72
мүмкін. Алайда, ол сендер үшін бір жақсылық» (Бақара, 2\216) деген аят та осы
жағдайды нақты түрде кӛрсетеді.
Аталмыш жағдай адамның еркімен жаратылған және бұл тек ӛзіне
қатысты
мәселе болса екі түрде болады.
Не қайырлы бір іс және әрекет туындайды, адамның таңдауына байланысты
түрде. Мұны жаратқан да Аллаһ. Олай болса бұл әдемі жаратылыс адам қалаған және
риза болған жаратылыс. Әдеміден әдемі келген. Не болмаса жаман және күнә
секілді
бір әрекет туындаса мұны да жаратқан Аллаһ. Бұл жолы Әдеміден әдемі келмеген.
Алайда, бұл жаман нәрсенің болуын қалаған адамның ӛзі екені және Аллаһтың адамға
құқық беріп, бұ дүниеде кезде қайырды қаласа да, жамандықты қаласа да оны
жарататынын
білдіріп, нәтижесіне шыдауды ұсынған. Олай болса бұл жерде
жамандықты ӛзі қадағалап, қалайтын адамның ӛзі болғандықтан
жамандыққа себеп
болған адам, бірақ Аллаһ жаратудың жалғыз иесі болғандықтан сол жаман нәтижені
жаратты. Олай болса бұл жерде адам жамандықтың келуін ӛзінен кӛруге мәжбүр. Сол
себептен де Әдеміден жамандық келмеген. Әдеміден жамандық жарату сұралған, Ол
емтихан шарты бойынша жамандықты жаратқан.
Яғни, бұл жағдайда тек Аллаһтың еркімен
бұл жамандық келмегендіктен
жамандықтың шақырушы сол адам. Аллаһ егер құлының жақсы әрекеттерін жаратып,
жаман талаптарын жаратпаса ол кезде бұ дүние емтихан болмай қалар еді.
Бұл дүниенің қамыры зарарлы нәрселер пайдалы нәрселерге араластырылып,
құдірет қолы тарапынан иленген. Осылайша, адамнан
осындай қайшылықтар ішінде
дұрысты тауып, шешім қабылдау талап етіледі
130
.
Мүмін балиғат жасына толумен жұмаққа қадам басқанға дейін кӛптеген
емтихандардан ӛтеді. Барлық емтихан оны жұмақтың мүшесі халіне жеткізеді. Бұл
жағдайда емтихандар адамды жұмаққа ұшыратын бір пырақ секілді. Емихандарға
осындай кӛзқараспен қараған адам әрине үмітсіз және алаңдаулы болмайды «Бұл да
ӛтер!» деп, иманмен, сабырмен құлшылығын жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: