) Кейінді ықпал (регрессивті ассимиляция) деп – кейінгі дауыссыздың алдыңғы дауыссызға әсер етіп, оны дауыстың қатысы жағынан гөрі жасалуы жағынан өзіне икемдеп тұруын айтамыз
2) Кейінді ықпал (регрессивті ассимиляция) деп – кейінгі дауыссыздың алдыңғы дауыссызға әсер етіп, оны дауыстың қатысы жағынан гөрі жасалуы жағынан өзіне икемдеп тұруын айтамыз.
Кейінді ықпалдың сызбанұсқасы мынандай:
Үнді үнді
үнді
Ұяң
ұяң
Қатаң қатаң
1) Үнді < үндіге мысал: қан+мен > қаммен, жан+мен > жаммен т.б.
1) Үнді < үндіге мысал: қан+мен > қаммен, жан+мен > жаммен т.б.
2) Үнді < ұяңға мысал: он+ға > оңға, күн+ге > күңге, түн+гі > түңгі т.б.
Яғни Г, Ғ ұяңдарынан бұрын Н дыбысы айтыла алмайды. Ол Ң дыбысымен алмастырылады. Себебі, Г, Ғ ұяңдары – тіл ортасы (г) және тіл арты (ғ) дыбыстары. Олар өздерінің алдында тұрған тіл алды Н дыбысына ықпал етіп, оны дәл өзіндей тіл арты Ң-ға айналдырады.
Сондай-ақ, қос ерін Б (ұяң), П (қатаң) дыбыстары өздерінің алдында тұрған Н дыбысын (үнді) қос ерін М (үнді) дыбысымен алмастырады. Мысалы: жан+бады > жамбады, жан бота > Жамбота, он бір > омбір, жан пида > жампида, жан пейіс > Жампейіс т.б.
3) Ұяң < ұяңға мысал: мұз жарғыш > мұжжарғыш, қыз жібек > Қыжжібек, боз жорға > божжорға т.б.
3) Ұяң < ұяңға мысал: мұз жарғыш > мұжжарғыш, қыз жібек > Қыжжібек, боз жорға > божжорға т.б.
Бұлар толық үндестіке жатады. Ал жартылай үндестікке мысалы: бек+зада > бегзада, ақ дала > ағдала, көп зауыт > көбзауыт т.б. Бұл жерде алдында тұрған қатаңдар (К, Қ, П) соңындағы ұяңдардың ықпалына ұшырап, ұяңданып кетіп тұр.
4) Қатаң
< қатаңға мысал:
4) Қатаң < қатаңға мысал:
а) қаз+са > қасса, сөз+сіз > сөссүз, жүз сом > жүссом;
б) таз+ша > ташша, сіз+ше > сішше, сөзшең > сөшшең, жүз шақты > жүшшақты т.б.
Бұл мысалдарда соңғы қатаңдардың әсерінен алдыңғы З ұяңы қатаңданған. 1-ші және 3-ші топ мысалдарда (а, б) олар толық үндессе, 2-топ мысалдарда (ә) олар жартылай үндескен.