«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Бҧйрыққа бағынбаса не болады?



Pdf көрінісі
бет29/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Бҧйрыққа бағынбаса не болады? 


26 
Бағыну болмаған жерде одан шығатын нәтиже де жақсы болмайды. Міне, бір 
мысал: Ухуд күні Мекке әскерінің салт аттылары қатарынан үш рет шабуылдап, 
бәрінде де атқыштардың шабуылынан кері шегінген. Аттар үстерінен жауған оқтан 
жүре алмайды. Пайғамбарымыздың ерекше тоқталып «Не болса да осы тӛбені 
тастаушы болмаңдар!» деп орналастырған елу атқышқа жасаған ескертуінің даналығы 
енді түсінікті болған еді.
Алайда, мүшріктердің жеңіліс тауып, қаша бастаулары атқыштар отырған тӛбеде 
пікір қайшылықтарын тудырады. Мұны кӛрген бірқатар атқыштар жолдастарына былай 
дейді:
-
Ей, жамағат! Олжа! Олжа! Аллаһ (жәллә жәләлуһ) дұшпанды жеңіліске 
ұшыратқанда сендер мұнда неғып тұрсыңдар! Әне, қараңдар, бауырларың 
басым түсіп, мүшріктерді жеңді! Олай болса, сендер де мүшріктердің соңына 
түсіңдер және бауырларыңмен бірге олжа жинаңдар! 
Бұл сӛздер Ухудтың алғашқы қорғанысының бұзылғанын кӛрсететін еді. Олар 
пайғамбарымыздың бұйрығына бағынудың даналығын ұмытқандай болды. Оны 
соғыстың соңына дейін осы жерде тұру керек деп жорығандықтары белгілі еді. Алайда, 
пайғамбарымыз ӛзінен нұсқау келгенге дейін кетпеулерін қатаң ескертіп, істің басында-
ақ назарларын осыған баса аударған болатын.
Анығында бұл майданнан бір кетік ашу болатын және ХазіретАбдуллаһ Ибн 
Жубейр және сол секілді ойлаған кейбір жолдастары бұл сӛздерге іркіліп, былай дейді:
-
Расулуллаһтың «Артымыздан келетін қауіптерден бізді қорғаңдар және 
біздің ӛлтіріліп жатқанымызды кӛрсеңдер де отырған жерлеріңді тастап бізге 
кӛмектесуге тырысушы болмаңдар! Олжа жинағанымызды кӛрсеңдер келіп 
бізге қосылмаңдар, сендер артымыздан келетін қауіптерден бізді қорғаңдар» 
деген сӛздерін қалайша тез ұмыттыңдар? 
Олардың ойынша бұл ескертулер жолдастарының айтқаны секілді болжанбауы 
керек еді. Сонымен қатар, ӛздерінше: 
-
Расулуллаһ (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) бұл сӛздермен оны айтқысы 
келген жоқ,- деп бұл сӛздерді басқаша жорыды. Осылай ойлап, олар қашқан 
мүшрік әскерінің соңынан олжа жинауға бет алады. ХазіретАбдуллаһ Ибн 
Жубейрдің жанында аз ғана атқыш қалады. 
Бергі жақта онсыз да осындай мүмкіндікті кӛздеп тұрған, ол кезде әлі мұсылман 
болмаған Халид Ибн Уәлид басқарған екі жүз адамдық атты әскер жасағы бұл 
жағдайды дереу аңғарып, арттан шабуыл жасауға дайындалады. Халид Ибн Уәлидке 
Икриме Ибн Әби Жехл қолдау кӛрсетеді.
Кішкентай болып кӛрінген ықтималдылық барлық нәрсені ӛзгерткелі тұр еді. 
Келеңсіз бір оқиға еді және кейінгілерге сабақ болуы үшін Аллаһ (жәллә жәләлуһ) 
атқыштар арқылы бір сабақ берген еді. Демек, басқарушы адамнан келген бұйрықтарды 
талқыға салмай, сол қалпында орындау және бағынуда кемшілік кӛрсетпеу керек еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет