66
ұсынылады. Баға, кімгеде ынталандырушы құралы ретінде керек, солайша
балаға қойылады. Оқыту процесі жекешелендіру схемасымен жүреді.
Педагогтар ата-аналармен белсенді қарым-қатынаста бірігіп жұмыс атқарады.
Сонымен қатар, оларды білім беру процесіне кіріктіруге тырысады.
«Ковчег» интеграциялық мектебінің моделі жаңа білім беру ортасын
құруды болжайды. Ең негізгі сәті болып, білім беру мекемесінде барлық оқыту
түрін ұйымдастыруы саналады.
Ол:
-дені сау балаларымен бірге мүмкіндігі шектелген және денсаулығына
байланысты балаларды интеграциялық сыныпта оқыту. Балалар саны 20 бала;
-түзету сыныптарында 10-12 баладан оқыту;
-мүмкіндігі шектелген балаларды үйден оқытудың 4 түрімен жүреді:
аз қамтылған сыныптағы сыныптық-сабақтық, топтық, жекелік мектепте және
үйде, санаторлық бөлімшелерде оқытуда балалар қажетті жеке емдік және білім
алады, кейбір пәндерден қашықтықтан оқыту түрі алынады;
Сонымен қатар мектепте денсаулықты қорғау және жеке үйден оқытуды
кіріктіріп оқыту жүйесін құру болып саналады.
№1321 «Ковчег» мектебінің тәжірибесі интеграциялық мектептің
пайдалылығын көрсетті. Ол, даму мүмкіндігі шектелген балалар психологтың,
психоневрологтың, дефектологтың және логопедтің бақылауында болып,
педагогтардың қатысуымен әлеуметтік-бейімделінген болып, өздерін екінші
сортты адам екенмін деген көзқарастан арылады, ашылады. Дені сау балаларға
мүмкіндігі шектелген балалардың жағдайлары шыдамдылықты тәрбиелеу
тәжірибесі, мейрімділігі тәрбиеленеді.
Сондықтан, интеграциялық оқыту ортасы адамгершілік қабілетін,
әлеуметтік-психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде болады.
Инклюзиті білім беру-әлеуметтік концепция, мақсаттың бір келкілілігін
болжайтын қоғамның толерантты көз қарасын қалыптастыру және мүмкіндігі
шектелген балалардың сапалы біріктірілген білімнің тең құқықтылығын
мойындау. Инклюзивті білім берудің дамуы–ол жаңа жүйе құру емес, білім беру
жүйесін толықтай сапалы, жоспарлы өзгертуі.
Достарыңызбен бөлісу: