Олай болса, сөз ортасында да, аяғында да дауысты дыбыстан басталатын буын болады екен. Мысалы: ай-ы (а-йы емес), дау-а (да-уа емес), дай-ын-дық (да-йын-дық емес), құй-ын (құ-йын емес), сау-ат (са-уат емес), жи-ын, қи-ын, ти-ын т.б. Олай болса, сөз ортасында да, аяғында да дауысты дыбыстан басталатын буын болады екен. Мысалы: ай-ы (а-йы емес), дау-а (да-уа емес), дай-ын-дық (да-йын-дық емес), құй-ын (құ-йын емес), сау-ат (са-уат емес), жи-ын, қи-ын, ти-ын т.б. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын және бітеу буын. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын және бітеу буын. Егер дауысты дыбыстарды шартты түрде – А, дауыссыз дыбыстарды – Б әріптерімен таңбалайтын болсақ, буын түрлерін (оның дыбыстық құрамын) былайша өрнектеуге болады: 1. Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын. 1. Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын. 1) А: а-та, а-па, ә-же, о-қы, ө-ре, ы-ды-ра т.б. 2) БА: ба-ла-сы, жа-ға, да-ла-да, же-лі т.б. 2. Тұйық буын – дауыстыдан басталып, соңы дауыссызға аяқталатын буын. 2. Тұйық буын – дауыстыдан басталып, соңы дауыссызға аяқталатын буын. 1) АБ: ал, ақ, ай, ат, ас, үй, ақ-тар, әл-ден, ой-лан (бірінші буындар) т.б. 2) АББ: ант, өрт, ұлт, ұрт т.б. 3. Бітеу буын – басында да, соңында да дауыссыз дыбыс тұратын буын. 3. Бітеу буын – басында да, соңында да дауыссыз дыбыс тұратын буын. 1) БАБ: бас, көз, қол, бет, тас, бас-тық, бал-шық, тас-тақ, бөл-шек-тер, бұл-бұл-дар т.б. 2) БАББ: қант, бұлт, қарт, төрт, жарқ-жұрқ, күрк-күрк т.б. Яғни қазақ сөздерінде буынның 6-ақ түрі ұшырасады екен. Олар: А, БА, АБ, АББ, БАБ, БАББ.
Достарыңызбен бөлісу: |