54
бар, сосын оқисың, отыр, әңгімеңді бітір» деп сыбырлайды. Шайтанның ниеті мысалы
намаздыгерді кеш оқытып, сүннетін тәрк еткізу. Осылайша, жас адам сүннет сауабынан
құр қалады. Бұл да - шайтан үшін бір табыс.
Егер жас жігіт намазды бастаса енді оның ақыл-ойын маңызы жоқ нәрселермен
алаңдата бастайды.
Намазын тез-тез оқытып, осылайша намаздың шарттарымен
оқылуына кедергі болады.
Ешнәрсеге қарамастан жас жігіт намазын ықыласпен
оқыса шайтан соңғы
айласын қолданады. Жігітті жан-жағына қаратып, «Мен
сияқты ықыласпен намаз
оқыған адам бар ма екен?» деп ойлауға шақырады, жігіттің риякерлікке кіруіне себеп
болады. Осылайша, іс-амал босқа кетіп, сауап жоғалып, шайтан табысқа қол жеткізген
болады.
Мұндай мысалдарды кӛптеп келтіруге болады. Бұл жерде мәселе шайтанның
сыбырларына
құлақ аспау, ғибадаттарымызды ықыласпен орындау болып табылады.
Қайнарын Аллаһтан алған күш ешқашан да зиянға ұшырамайды. Алайда, араға
бас пайдасы және риякерлік кірсе сол ниетімізге қарай қайтарымын аламыз.
Шайтанның барлық деңгейдегі адамдар үшін құрған қақпандары, тұзақтары бар екенін
ұмытпауымыз керек. Біз бұларды үйреніп, осы тұзақтарға түспеудің шараларын
қабылдауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: