57
Ісін ықыласпен жасаған адам жетістікке жетеді. М.Нежати Сепетчиұлының «Анадолы
аңыздары» деген кітабында берілген оқиға осы ақиқатты кӛркем түрде суреттейді:
Анадолының бір ӛңірінде ішімдікке салынған бір адам ӛлгенде имам мен халық
жаназа намазын оқымайды. Әйелі қайтыс болған күйеуін арқалап тауға қарай апарады.
Алдынан шыққан шопаннан кӛмек сұрайды. Екеуі күйеуін жерлейді. Әйел шопанға
«Енді дұға етесің бе?» дейді. Шопан: «Мен
дұға білмеймін, бірақ кӛрейін» деп,
қолдарын жайып, сыбырлап бір нәрселер айтып дұға жасайды.
Әйел үйіне қайтады. Ауылдың бетке тұтарлары, тіпті имамның ӛзі түстерінде
әлгі ӛлген адамның жұмақта жүргенін кӛреді. Бұл туралы ӛз араларында сӛз
тарай
бастайды. Бәрі мұның себебін қарастыра бастайды. Сосын әйелінен сұрауға шешім
қабылдайды. Одан «Күйеуіңді қайда кӛмдің? Қалай кӛмдің? Жағдай осылай» дейді.
Әйел болған жәйттің бәрін баяндап береді. «Менің жасаған ештеңем жоқ. Не болса да
сол шопанның дұғасында бірдеңе бар» дейді.
Олар шопанға барады. «Адамды жерлегеннен кейін дұға етіпсің. Не дедің?» деп
сұрайды. Шопан: «Аллаһым! Бұл жерден ӛткендерге
Тәңірдің қонағы, сенің қонағың
деп
азығымнан бердім, сүт бердім. Мен де бір қонақ жіберемін, ӛз
жаныңа қабылда
Аллаһым!» дедім» дедйі
115
.
Міне, бұл шопанның ықыласы! Ықылас алысты жақындатады, азды кӛбейтеді,
құнсызды құнды етеді. Сүлеймание мешіті салынғанда басқалардан кӛмек алуға тыйым
салған Сұлтан Сүлейманның хабарынсыз бір жұмысшыға
айран берген қарт әйелдің
айран ыдысының түсте кӛрінген таразының бір жағында Сүлейманиеден ауыр
басуының даналығы ықылас болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: