«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Суық қаруға қарсы кішіпейілдік қаруы



Pdf көрінісі
бет83/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Суық қаруға қарсы кішіпейілдік қаруы 
Ұзақ уақыттан бері мешітіне азаншы таба алмай жүрген имамның жанынан бір 
күні азаншы кӛрінді. Мешіттің жамағатынан Уехби мырза бұған қуанып: 
-
Құтты болсын, Хожа Ефенди, ақыры азаншы табылыпты ғой,- дейді. Имам 
Ефенди күлімсіреп былай деді: 
-
Бұл азаншы тағайындалып келген азаншы емес. Шапағат пен 
кішіпейілдікпен жаулап алған азаншымыз. Ол бізге суық қару таянды, ал біз 
оған шапағат қаруымызды тақадық, әуелі ол бізді, сосын біз оны 
бағындырдық. Ал, қазір азаншымыз болып бізге адалдығын кӛрсетіп жүр. 
Уехби мырза ештеңе түсінбейді. Имам Ефенди оқиғаны былай түсіндірді: 
-
Бір күні таңертең ерте мешітті жауып, үйіме қарай шығып бара жатқанымда 
кенеттен бір дауыс мені тоқтатып: 
-
Хожа! Қолыңды кӛтер. Әйтпесе атамын! – деді.
135
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, Кырык Мызрап, 451-б. 
136
Ба
қ
ара, 2\286 
137
Ба
қ
ара, 2\185 
138
Ниса, 4\28 
139
Хажж, 22\78 
140
Ба
қ
ара, 2\256 
141
Юнус, 10\99 
142
Ахзап, 33\36 


77 
Қарасам қару кезенген біреу маған: 
-
Мына жаққа қарай жүр,- деп жол кӛрсетті. 
Қолымды кӛтерген күйі соның айтқан жағына қарай жүрдім. Бір кезде мазаратқа 
келдік. Мазаратты біраз аралап жүргеннен кейін артыма бұрылмастан мен оған: 
-
Неғып аралап жүрміз?- дедім. Ол: 
-
Менің сенің жамағатыңнан пәлен деген адамның баласымын, әкемнің 
мазарын іздеп жүрмін, демесі бар ма? 
Мен әрі таңданған, әрі кішкене еркіндеген түрде: 
-
Әкеңнің мазары міне мұнда, деп іздеген қабіріне ертіп апардым. Ол маған 
бұйырып: 
-
Жерге отыр да, Ясин оқы!- деді. 
Таңданған қалпымда Ясинді оқыдым. Марқұмның рухына бағыштадым. Бір 
кезде кӛзімнің қиығымен артыма қарасам қаруын қалтасына салып, жылап отыр екен. 
Ясин біткен соң маған: 
-
Сен міндетіңді атқардың, енді кете бер! - деді. 
-
Жоқ, дедім мен. Сені тастап кетпеймін. Бұл істің мәнісін білуім керек. 
Ол ӛксіп жылай бастады. Біраздан соң есін жинап, жағдайды түсіндіре бастады: 
-
Мен ӛкінішке орай ішімдік ішемін, түнде де ішкен болатынмын. Түсімде 
әкемді кӛрдім, ол маған: 
-
Сен қандай баласың, сенен айрылғалы қаншама уақыт болды, ешқандай 
сыйлығыңды алмадым, - деді. Мен оянған соң әкем үшін Ясин оқытқым 
келді. Рахмет, сен оқып бердің. Енді мені оңаша қалдыр. Мен балшыққа 
батқан адаммын! – деді.
-
Жоқ, -дедім. Сен балшыққа түскен адам емессің. Солай болған күннің ӛзінде 
алтын жерге түскенмен оның құны жоғадмайды. Тек балшығын алып тастау 
керек. Жүр, сені үйге ертіп апарайын, - дедім. Ол біраз қарсылық танытты. 
Мен қоймай оны үйге ертіп келдім. Ӛзін түкке тұрғысыз адам деп 
қабылдады. Мен оған «Сондай әкеден жаман бала тумайды, барлық нәрсенің 
ӛз уақытысы бар, міне енді қайтудың уақыты» дедім. Сӛйтіп, екеуміз 
достастық. Бұл достығымыздың дамығаны соншалық міне ӛзіңіз кӛріп 
тұрғандай мешітімізде азаншы болып қызмет атқарып жүр.
Қысқасы, ол бізге суық қару кезенді, ал біз оған кішіпейілдік пен шапағаттың 
қаруын кезедік. Әуелі ол бізді қорқытты, бірақ біз оны осылайша бағындырдық
143
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет