Изучение подлежащего как структурно-семантического компонента простого двусоставного предложения

Д/Т фонемалары – тіл алды дыбыстары; екеуі де шұғыл айтылады; бірі – ұяң (Д)

бет8/9
Дата15.03.2023
өлшемі100,54 Kb.
#74627
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Д/Т фонемаларытіл алды дыбыстары; екеуі де шұғыл айтылады; бірі – ұяң (Д), екіншісі – қатаң (Т). Жоғарғы Б/П дыбыстары сияқты қатаңы (Т) сөздің барлық шенінде (басында, ортасында, аяғында) айтылады да, ал оның ұяң сыңары (Д) сөздің басында, ортасында айтылады және жазыла береді; бірақ сөздің аяғында айтылмайды. Егер шетел тілдерінен келген сөздердің соңында Д кездесе қалса, ол Т болып (қатаңданып) айтылады немесе түсіп қалады. Мысалы: завод (айтылуы – зауыт), анод (>анот), катод (>катот), рекорд (>рекорт), жад (>жат); поезд (>пойыз), съезд (>сиез) т.б.

Жасалуы жағынан бәрі де тіл фонемалары болғандықтан Д, Т және Н, Л дыбыстары қосымшалар мен шылаулардың басында бірін-бірі алмастыра береді. Мысалы: -дан/-тан/-нан (орман+нан), -дың/-тың/-ның (нан+ның), -дар/-тар/-лар (бала+лар), -дай/-тай/-лай (ақша+лай), да/та (мал да, тас та) т.б.

Г/К фонемалары – тіл ортасы, шұғыл дыбыстар; екеуі де жіңішке. Айырмашылықтары: бірі (г) – ұяң, екіншісі (к) – қатаң. К қазақ сөзінің барлық шенінде кездессе, Г сөздің басы (гүл) мен ортасында (күзге) ұшырасқанымен, сөз аяғында кездеспейді. Ал кірме сөздердің аяғында кездесе қалса, ол К болып айтылады. Мысалы: геолог (айтылуы – геолок), гонг (>гонк), диалог (>диалок), педагог (>педагок) т.б.

Қазақ тілінде бұл екі фонема (Г/К) тек жіңішке дауыстылармен ғана қатар тұра алады. Алайда қазіргі орфографиялық сөздіктерімізден гаухар, күнәһар, хакім, кастрөл деген сияқты жуан дауыстылармен қатар тұрған Г, К дыбыстарын кездестіруге болады. Бұлар – өзге тілден енген сөздер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет