«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Ықыласқа қол жеткізу және оны сақтау жолдары



Pdf көрінісі
бет64/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Ықыласқа қол жеткізу және оны сақтау жолдары 
Бәдиуззаман хазретлері ықылас рисаласында ықыласқа қол жеткізудің және оны 
сақтаудың ең ықпалды екі себебі туралы айтады. Бұл себептердің бірі - ӛлім туралы 
ойлау, біз мұны «дүниенің пәни екенін ойлап ӛмір сүру» деп атаймыз. Ал, екіншісі - 
әрдайым Аллаһтың құзырында ӛмір сүріп жатқандай сезімде болу, мұны «бақылауда 
болу сезімі» деп атаймыз. Шынында да, осы маңызды екі жағдай іске асырылған 
жағдайда адамды ықыласты етіп, Аллаһ Тағала Ӛзі мен құлдарының арасындағы бұл 
сырды мүмін құлдарының кӛңіліне орнатады.
Тақырыптың қорытындысы, Бәдиуззаман хазретлерінің айтуы бойынша мынада: 
«Ақиқат иманның күшімен және имани ойлаудың жарқылы арқылы тыныштық тауып, 
Рақымды Жаратушының кӛріп тұрғанын ойлап, Одан басқаның ризалығын қажет 
етпей, басқалардан медет іздеудің қайшы келетінін ойлау арқылы ол риякерліктен 
арылып, ықыласқа қол жеткізеді»
116

Бұл анықтама бойынша адамда бақылауда болу сезімінің қалыптасуы үшін одан 
бұрын ойлану және мағрифат сезімдерінің жетілдірілуі керек. Иә, барлық адам 
оңайлықпен Аллаһ Тағаланың ғылымы мен құдіретімен барлық жерде бар екенін және 
барлық нәрсені кӛріп тұрғанын, сондықтан да ӛзінің барлық сӛз, әрекет және ішкі 
бейімділіктерін біліп тұрғанын аңғармайды, мұндай сананы оята алмайды. Бұдан бұрын 
ол адам ойлануы керек және Аллаһ ілімі деп аталатын мағрифетуллаһты меңгеруі тиіс. 
Муракабе – адамның бақыланып тұрғанын біліп ӛмір сүруі деген сӛз. Ықыласқа 
қол жеткізіп, оны сақтағысы келген әрбір мүмін ӛзін Хақ Тағала әрдайым кӛріп тұр, 
бақылап тұр деген оймен ӛмір сүруі керек. Бұл түсініктің деңгейі мүміннің 
әрекеттеріне, сӛздеріне, тіпті ішкі бейімділіктеріне де ықпал етеді. Осындай түсінікке 
ие мүмін ӛмірін мынадай түсінікпен сүреді: «Ақыры Аллаһ Тағала бізді қазір кӛріп, 
естіп тұр. Біз негізінде әрдайым Соның құзырындамыз және Ол бізбен бірге. Олай 
болса, әрекеттеріміз, сӛздеріміз, ойларымыз әрдайым Соның ризалығына сай болуы 
115
М.Нежати Сепетчио
ғ
лу, Анадолу Ефсанелери, 17-б. 
116
Б
ә
диуззаман Саид Н
ұ
рси, Лемалар, 21. Лема 


58 
керек». «Раббымыз біздің барлық жағдайымызды бақылап тұр, олай болса бізден Ол 
ұнатпайтын ешқандай сӛз, іс-амал шықпауы тиіс». 
Ол ұнатып, разы болғаннан кейін басқаларының бізді ұнатып, ұнатпауының 
ешқандай маңызы жоқ. Ол разы болғаннан кейін бүкіл халық қабылдамаса да әсері жоқ. 
Аллаһ Тағала разы болғаннан кейін қаласа басқаларға да қабылдатып, оларды да риза 
ете алады. Адамдардың ризалығы талап етілмейді. Сондықтан да тікелей Оның 
ризалығы негізгі мақсат етілуі тиіс. 
Бақылауда болу сезімімен ӛмір сүру адамды осындай ойлармен тұтастандырады. 
Жүректі тазартады. Аллаһтан басқа барлық нәрсеге жүрегі жабылады. Мұндай жүрекке 
ие адам әр адымын аңдап басады. Байсалдылық пен адалдық оның ажырамас бӛлшегі 
болады. Жүрегіне келген бӛтен ойлармен күреседі. Оның бұл табандылығын Шексіз 
Мейірім Иесі қайтарымсыз қалдырмайды, жүрегіне ықыласты орнатады.
Муракебені толық мәнімен ұғынған адам жүрегін тазалап, жоғарылата алады, 
оны әрдайым тартыну мен қорқу жағдайында ұстап, ӛмірдің әртүрлі кірінен және 
дағынан алыс болуын қамтамасыз ете алады. Бұлардың барлығы жүректің барлық 
жаман сезім мен ойлардан тазаланып, ықылас пен адалдыққа толуы деген мағынаға 
келеді.
Мүмін қандай жағдайда болса да әрдайым ықыласын сақтауы керек, алдынан 
шығатын кедергілерге шалынып қалмауы керек. Шайтанның оны осындай қасиетті 
міндеттен тайдырғысы келетінін білуі тиіс, кедергілерді жойып, жолын жалғастыруы 
керек. Ықыласты сақтау үшін Аллаһтың бізді әрдайым кӛріп тұрғанын естен шығармау, 
ӛткінші нәрселерге байланып қалмау, жолымыздың соңында ӛлімнің бар екенін ойлап, 
есеп беру түсінігімен жақсылықтарымызды кӛбейтуіміз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет