеттелуі - Аллаһтың бір әдеті. Құран адамның имандағы адалдығын 
сынау үшін жақсылық пен жамандық арқылы сыналатынын хабар береді. Адам ӛмірдің 
ӛткенші әсемдіктерімен де сынаққа алынады
122
. Мал мен бала адам үшін бір сынақтың 
құралы
123
. Мол ризық пен нығмет
124
бір сынақ болумен қатар басқа келген қиындық 
пен қайғы
125
, қиыншылықтар да бір сынақ
126
.
Емтихан деген кезде есімізге не тҥседі? 
Емтихан - жетістікке жету мен жете алмауды қатар еске түсіретін сӛз. Оның 
ішінде үміт те, қорқу да болады. Ләззат пен қайғы да бар. Қуаныш пен рахат та, азап 
пен жапа да бар онда. Бұл айтылғандар дүниелік емтихандарда да бар емес пе? Адам бұ 
дүниеде де сыналмайды ма? 
Балиғатқа жеткенге дейін, емтиханнан бұрынғы кезең – қағаз-қалам дайындау 
кезеңі. Балиғатқа жетумен адам емтихан қағазын, амал дәптерін толтыра бастайды және 
ӛлгенге дейін үздіксіз жазу үстінде болады. Бұл емтиханның бір күні бітетіндігі мәлім, 
алайда кімнің қолынан қағазының қай кезде алынатыны белгілі емес. Емтихан деген 
кезде адамның ойына кӛп нәрселер келеді. Солардың біразына тоқталайық: 
Емтиханда маңызды нәрсе - кӛп нәрсе жазу емес, дұрыс нәрсені жазу. Он қағаз 
толтырып, «бір» деген бағаны да ала алмағандар да бар, бір парақпен «жүз» деген баға 
алғандар да бар. Олай болса, ұзын ӛмірді жақсы нәрселерді кӛбірек жазу үшін тілеу 
керек. Емтихан залында ең алдыңғы қатарда отыру, ең әдемі киімді кию, ең бағалы 
қалам қолдану емтиханның нәтижесіне ешқандай да әсер етпейді. Олардың бәрін 
жасауға болады, алайда ешқайсысы міндетті емес. Уәжіп болған, шарт болған нәрсе - 
сұрақтарға дұрыс жауап беру.
Бақыт та, бақытсыздық та емтихан процесінде белгілі болмайды. Тағдырының 
соңын білмейтін бір адамның дүниелік жетістіктеріне қызығуымыз дұрыс емес. 
Емтихан барысында адамға ешкім араласпайды. Адам қалағанын жаза алады. Алайда, 
122
Таха, 20\131 
123
Ә
нфал, 8\28, Те
ғ
абун,64\15 
124
З
ү
мер, 39\49 
125
Таха, 20\40 
126
Т
ә
убе, 9\126; Хаж, 22\11 


69 
дұрыс жазу ұсынылып, қателік жасаудан қорқыту бар. Екеуі де талапкерлердің 
пайдасына.
Бұ дүние емтиханының ең маңызды ерекшелігі дұрыс талапкерлерге 
жауаптардың алдын ала білдірілуінде. Солай емес пе? Нені жасап, неден сақтануды 
бәріміз білмейміз бе? Басқа емтихандарға керісінше бұл емтиханда басқаларға 
кӛмектесуге еркіндік берілген, тіпті сауап етілген. Озат оқушының қасына барып
парағына қарап біз де дұрысын жаза аламыз. Жауабымыз қабылданады. Шындықта, 
туралықта, ақиқатта және әдемілікте кӛмек беруге болады. Басқаларға қате жауап 
жаздыру немесе қатеге еліктеуге тыйым салынады. Кім бұл емтиханда ӛзі секілді 
басқалардың да жетістікке жетуіне күш салса жақсылыққа жетеді. Үйреткен 
мӛлшерінде ӛзіне де баға қосылады. Жасаған бұл ісіне үлкен пай беріледі: Жиһад! 
Тек ӛзін бақылау қабылданбайтын, ұнамсыз нәрсе. Бұл жетістікке жету және 
жете алмау ісі дүниелік саудаға еш ұқсамайды. Бұл емтиханда біз бәсекелес фирмалар 
емеспіз. Кӛршімізді қаншалықты мақтасақ табысымыз соншалықты берекелі болады. 
Ӛзімізді мақтаған сайын зиян шегеміз. Бұл саудада берушінің малы артады, сараңдық 
жасағанның емес. Білгенімізді басқаларға түсіндіргенде ӛз білімімізді де нығайтқан 
болмаймыз ба? 
Дүние емтиханында дұрысты жазу оңай. Қиыны - қате жазу. Ал, бұл бізге үлкен 
иләһи жақсылық. Керісінше болғанда біз үшін шынымен де ауыр емтихан болар еді. 
Шындықты айтудың дем алу секілді табиғи және оңай екенін бәріміз білеміз. Бір адам 
күн бойы шын сӛйлесе шаршамайды, барлық сӛзіне ӛтірік қосып жарты сағат сӛйлесе 
ол шаршайды. Су ішкен адам тыжырынбайды, бетін қисайтпайды, ал ішімдік ішкен 
адамның бетіне қарай алмайсың. Адал табыс рухты рахаттандырады, ал харам болса 
ожданды азаптайды.
Алғаш қарағанда бұл емтиханнан барша адам ӛте алады деп ойлайсың. Алайда, 
келіп қара, адамдардың кӛпшілігі әлі де қате жолға түседі. Мұның себебін ақты қара
қараны ақ етіп кӛрсететін екі алдаушыдан іздеу керек: Нәпіс пен шайтан. 
Дүниедегі бүлік пен емтихандар әртүрлі. Біреу дүние-мүлікпен сыналады, біреу 
дүние-мүлікке деген дұшпандығынан сыналады. Біреу денінің саулығымен, ал біреу 
аурумен. Біреу қарыз болумен, біреу алашақ болумен. Барлық адам емтиханда 
болғандықтан ешкім де еркін емес. «Дүниеде рахат жоқ» деген хадис бар. Оның бір 
мағынасы мынау болуы мүмкін: «Емтиханда рахат жоқ, еңбектену мен күш салу бар, 
қауіп пен үміт бар, реніш пен сабыр бар». 
Бұрын бұл емтихан залына қаншама кедей-бай, жұмысшы-жұмыс беруші, еркек-
әйел, күшті-әлсіз келіп, біраз отырып, тұрып кеткен. Ендігі кезек осы ғасырдың 
адамдарында
127
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет