113
Парыз екеніне және маңыздылығына
сене тұра жалқаулыққа салынып, немқұрайлы
қарап, қолының бос еместігін алға тартып шариғи себебі жоқ бола тұра намазын
оқымаған адам үлкен күнәға кіреді. Бір бӛлігін тӛменде айтып ӛтетін хадистеріміздің
кӛрсететін негізгі мағынасы да осы.:
«Кімде-кім намаздыгер намазын тәрк етсе амалы босқа кетеді»
256
.
«Намазды әдейі тәрк етпеңдер. Кімде-кім әдейі намазын тәрк етсе Аллаһ пен
расулының қолдауынан алыс болады»
257
.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) бір күні
намаз туралы айтып,
былай деген: «Кім намазын жалғастырса бұл намаз қиямет күні ол үшін (қараңғылыққа
қарсы) нұр, (туралығына) дәлел және (азаптан) құтқарылу болады. Кім намазын
жалғастырмаса оның нұры, дәлелі және құтқарылуы болмайды. Ол адам қиямет күні
Қарун, Перғауын, Хаман және Үбей Ибн Халефпен бірге болады»
258
.
Ислам ғалымдары тек намаздың
парыз екеніне қарсы шығып, тәрк етудің
адамды күпірлікке апаратынын, осы сияқты хадистердің мүміндерді намазды тәрк
етуден сақтандыруды кӛздегенін баяндаған
259
.
Достарыңызбен бөлісу: