«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық



Pdf көрінісі
бет74/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

8. Бәле, емтихан, бҥлік 
«Біз міндетті түрде сендерді біраз қорқытумен, біраз аштықпен немесе малға, 
жанға немесе ӛнімдерге келетін нұқсандармен сынаймыз. Сен сабыр етушілерді 
сүйіншіле!» (Бақара, 2\155). 
Бҧ дҥние емтихан дҥниесі 
Қиындық, бүлік сӛздері бізге емтиханды кӛрсетеді. Біз бұл бӛлімде осы 
айтылған сӛздердің бәрін «Емтихан» деген тақырыпта бір мағынада бағаландырамыз.
Адамның дүниеде болуының негізгі мақсаты құлшылық. Құлшылықтың қай 
деңгейде екенін анықтау да емтихан арқылы болады. Сондықтан адамның дүниеде 
болуының даналығы да - емтихан. Аллаһ адамды әртүрлі нәрселермен сынайды. Бұл 
кейде аштық, кейде қорқыныш, кейде мал, жан және ӛнімдерден таршылық кӛру
120

кейде жақсылық жасау, мал және балалы болу
121
түрінде болады.
Қысқасы, қиындықтар да, жақсылықтар да - біздер үшін бір емтихан себептері. 
Демек, біздің қайда, қашан, немен сыналатынымыз белгісіз. Бұл белгісіздік адамның 
кез-келген сәтте кез-келген нәрсемен сыналатынын ойлай отырып әрекет етуін, осы 
мәселеде санасын ояу ұстауын қамтамасыз етеді.
Әрбір туылған нәрсе ӛмірін бітіріп, арғы дүниеге кӛшіп кетеді. Дүниеге қанша 
қонақ болсақ та Раббымыз бізді қате жолдарға кірмеуіміз үшін бізге арамыздан елшілер 
жіберген. Әрине, бұл елшілерді жіберген Раббымыздың бізден қалайтын бірқатар 
нәрселері болуы керек.
Біз қалай жақсылық жасаған адамдарымыздан алғыс пен құрмет күтсек, сол 
сияқты бізді сансыз нығметтеріне бӛлеген, улы жәндіктен бізге бал жегізген, құрғақ, 
ақылсыз, санасыз топырақтан адам айтып жеткізгісіз керемет нығметтер берген
дүниені бізге бір үй етіп, күнді сол үйдің шырағы еткен, айды түнде шам еткен, 
аспанды үйдің тӛбесі етіп жасаған, әртүрлі сезімдермен миымызда бір университет 
құрып, факультеттерді жұмыс істеткен, әрдайым ішімізге оттегі жеткізіп, оны сол 
жерде кӛміртегіне айналдырған, денемізді жылумен қамтамасыз еткен, жер секілді 
қаншама планеталарды ғарышта құдіретімен айналдырған Аллаһ (жәллә жәләлуһ) 
әрине ешнәрсеге мұқтажы болмаса да осы нығметтеріне бізден алғыс күтеді.
Міне, осы алғыс «Аллаһқа құлшылық» деп аталады. Раббымыз жасайтын осы 
құлшылығымыз бен алғысымыздың мәнін, жолын елшісі ХазіретМұхаммед 
(саллаллаһу алейхи уәссәлләм) арқылы біздерге түсіндірген. Оған (жәллә жәләлуһ) 
қанша шүкіршілік етсек те аз.
Сол себептен дүниедегі істерімізді басқан әр қадамымыз бен алған әр деміміз 
үшін ақыретте есеп беру түсінігімен жасау және бұл жерде жеген нығметтеріміздің ол 
жерде желкемізден шықпауын қарастыруымыз керек. Міне, осы екі мәселені меңзеген 
Құран Кәрім «Дүниеден несібеңді ұмытпа» (Қасас, 28\77) деп адамға дүниесін 
гүлдендіруін ұсынып, «Біздің сендерді босқа жаратқанымызды, алдымызға келіп есеп 
бермейтіндеріңді ойладыңдар ма?» (Мүминун, 23\105) деу арқылы ақырет ӛмірінің 
негізгі нәрсе екенін, дүние үшін ақыретті жоғалтпаудың ең бірінші міндет екенін 
ескертеді.
120
Қ
ара
ң
ыз: Ба
қ
ара,
121
Ә
нфал, 8\28; 
Ә
нбия, 21\35; 
Ә
ли 
Ғ
ымран, 3\186 


68 
Бұл жолды Аллаһ (жәллә жәләлуһ) адамға бұйырған, пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алейхи уәссәлләлм) бұл аятты бірінші үлгі ретінде кӛрсетіп, артынан 
келгендер ұрпақтан-ұрпаққа осы дәстүрді жалғастырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет