70
суық болмаса ыстықтың дәрежелері, ұсқынсыздық болмаса әдеміліктің дәрежелері
жасырын болып қалатыны секілді, жер болмаса, барлық адам жұмақта жаратылса онда
ол жұмаққа ат қойылмай, ол жердегі теңдессіз нәрселердің бір мәні болмас еді.
Міне, сондықтан да жұмақпен салыстырғанда бұл жер бір зындан секілді.
Ӛйткені, қайшылықтар бар және барлық жақсы нәрсенің ақиқат кӛріністері және
сапалылары сол жерде алдымыздан шығатындықтан бұл дүниенің әсемдіктері
кӛлеңкенің кӛлеңкесі деңгейінде де қалмайды.
Сол секілді бұл дүние тозаққа қарағанда бір жұмақ секілді болады. Ӛйткені, бұл
жердегі әсемдіктердің ешқайсысы ол жерде болмайды және бұ дүниедегі жамандықтар,
зияндар ол жерде одан да қатты, қорқынышты, азаптаушы болады.
Бұ дүниеде бір әулие адамнан бір керемет кӛрсек одан тек жақсылық келеді деп
ойлаймыз. Одан ұнамсыз әрекетті байқасақ та оны жақсылыққа жорып, «Бір даналығы
бар шығар» дейміз де қалайша бізді әртүрлі нығметтерге бӛлеп жаратқан және
ӛмірімізге қажетті нәрселерді әрдайым жіберіп отыратын Аллаһтан бізге келген
нәрселердің жақсылыққа толы екенін ойламаймыз. Керек десеңіз, ол әулиенің жасаған
кереметін де жаратушы негізінде Аллаһ болып табылады.
Иә, Раббымыз бізді әрине сынаққа алады. Біздің міндетіміз - әртүрлі сынаққа
дайын болу.
Достарыңызбен бөлісу: