51
тазасымын. Кім жасаған ісі мен ғибадатында басқаны маған серік қосса (риякерлік
етсе) ол адамды маған серік қатқан ісімен немесе қосқан
серігімен бірге қалдырамын
(істерінің сауабынан мақұрым етемін)»
107
.
Риякерлікке қарсы у ықылас болып табылады. Мүмін ықыласты болған кезде
риякерліктен ӛзін аулақ ұстаған болады. Аллаһ достарынан Әбул Лейс Әс Самарқанди
хазретлері айтады: «Аллаһ ризалығынан басқа мақсаттар үшін ғибадат жасағандардың
жағдайы әмиянына тас толтырып, базарға шыққан адам сияқты. Адамдар алыстан оның
әмиянының толы екенін кӛріп «Не деген бай адам!» деп ойлайды. Ӛзі туралы осылай
айтылғаннан басқа оған ешқандай пайда келмейді. Базардан бір нәрсе алғысы келсе
әмиянындағы тасқа ешкім ештеңе бермейді».
Ықылассыз іс-амал істеген адамның табысы оның арқалаған пайдасыз жүгі,
адамдардың алдындағы әсерсіз және бос риякерлігі, ал арғы жақта болса шегетін азабы
болып табылады.
Тақырыпқа қатысты мынадай оқиға туралы айтылады:
«Бір бәдәуи
мешітте асығып намаз оқиды, мұны кӛрген халифа ХазіретОмар
оған былай деп ескертуге мәжбүр болады:
-
Ей, Аллаһтың құлы! Бұл қандай намаз? Тауықтың жем жегеніндей болды
ғой. Сен мына намазыңды қайтадан оқығаның жӛн!
Әлгі адам қайтадан оқиды. Бірақ, қалай оқиды? Асықпай, барлық тәртібіне
бағынып оқиды.
Мұны кӛрген халифа намаздан кейін сұрайды:
-
Сен айтшы енді, қай намазың дұрысырақ болды?
-
Алғашқы намазым дұрысырақ еді.
-
Неге?
-
Ӛйткені, оны тек Аллаһ ризалығы үшін
оқыған едім, мына екіншісін сенің
бақылауыңда, сенің ризалығың үшін оқыдым, сол үшін,- дейді».
Адам істеген іс-әрекетінде тек Аллаһ ризалығын кӛздеуі керек, айналасында
біреулердің кӛргенін, ұнатқанын ойына да алмауы керек, парызын, уәжібін, сүннетін
толық орындауы керек.
Сонымен қатар, парыздарда риякерлік болмайды деген үкім нақты. Қайда болса
да
намаздарыңды оқыңдар, риякерліктен қорқу туралы ойламаңдар. Адамдар әбден
адасқан мына заманда барлық жерде дерлік ғибадаттар жасалуы керек, кӛргендердің
ар-ождан есебін тартуларына себепші болу керек. Осылайша, мүмін
Раббысының
ризалығын ойлайды, олар да ождандарының дауысын естиді
108
.
Достарыңызбен бөлісу: