«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық



Pdf көрінісі
бет33/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   127
Белсенді сабыр деген не? 
Әдебиетімізде белсенді сабыр деген ұғым бар. Қысқаша соған тоқталып ӛтейік. 
Мұны бір мысалмен түсіндіруге тырысайық. Жұмыртқаларын басып жатқан 
тауық туралы ойлайық. Тауықтың бұл түрін кӛргенде «Бұл тауық жұмыртқаларының 
үстінде әшейін жатыр» деп ойлаймыз. Алайда, ол үш апта бойы қаншама азаптар 
шегеді. Жұмыртқаларды белгілі бір жылылықта ұстау үшін күш салып, оларды ары-
бері айналдырады, мұны жасаған кезде оларға зарар келтірмеу, сындырып алмау үшін 
бар күшің салады. Оның бір қате әрекет жасап, ӛз жұмыртқаларынан айрылғаны 
ешқашан кездеспеген жағдай. Міне, тауық сол ұқыптылығы, мұқияттылығы және 
белсенді әрекеті арқылы белсенді сабырдың үлгісін кӛрсетеді. 
Тағы бір мысал берейік: Анамыз тамақ дайындау үшін кӛкӛністі, етті, майды, 
пиязды, дәмдеуішті, құралдарды дайындайды, отқа қояды, сосын тамақтың піскенін 
күтеді. Міне, белсенді сабыр осы тамақты пешке қойғаннан кейін күтумен ӛткен 
уақытта адамның білген дұғаларын оқып, мақсатқа жетейін деген талабы. 
Басқа бір мысалмен айтқанда, екі адам сӛйлеседі, келіседі, үйленеді. Сәбиді күту 
процесі белсенді сабыр кезеңі болып саналады. Адам енді кӛп нәрсе жасамайды, бірақ 
баланың дені сау болсын деп дұға етіп, күтеді.
Нәтижеде адамның піскен тамақты ұсынуы, бисмилләмен бастауы, туылған 
баланың емізілуі, оған қарау, бұлар әрдайым дайындықты талап етеді. Бұл жерде адам 
істеген ісін сабырмен жасайды, ол дұға етіп, нық тұруға міндетті. Белгілі бір оқиғалар, 
дауылдар, толқулар туындайтыны белгілі. Алайда, мүмін Темірқазық секілді орнында 
нық тұрып, дауылдың ӛткенін белсенді түрде күтеді.
Сабырға қатысты ӛлшемдер 

Сабыр ауруды басатын ащы шӛп секілді, әрі жаныңды ауыртады, әрі 
емдейді. 
64
Б
ә
диуззаман Саид Н
ұ
рси, Месневии Нурие, 157-б. 
65
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, Фасылдан фасыла, 4\122-123 


30 

Барлық қиындықтың соңында бір жеңілдік бар, алайда соған дейін сабыр 
ету керек. 

Сабыр мен жетістік - кӛрінісі әртүрлі болғанмен егіз нәрселер.

Дариялар тамшыдан құралады, бірақ тамшының дарияға айналуын күтуге 
адамның күші жетпейді.

Асыққанның қырманындағы ең кӛп нәрсе - қате. 

Шыңдардың жолы жазықтардан басталады, әрине сабырлы болғандар 
үшін. 

Бастамасы у, нәтижесі шекер бір нәрсе бар болса, ол - сабыр. 

Оқиғалардағы дәлелді әрекеттің аты - сабыр
66



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет