«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Аллаһ адамдарды неге ауру, мҥгедектік, кедейлік сияқты қиындықтармен



Pdf көрінісі
бет81/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

 
Аллаһ адамдарды неге ауру, мҥгедектік, кедейлік сияқты қиындықтармен 
сынайды? 
Ең әуелі мына нәрсені айту керек, мұндай сұрақты тек жаратылыстағы 
даналықты түсіну үшін қоя аламыз. Әйтпесе, бұл жерден (Аллаһ сақтасын) Аллаһты 
сұраққа тарту секілді мағына шығуы мүмкін, бұған ешкімнің ақысы жоқ. Ӛйткені, 
ішінде ӛмір сүріп жатқан дүниеміз, жұтқан ауамыз, ішкен суымыз, жұлдыздар, ай, күн 
барлық нәрсе - Соның мүлкі. Ие болған нәрселеріміз де, ие болмаған нәрселеріміз де 
Соған тән. Мүлік иесі мүлкін қалағанынша басқарады.
Мұны мынадай мысалмен жақсырақ түсінеміз: Ӛте жомарт бір адам үш адамды 
алып, бӛлек баспалдақтармен шығатын үш балконды мұнараға апарады. Әрқайсысын 
әр баспалдақпен жіберіп, әр сатыда қарызы болмаса да жомарттығымен оларға бір 
сыйлықтан беріп отырады. Балконға шыққан кездерінде оларға тағы бір үлкен 
сыйлықтан береді. Алайда, бірінші балконға шыққан адам сатының саны аз 
болғандықтан екінші мен үшінші адамға қарағанда аз сыйлық алады. Енді бірінші адам 
екінші және үшінші адамға, ал екінші адам үшінші адамға қарап «Неге мен шыққан 
баспалдақтың сатысы аз болды? Неге маған аз сыйлық бердің?» деп әлгі жомарт адамға 
шағым айта ала ма? Бұлай ату арсыздық емес пе? 
Міне, Раббымыз да бізді жоқтан бар еткен, тас, топырақ, ӛсімдік, бір жәндік етіп 
жаратпай, адам еіп жаратқан. Мұнымен шектелмей, бізге шексіз нығметтер берген. Бар 
ғаламды біздің пайдалануымызға берген. Ең маңыздысы бізді құлдық дәрежесімен 
жаратып, жер бетінде ӛзінің халифасы еткен. Осылардан кейін адамның «Менің малым 
неге аз, мен неге соқырмын, мен неге ақсақпын?» деп шағым айтуы Раббымыздың 
жақсылығын білмеушілік болмай ма? Аллаһтан алашағымыз бар ма, Оған шағым 
айтатындай. Біз Раббымыздың бермеген нәрселеріне емес, берген сансыз нығметтеріне 
қарап, әрдайым шүкіршілік етуге міндеттіміз.
Аллаһ Тағаланың адамдардың әртүрлі жағдайларда жаратуының біз білетін, біз 
білмейтін кӛптеген даналығы бар. Білетіндеріміздің біразын берейік. 
Біріншісі: Аллаһтың шексіз есімдері бар және бұл есімдер жаратылыста да алуан 
түрлілікті қажет етеді. Мысалы, Раззақ есімі ризыққа мұқтаж жандарды, Шафи есімі 
ауруларды керек етеді, яғни Аллаһтың бұл есімдері танылсын. Сондай-ақ, Аллаһ 
Мужиб есімімен таршылықта қалғандардың, Кабыз есімімен тура жолдан 
адасқандардың, Басит есімімен қиналғандардың кӛмегіне жүгіреді. Осылайша, 


74 
Раббымыз сансыз есімдерімен бізге ӛзін танытады, негізгі жаратылу мақсатымыз да 
осы. 
Екіншісі: Барлық нәрсе ӛзіне қарама-қарсы нәрсесімен білінеді. Қараңғылық 
болмаса жарықтың білінбейтіні секілді аурулар болмаса денсаулықтың, аштық болмаса 
тоқтықтың, кедейлік болмаса байлықтың, қиындықтар болмаса рахаттың қадірі 
білінбес еді. Мүгедек адамдар болмаса ағзалары кемшіліксіз және мықты адамдар 
қандай нығметке ие екенін білмейді, бір мүшесі кем адамдар басқа мүшелерінің қадірін 
білмес еді. Ауру мен қиындықтар 60-70 жылдық адам ӛмірінің аз ғана бӛлігін қамтиды. 
Кем адамдар дүниедегі адам санының аз ғана бӛлігін құрайды. Ауру мен кемтарлықтың 
кӛпшілігі адамдардың немқұрайлығынан келіп туындайды.
Үшіншісі: Бұ дүние - емтихан орны. Аллаһ адамдарды кейде кедейлікпен, кейде 
аурумен, кейде денсаулықпен сынайды. Әдемілік, күш, байлық, мықтылық, кемтарлық 
барлығы да емтиханның себептері. Бақара сүресінің 155-аятында Ұлы Аллаһ «Еш 
күмәнсіз, сендерді біраз қорқыту, біраз аштық, біраз малдан, жаннан, ӛнімнен айыру 
секілді нәрселермен сынаймыз. Сен сабыр етушілерді сүйіншіле!» деп осы ақиқатты 
кӛрсетеді.
Одан кейін келген аяттарда да сабыр еткендердің сипаттары және Раббылары 
құзырында сыйға бӛленетіні туралы айтылады. Аллаһ ешкімге кӛтере алмайтындай 
ауыр жүк жүктемейді және ол адамда жоқ нәрседен есепке тартпайды. 
Тӛртіншісі: Аллаһ нағыз әділдік иесі және рақымдылығы шексіз. Құлдарына 
ешқашан әділетсіздік жасамайды, алайда Аллаһтың әділетін толық түсіну үшін дүние 
мен ақыретті бірге ойлау керек. Дүние пәни, ӛткінші, ал негізгі нәрсе - ақырет ӛмірі. Бұ 
дүние - тек ақыреттің егіс алаңы. Аурулар мен қиындықтар сенген және сабыр еткен 
адам үшін ғибадат үкіміне ӛтеді. Соқыр болғандықтан бұл жерде 60-70 жылдық қысқа 
ӛмірінде дүниедегі әсемдіктерді кӛруден мақұрым қалған адам сабыр етсе жұмақта 
шексіз түрде басқалар кӛре алмайтын әсемдіктерді кӛреді. Аллаһ бірді алады, 
қайтарымы ретінде бірнеше есе етіп қайтарады, адам осыған шын кӛңілімен сеніп, 
сабырлы болса болды.
Бесіншісі: Аллаһ адамды бұ дүниеге құлшылық үшін жіберген. Негізгі 
тыныштық пен бақыт Аллаһқа жақын болуда, Соның ризалығын алуда. Ауруларға, 
қиындықтарға душар болған адамдар молшылықта ӛмір сүрген адамдарға қарағанда 
әлсіздігін жақсы түсініп, Аллаһқа бет бұрудың қажет екенін сезеді. Ғибадаттарына 
мұқият болады, қолынан келгенінше жақсылық жасауға тырысады. Дүниеде бар 
болуымыздың негізгі мақсаты да осы емес пе? Олай болса мұндай жағдайлар егер 
біздің қателігімізден туындамаса оны жаза деп ойламау керек. Бәлкім, Аллаһтың бір 
жақсылығы деп қабылдануы керек шығар. Әрине, ауру, кемтарлық, қиындықты ешкім 
қаламайды, алайда олар келген жағдайда кемел мүмін «Біз Аллаһқа тәнбіз және уақыты 
келгенде әрине Оған қайтамыз» (Бақара, 2\156) деп сабыр етеді
131
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет