Дауыссыздар мен дауыссыздардың үндесуі (ассимиляция). Қатар тұрған екі дауыссыздар да дауыстылар мен дауыссыздардың үндестігі сияқты бір-біріне ықпал етіп, үндесіп тұрады. Бұл құбылысты орыс тіл білімінде ассимиляция деп атайды. Яғни ассимиляция – дауыссыз дыбыстардың үндесуі деген сөз. Қатар келген екі дауыссыз дауыстың қатысы (дауыстың аз-көптігі: үнді, ұяң, қатаң) және жасалуы (тіл алды, тіл арты, еріндік т.б.) жағынан бірін-бірі игеріп, біріне-бірі бейімделіп, ұқсап, бір сөзбен айтқанда, үндесіп тұрады. Мысалы: Мысалы: 1) жан+нан, қар+ды, жаз+ға, жат+қа т.б.; 2) қан+мен > қаммен,, жан+ға > жаңға, бас+шы > башшы т.б. Бұл екі топ мысалдардан мыналарды аңғаруға болады: Біріншіден, дауыссыздар қазақ тілінде негізінен морфемалардың (түбір сөз бен қосымшаның, түбір мен түбірдің) жігінде қатар тұра алады; Екіншіден, қатар тұрған дауыссыздар бір-біріне не ілгері бағытта, не кері бағытта ықпал ете алады. Осы ерекшеліктеріне қарай дауыссыздардың бір-біріне ықпалы 3 түрге бөлінеді: Осы ерекшеліктеріне қарай дауыссыздардың бір-біріне ықпалы 3 түрге бөлінеді: 1) ілгерінді ықпал; 3) тоғыспалы ықпал. 1) Ілгерінді ықпал (прогрессивті ассимиляция) заңы бойынша қатар тұрған екі дауыссыздың алдыңғысы соңғысына әсер (ықпал) етіп, оны дауыс қатысы жағынан өзіне бағындырып, икемдеп тұрады. 1) Ілгерінді ықпал (прогрессивті ассимиляция) заңы бойынша қатар тұрған екі дауыссыздың алдыңғысы соңғысына әсер (ықпал) етіп, оны дауыс қатысы жағынан өзіне бағындырып, икемдеп тұрады. Оны сызбанұсқа түрінде берсек, былай болып шығады: үнді (нан+нан, мал+мен) Үнді ұяң (қар+да, мал+дың) Ұяң ұяң (қаз+ға, жаз+да, мұқтаж+ға, уәж+ді) Қатаң қатаң (тас+ты, қат+па, кес+се) Үндіден кейін қатаң тұра алады. Әсіресе, С, Ш, Т қатаңдары тұра алады. Мысалы: ем+ші, ай+сыз, аң+ша, жау+са, ойлан+т, ағар+т т.б. Бірақ бұл жерде үндестік жоқ. Бұл сөздерге қосылып тұрғандар – жалғаулар емес, жұрнақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |