32
Хадисте айтылғаны секілді «Мүмін кӛгерген егін сияқты. Оған әрдайым жел
тиіп тұрады (Мүмінге қиындықтар тиеді). Ал, мұнафықтың жағдайы самырсын секілді.
Кесілгенге дейін еш қозғалмайды»
68
.
Иман мен сабыр бәле мен қиындықтарды жеңілдетеді. Аллаһқа иман келтіріп,
бағынғандар қиындықтарды Аллаһ жолының бір шарты етіп кӛреді.
Бір Рисале-и нұрдың шәкіртін полиция есінен танғанынша ұрыпты. Есін жиған
кезінде «Иа, Раббым, бұлар білмейді. Сен бұларды кешір!» деп дұға етеді. Дәл Аллаһ
расулының Ухудта ӛзіне қиындық келтірген қауымына айтқаны секілді: «Раббым! Олар
білмейді, тура жолға сала гӛр!»
Дүниеде басына туған бәле мен қиындықтарына ренжігендер жұмақта
реніштерінің қайтарымы ретінде жұмақ жемістерінің берілгенін кӛрген кезде «Әттең,
ренішім мен қайғыларым бұдан да кӛп болғанда ғой» дейтін болады.
Достарыңызбен бөлісу: