«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Қиындық, азап, сабыр, тҧрақтылық және тҧрақсыздық



Pdf көрінісі
бет31/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   127
4. Қиындық, азап, сабыр, тҧрақтылық және тҧрақсыздық 
«Әлде сендер бұрын ӛткен үмметтердің басына келген жағдайларға 
ұшырамастан жұмаққа кіреміз деп ойладыңдар ма? Олар сондай қиын азаптарға, 
қиыншылықтарға ұшырады, қатты сарсаңға салынды, пайғамбар мен қасындағы 
мүміндердің ӛзі «Аллаһтың уәде еткен кӛмегі қашан жетеді?» дейтіндей жағдайға 
жетті. Жақсылап біліп алыңдар, Аллаһтың кӛмегі жақын». (Бақара, 2\214) 
Қиындық және азап деген не? 
Қиындық пен азап М.Фетхуллаһ Гүлен Хожаефендидің айтуынша ұлы 
мақсаттарға жетудің және жоғары нәтижелерге қол жеткізудің жалғыз жолы. 
Ақиқаттың жолаушысы қиындық арқылы күнәларынан арылады, сол арқылы тазарады. 
Қиындық болмаған жерде кемелдену де, рухпен тұтасу да болмайды.
Барлық ұлы істер мен мақсаттар бірқатар қиындықтар мен азаптың кӛлеңкесінде 
бірігеді. Ешқандай ұлы ақиқат пен ұлы идеяға қиындық кӛрместен және бірқатар 
азаптар шекпестен қол жеткізу мүмкін емес
62
.
Іс қиындық пен азапты талап етеді 
62
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, Призма, 3\31 


28 
Исламға қызмет және осы жолда жетістікке жету әрдайым бір әдіспен жүзеге 
асқан және осы жолда мың түрлі қиындық пен азап кездескен. Аллаһтың жолында 
болудың ӛзімен бірге алып келетін қиын және азапты ӛміріне қатысты мысалдар 
ғасырлар бұрын ӛмір сүрген алғашқы адамдардың және олардың нәбилерінің 
ӛмірлерінде де кездеседі.
Мысалы, Құранда айтылуы бойынша қауымының ХазіретНұхқа айтқан сӛздері 
кӛшеде біздің біреуімізге айтылатын болса және бізге солай тіл тигізілетін болса қатты 
ашуланып, ренжиміз. Бес үлкен пайғамбардың бірі болған ұлы пайғамбар күн сайын әр 
үйді аралап, «Лә иләһә илләллаһ» деңдер» деп уағыз айтқан, ал олар болса оның аяғына 
жіп байлап тартқан, ұрып-соққан, үстіне топырақ шашқан, небір жаман сӛздермен 
балағаттаған.
ХазіретИбрахимнің ӛміріне қарасақ та оның қандай қиындықтарға душар 
болғанын кӛре аламыз. Ол отқа тасталу, әйелін бір жаққа апарып тастау және баласын 
құрбандыққа шалу секілді ауыр қиыншылықтарға душар болған.
ХазіретИсаға он екі адам болған үмметінен бірі қиянат жасаған. Тіпті, қауымы 
оның үйін сатқындықпен қоршап, ӛз нәбилерін креске керу үшін жарыса жүгірген.
Нәтижеде нәбилер әрдайым қиындықтар шеккен. Жол - солар жүрген жол. Сол 
себептен Юнус Емре былай дейді:
Бұл жол ұзақ, тұрағы кӛп,
Ӛткелі жоқ, терең сулары бар. 
Осы тұрғыдан алып қарағанымызда Хақ жолында жүргендер әртүрлі 
қиындықтар мен азаптарға дайын болуы керек. Сенген адамдар хақ пен ақиқатты 
мұқтаж адамдарға түсіндіру бағытында бастарына келуі мүмкін қиындықтарды алдын 
ала қабылдауы керек және оларға сабырлық етіп шыдаулары керектігін жақсы біліп, 
оған разы болулары керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет