Қорытар болсақ: барлық дауыссыздар дауыстың және салдырдың қатысуы арқылы жасалып, үнділер, ұяңдар, қатаңдар болып үшке бөлінеді. Олардың бір-бірінен айырмашылығы – дауыс мен салдардың қатысу дәрежесіне байланысты. Айталық, үнділерде дауыс та, салдыр да тең дәрежеде болса (олар – «жарты дауыстылар»), ұяңдарда салдыр басым да, дауыс аз. Ал қатаңдар негізінен салдыр арқылы жасалады да, дауыс оларға аз қатысады.

Дауыссыздар тілімізде дауыстылармен ылғи тіркесіп, бүйір түйістіріп, іркелес қолданылады. Сондықтан болар, дауыссыз дыбыстардың әрқайсысы дауыстылардың әсерінен 4 түрлі реңкте айтылады. Олар жуан езулік (ас, асар), жіңішке езулік (ес, есер),жуан еріндік (ос, осар),жіңішке еріндік (өс, өсер). Мұндай қасиет дауыссыздардың бәріне тән. Ол әсіресе тіл алды дауыссыздарында анық байқалады.
Дауыссыздар тілімізде дауыстылармен ылғи тіркесіп, бүйір түйістіріп, іркелес қолданылады. Сондықтан болар, дауыссыз дыбыстардың әрқайсысы дауыстылардың әсерінен 4 түрлі реңкте айтылады. Олар жуан езулік (ас, асар), жіңішке езулік (ес, есер), жуан еріндік (ос, осар), жіңішке еріндік (өс, өсер). Мұндай қасиет дауыссыздардың бәріне тән. Ол әсіресе тіл алды дауыссыздарында анық байқалады.
Дауыссыздарды үнділер және үнсіздер деп, екіге бөліп те қарастыруға болады. Үнділерге – орысша айтқанда сонор дыбыстар жатса, үнсіздерге – ұяңдар мен қатаңдар жатады. Үнділер мен үнсіздердің айырмашылығы: жоғарыда айттық, үнділерде дауыс пен салдыр тең болса, үнсіздерде дауысқа қарағанда салдыр басым болады.