237
тар бұдан он жыл бұ рын шық қандықтан пайда ла-
нуыңыз ерсі көрініп отыр.
Жалпы, мақалаңызда корректуралық қателік-
тер
ге байланысты құратын болсаңыз және соңғы
жылдар
да жарық көрген еңбектерге негізде
сеңіз
кәдеге асыру ға болады. Алдағы уақытта редакция-
мен хабарла сып тұруыңызды өтінеміз.
Сәлеммен
Сын және библиография
бөлімінің меңгерушісі: С.Жұмабеков.
238
Сайлаубек Жұмабек
сын маЙДанынан қаЙтпаған
Жанғара ДәДеБАеВ
Қазақ әдеби сынының тарихы тереңде. Әдебиет
ту ралы ой әдебиетпен бірге туып, әдебиетпен бірге
жа
сауда. Сондықтан әдебиеттің тарихы секілді
әдеби сын
ның тарихы да ғылыми таным таразы-
сына тартылып, арнайы қарастырылып келеді.
Іргелі зерттеу еңбек тері жазылуда. Сынның тегі мен
түрі сарапталды, қоғамдық мәні, көркемдігі пайым-
далды. Кандидаттық, доктор
лық диссертация-
лар, монографиялар жазылды. Алайда қазақ әдеби
сынының теориясы мен қолданбалы мәсе лелері, әдеби
талдаудың, әдеби шығарманы сынаудың әдіснамасы,
сыншының талдау және бағалау шеберлігі, сыншы
шығармашылығының көркемдік және эстети калық
болмысы туралы қазақ әдебиеттануында қолға
ұстап, қажетке жаратқандай арнайы зерттеу бүгінге
дейін жүргізілген емес. Бұл ретте әдебиет сын-
шы сының жо лын таңдаған жанның арнайы әдеби
білімімен қатар эсте тикалық танымы мен талғамы,
теориялық дайындығы, әде
би шығарманы талдау
және бағалау шеберлігі аса маңыз ды екендігінде сөз
жоқ. Тиянақты әдеби білімі жоқ кісі өмірде көр ген-
дері мен білгендерінің негізінде ақын немесе жазу-
шы ретінде еңбектеніп, қатардан озбаса да, көштен
қалмай жүре беруі мүмкін. Сында жай да, жағ дай
да басқа. Әдебиет саласында терең теориялық білімі
239
жоқ жан сын сарайының ішіне кірмек түгіл, оның
қақпасын қағуға да жарамайды. Сыншыда әдеби-
теориялық те
рең білімге қоса әдеби-эстетикалық
талғам-таразы болуы шарт. Талғам-таразы қалам
ұстаған қайраткерлердің бәрінде де болуы ықти-
мал. Сыншының әдеби-эстетикалақ талғам-таразы-
сы – өзгеше талғам, өзгеше таразы. Ол әдебиет тің
тарихы мен теориясы саласындағы терең білім жа-
рығы мен анықталып, соның таразысымен өлшенеді.
Бұл жер де басқа мөлшер, өзге өлшем жоқ. Ал әдеби
шығарм а ны талдау шеберлігі мен бағалау тұрғысы
дегенде, тек қана сыншы шеберлігі, сыншы тұрғысы
туралы ғана айту ға блады. Әдеби сынның дамуы,
әдебиет сыншысының кәсіби қалыптасуы үшін осы
қасиеттер мен олар тура лы әдеби ойлардың бәрі де
маңызды. Алайда сын саласында мұндай ізденістер
үшін соқпақ болмаса, айдау жол бол ған емес. Сын-
шы мұзды мұхит төріндегі мұзжарғыш секіл ді әдеби
сындағы бағыт-бағдарын өзі анықтады, мұзды өзі
жарды, мұхитты өзі кешті, әдеби талдауларын өмір-
ден, әдебиеттің тарихы мен теориясынан тапқан
білімдері мен біліктеріне, шығармашылық ізденістері
мен эстетика лық нысаналарына сай жасап, өзді гінше
жол тапты. Осын дай жағдайда кәсіби сыншы болып
қалыптасып жетіл ген біртуар, бітімі дара, та биғаты
таза шығармашы лық тұлғалардың бірі – Сайлаубек
Жұмабек.
Сайлаубек Естайұлына университетте тәлім
берген, білім берген ұстаздар әдебиеттанудың көш
басында ғы тарландар, көркем сөздегі көсем талант-
тар еді. Өзі де, бірге оқыған достары мен жолдас-
тары да универси
тет аудиториясында отырып-ақ,
әдебиетке баланың көзі
мен емес, ағаның көзімен
қарайтын, әдебет туралы сөз сөйлеп қана қоймай,
240
Сайлаубек Жұмабек
ой айтатын, пікір ұсынатын. Уни верситетті бітірген
соң, әрқайсысы әр саладан орын тапты. Сайлаубек-
тің ортасы, әдеби жақын айналасы ай барлы болды.
Асқар Сүлейменов, Төлеген Тоқбергенов, Зей нолла
Серікқалиев, Қалтай Мұхамеджанов, Сейдахмет
Бердіқұлов, Шерхан Мұртаза, Тахауи Ахтанов, Ғабит
Мүсірепов секілді сөз өнерінің өнегелі, өрелі өрен
жүйріктерімен бірге қызмет етудің, қатар жүрудің,
сұх баттас болудың тағылымы, тәлімі мен тәрбиесі
аса маңыз ды болғанында сөз жоқ. Сайлаубекті осы
ортаның жары
ғы жарқыратты. Өзі де оттай шал-
қып, шоқтай жайна ды. «Сын пернесі» (1989), «Ғабит
Мүсірепов» (1989), «Жұлды
зы нұрлы суреткер»
(1993), «Жүрегі - мұң, жүрегі – нұр» (1989), «Қазығұрт
перзенті» (1998), «Сын әуені» (2001), «Шер хан Мұртаза.
Жұлдызы нұрлы суреткер» (2002), «Тахауи Ахта нов.
Талант тектоникасы. Роман-портрет» (2003), «Сын
симфониясы» (2005), «Қалтай Мұхамеджан.Титан
драматург. Шығармашылық портрет» (2007) және
басқа еңбектерінде автордың сол ортада тебіренген
күйі нің лаулаған жалыны, саулаған жарығы бар.
Сыншы талантының жарығы да, жалыны да
ерекше. Әдеби шығарма табиғатында барды көріп,
дұрыс тани бі лу – қасиет. Әдеби шығарма табиға-
тында барды көріп, тани білумен қатар оны саралап,
талдай білу - өнер. Алай да сыншының міндеті әдеби
шығармадан нені көріп, нені таныса, тек соны
талдап, соны сараптау ғана емес. Әде биет сыншысы,
алдымен, көреген болуы шарт. Көреген болу –
көздің емес, көңілдің қасиеті. Ол көркем әдебиет тің,
өнер мен мәдениеттің, тұрмыс пен салттың, тарих
пен философияның ғасырлар бойы жинақталған
асыл үлгі лері мен қағидаларын, жалпыадамзат тық
сипатқа иеленген рухани құндылықтарды көңі-
лінде балқытып, көкірегінде қорытып, зердесіне
241
құя білген зергер жан нан ғана табылмақ. Сонда ғана
сыншының әдебиет пен өмір туралы, әдеби шығ арма
туралы оның тек өзіне ға на тән эстетикалық мұ раты,
шығармашылық ұстанымы айқындалмақ. Осын дай
эстетикалық мұраттың, осын
дай шығармашы
лық
танымның сыншысында ғана әде
би шығарма
ның
келісті келбеті, әдемі әлемі, тамаша табиға ты туралы
өзгелерде жоқ, тек оның өзінде ғана бар ерек ше таным
болмақ. Ол сондай таныммен ғана әдеби шығар ма-
да бар және жоқ, сондай-ақ болуға тиіс құбылыс-
та р мен ерекшеліктерді, басқаша айтқанда, көркем
әдебиет тің бүгінгісі мен ертеңгісін, осы шағының
бол мысы мен келер шағының сипатын қатар, салыс-
тырып көре ала ды. Әдебиет сыншысының көреген
болуы керектігі тура лы ойымыздың мәнісі осында.
Зейнолла Серікқалиев, Төлеген Тоқбергенов, Сағат
Әшімбаев сынды Сайлаубек Естайұлы да әдебиет
сынын шынайы әдеби көркем сын дең гейіне, одан
әдебиеттану деңгейіне көтеруге ұмтыл
ған осын-
дай қайраткер болмыстың сыншысы еді. Ол әдеби
шығармадан, алдымен, шындық болмыстағы қо-
ғам дық, әлеуметтік мәні бар құбылыстардың терең
ашылуы
на назар аударды. Қоғамдық мәні зор
өмір шындықтары
ның сырын терең ашып, шы-
найы суреттеген әдеби шығар ма ғана эстетикалық
мәні маңызды талдаулар мен бағалауларға негіз
бола алады деп білді. Қоғам үшін мән ді, мағына лы
шындық құбылыстарды суреттеу жазушы дан өмір
шындықтарын терең білуді, қоғамның әлемет
тік
даму заңдылықтарын, сұраныстарын жете зерде-
леу ді талап ететіні сөзсіз. Өмірді терең, жете білмей-
тін жазу шы шынайы көркем шығарма жаза алмақ
емес. Сыншы тура лы да осыны айтуға болады: өмірді
терең білмеген сын
шы әдеби шығармада көрініс
тапқан өмір шындықтары ның қоғамдық мәнін жете
242
Сайлаубек Жұмабек
тани алмайды. Сыншы өмір шындықтарын әдебиет
пен өнер заңдылықтарынан те рең білмесе, кем біл-
меуге тиісті. Сонда ғана оның сыны сындарлы бол-
мақ. Сайлаубек прфессионал сыншы ретін де берік
ұстанған қағидалардың бірі осындай болды. Сын-
шы жазушы шығармасының сюжеттік өзегі болған
шын дық құбылыстарды ірі не ұсақ деп жіктеуге бара
берме ді. Шығармада суреттелініп отырған шын дық
құбылыс
тың қоғамдық, әлеуметтік, эстетика
лық
маңызы мен мәні не назар аударды.
Сыншы «дүниежүзілік әдебиетте Антон Чехов
қалдыр
ған эстетикалық принцип өмірдің өзіне,
оның небір елеу
сіз жәйттеріне жүгіну, бояма-
сыз-қоспасыз жазу» екендігі
не сүйсіне оты-
рып, Қалаубек Тұрсынқұлдың «Бүйрек», «Анды-
Қарақыз» шығармаларынан осы ұстанымның бой ды
балқытып, ойды толқытқан шынайы да шы райлы
көрі
нісін тауып марқаяды. Жазушы шы
ғар
ма-
ларында, рас, өмірде болған оқиғалар сурет теледі.
Де
генмен автор
дың шығармасындағы шын
дық –
көркемдік шындық. Шынтуайтқа келгенде, өмір-
дің шындығынан суреткер
дің қаламынан туған
көркемдік шындық әлдеқайда шы найы. Боямасыз,
қоспасыз жазу туралы сыншы сүй сінісі, айналып
келгенде, көркемдік шындықтың шынайы
лы-
ғына деген сүйсініс болып табылады. Содан да болу
керек, Қалаубек Тұрсынқұлдың «Бүйрек» әңгі
ме-
сіне қатысты ол: «Шығарма, сөз жоқ, адамзат бала-
сы ның бойындағы ең бір асыл, ең бір аяулы, ең бір
қас терлі, ең бір өмірлік ұлы сезімдердің көркемдік
кардио
граммасы», – деп, поэтикалық тұжырым
жасайды. Әде
би шығарманың көркемдік шынды-
ғын эстетикалық қабыл дау дан туған әдемі әсер мен
әдеби-эстетикалық те
рең талдаудан туған қуат-
ты ойдың жараса ағылған тамаша жарасымы сын-
243
шы тұжырымына мейлінше сәулет ті сипат берген.
Сыншы әдеби шығарманың өмірлік құнды лықтарға
эстетикалық қатынастарын пайымдай оты
рып, өз
талдаулары мен сараптауларында ғылыми тари-
хилық ұстаным тұрғысынан да қол үзбейді. Әрине,
әде
би шығарма, оның көркемдік-идеялық әлемін-
дегі әр құбылыс толып жатқан басқа құбылыстар-
мен сан сала дан байланысып, сабақтасып жа тады.
Олар ды қай тұрғы дан, қай бағытта, қандай қаты-
наста және қандай деңгей
де қарастыру қажеттігі
сыншының алдына қойған мақса
ты мен міндет-
теріне сәйкес анықталады. Сайлаубек Естайұлы өз
шығармашылығында жалқы жайын айта оты
рып,
жалпыдан, жалпы жайында ой толғай отырып, жал-
қыдан қол үзген емес. Сондықтан оның ойлары мен
тол ғаныстарында, талдаулары мен сараптауларында
жалпының мәні мен жалқының сыры, көркемдік
шарық тау биіктері мен ғылыми парықтау иірімдері
жұп жаз бай, тұтасып жатады.
Сайлаубек үнемі шарықтаған шығармашы-
лық ізде ніс үстінде болды. Сыншы ізденісі қажыр-
лы, тыным сыз еңбекпен ұштасып жатты. «Көтері-
ліс және көркем
дік танымдар генети
касы»,
«Талант тектоникасы», «Сын симфониясы» се к ілді
әдебиеттану мен сын үшін академиялық жүйеде
тосын, ерекше, тіпті оқыс көрі
нетін мәселе
лерді
көтеруі, сынға жаңа ұғымдар, түсінік
тер қата
рын
алып келуі осы тектес көркемдік эстети
ка
лық,
шығармашылық ізденістердің тереңдігі мен шы ғар-
машылық ойлаудың ерендігінен еді. Осындай ерек-
шелік сыншының жеке шығармашылық тұлғалар
тура лы туындыларына да тән. Бұл ретте автор дың
Шерхан Мұртаза, Қалаубек Тұрсынқұл, Тахауи
Ахтанов, Қалтай Мұхамеджан хақындағы ірі де
іргелі, бір текті шығар маларын арнайы атап көрсет-
244
Сайлаубек Жұмабек
кен дұрыс. Аталған қаламгерлер шығармашы лығы
жайындағы еңбектері
нің бірін автор «эссе» деп
атайды, екінші біреуіне «шығар машылық портрет»
деп айдар тағады, келесісін «роман-портрет» деп
айшықтайды. Сыншы, осылай ша, әдеби көркем сын
айналымына сыры бір, сипаты бө
лек ұғымдарды
енгізді. Автордың көрсетілген кітапта ры зерделеу пәні
жағынан өзара сарындас. Бірақ бәрі де әдеби көркем
сын саласындағы жаңа, дара тұрпатты шығармалар
болып табылады. Анығын айту керек, жазу шының
шығармашылығы туралы роман-портрет жазу сын
саласында тек Сайлаубек Жұмабектің ғана қолы -
нан келді. Бұл - сын тарихында бұрын соңды бол-
маған жаңа құбылыс, сыншының талант даралығын
танытқан шығармашылық жаңа үлгі.
Cыншының шығармашылық туындылары-
ның бәрі ғылы ми ұстанымға, ғылыми бағалауларға
негізделе тұ ра, суретті, образды. Баяндау, сипаттау,
талдау мәне
рін
де де шығармашылық құштарлық
құшағында құлпыр ған суретті өрнектер мол. Осы
ерекшеліктерді негіз ге алғанда, сыншының Шерхан
Мұртаза, Қалаубек Тұрсынқұл, Тахауи Ахтанов,
Қалтай Мұхамеджан туралы еңбек терінің бәрін де
тектес деп қабылдауға болады. Ал нақ ты ат, затты
атау айту қажет болса, автордың «роман-портрет»
деген жанрлық анықтама бағытында негіздел
ген
тер мин сөзіне назар аударған оңды. Расында да сын-
шы ның Тахауи Ахтанов шығармашылығы жайында
жаз ған туындысының жанрлық табиғатын «роман-
портрет тен» артық ашатын лайықты терминді табу
оңай емес.
Сыншы «Талант тектоникасына» Ахтанов
Ахтанов
тың көзімен деген айқындауыш атау
қосады. Мұның мәнісі автордың Тахауи Ахтанов-
тың шығармашылы
ғын Ахтановтың өз көзімен
245
талдап, өз көзімен пайымдауын да. Бұл – cыншы-
ның өзі іздеп тапқан жаңа ұстаным, сын
шының
өзіне ғана тән дара тұрғы. Осы жерде еске ретін бір
жай бар. Ол – Ахтанов шығармашылығы на Ахта -
новтың көзі мен Сайлаубектің көзінің бір көз екен-
дігі. Ахтанов шығармашылығына Ахтанов
тың
көзі
мен қарайтын – Сайлаубек Жұмабектің өзі.
Мұндай батыл
дыққа сыншының сыншысы ғана
тәуекел ете ала ды. Өйткені мұндай шығармашылық
мақсатқа жету үшін білім мен білік, талап пен талант,
еңбек пен ізде
ніс қана емес, осылардың бәрінің
төбесінен қарап тұр
ғандай биік қасиет қажет.
Оның аты – Ахтановтың өзі мен шығармашы лы-
ғына, шығармашылық тұлғасына де
ген азамат-
тық құрмет пен адамдық сүйіспеншілік. Сын
шы
Ахтановты, Ахтановтың шығармашылығын, Ахта-
нов тың шығармашылық мұратын, шығармашылық
ойы мен ойлауын, көркемдік-эстетикалық әлемі-
нің жары
ғы мен жарқылын осындай құрметпен,
осындай сүйіс пеншілікпен барлап, қабылдады. Бұл
– Сайлаубек талан
тының сыншыл һәм сыршыл
ерекшелігі. Бұл – Сайлау бек Жұмабек табиғаты ның
адамдық, азамат тық, адамгершілік, кісілік қасиеті.
Талантқа құрмет, талант қа деген сүйіспеншілік жоқ
жерде сын да, сыншы да жоқ. Сайлаубектің сын
саласындағы шығармалары жазушыға, жазу
шы
таланты мен жазушы табиғатына деген құр мет пен
сүйіспеншіліктен туды.
Жазушының еңбегі, жазушының таланты,
жазушы ның шеберлігі туралы әдебиеттанушы да,
сыншы да аз ай тып жүрген жоқ. Соған қарамастан
бұл мәселелер тура лы айтылған, жазылған ойлардан
айтылмаған, жазылма
ған, шешілген мәселелер-
ден шешілмеген, шешімін кү тіп жатқан міндеттер
әлдеқайда көп. Зерттеушілер де, сыншылар да бұл
246
Сайлаубек Жұмабек
мәселелер аясындағы күрделі, ірге
лі құбылыстар
туралы, көбінесе, жалпы айтуға бейім. Мұны айып
санаудың жөні жоқ. Қалпы айтқаннан жал пы айт-
қан көш ілгері. Жалпы сипаттағы іргелі мәсе ле лер
туралы нақты айтуға ұмтыла отырып, қапелім
де,
қал пы айтып қою қиын емес. Ең бір қолайсызы –
еңбексіз, талантсыз, шеберліксіз жазылған шығарма-
дан көркемдік кесте іздеп тапқан болу. Тіпті талантты
қаламгердің талантсыз шығармасын тамашалаудан
да сақ болған аб зал. Талантсыз жазылған шығарманы
тамашалау талант ты өсірмейді, өшіреді. Сондықтан
да Сайлаубек Естайұлы мұндай тамашалаудан
бойын да, ойын да аулақ ұста ды. Үстірт, таяз жазыл-
ған шығарманы тас-талқан етіп сынау ға да бар мады.
Ондай сыннан әдебиетке де, сынға да ғиб рат болар
пайда жоқ деп білді: алтын қаламының ұшын тас-
қа салуға қимады. Жүрегін жылытпаған шығар-
маға да, кө ңілі толмаған жазушыға да бірқалыпты
сабырмен қара
ды. Жазушылық мұратының адал-
ды ғымен,
суреткер лік
табиғатының
тазалығы-
мен, кісі
лігінің ірілігі
мен, дарынының даралығы-
мен жа
нына жарығын түсір
ген, сезімін тербеген,
жү
регін тебіренткен, ойын балқыт
қан қаламгер-
лердің шығармашылығына жайбарақат қа рап отыра
алмады, жазды: сырын айтып, эссе жазды; шы нын
айтып, шығармашылық портрет жазды; сынын ай-
тып, роман-портрет жазды. Сүйгені мен сүйсінге ніне
ға на мойын бұрды. Сүйгенін оқып, сүйгенін жазды.
Меніңше, Сайлаубектің өзі көзі тірісінде көңілі толып
айт қан «Талант тектоникасы» да осы болу керек.
Сыншы болу, сын жазу оңай емес. Туғаны жоқ
тура би сынды сыншыда жақын да болмайды.
Оның себебін әр сыншы өзінше түсіндіреді. Қазақ
итің жаман деген сөз дің өзін көтере алмайды. Ал
247
әдеби шығарманың кемшілі
гін сынау автор үшін
пайдалы, ғибратты болғанмен, оның жанына жайлы,
жағымды емес. Автордың жа нын ауыртпай, көңілін
қалдырмай сын айту қиын. Басы нан өтпеген жан
мұның салмағын, ауыртпалығын сез
бейді, сезбе-
ген соң, сынның қырын, сыншының сырын біле
бермейді. Сынның салдарын, ауырлығы мен ауырт-
палығын мойнымен де, жүрегімен де тік тұрып көтер-
ген Сайлаубектің сын туралы, сыншы жайлы ойы
терең, сөзі салмақты: «Сын тура айтылады, қатты
айтылады, публистикалық сипаты ашық әрі өткір
келеді, – дейді сыншы, – Турасын айтсаң, туғаны-
ңа жақпайсың деген ді қазақ бекер айтты деймісің.
Сондықтан да сында тек жүрегінің түгі барлар ғана
тұрақтап қалады» [1,44]. Бұл сөзде сыншының шыны
да, сыры да бар. Шыны сол – автор турасын, аны-
ғын, ақиқатын айтып отыр. Сыры сол – турасын
да, анығын да, ақиқатын да жүрекке түс
кен сал-
мақтан басы ауырып, балтыры сыздап тұрып айтып
отыр. Турасын айту – шындықты айту. Сын болып
айтылған шындық егеулі найзадай. Оған төтеп бе-
ре алатын батыр өмірде сирек. Сындағы шын дық
алмас
тың жүзіндей. Оған түскен сау қалмайды.
Осы шындық ты қатты айту, өткір айту оның қат ты-
лығы мен өткірлі гін еселеп арттырады. Сондық тан
сында шындық айту ға қарсылардың тобы қалың,
шындықты тура, қатты, өт
кір айтқан сыншыны
күндеушілер, көре алмаушылар көп. Оның дұш паны
да аз болмайды. Осының бәрін біле тұра Сайлаубек
туралығынан таймады, қолын қусырмады, ба
сын
имеді, тізесін бүкпеді. Жүрегі шайлықпады. Сон-
дықтан да әдеби сын тарихында Сайлаубек Естайұлы
сын майданынан қайтпаған, жүрегінің түгі бар,
қайсар да қай
ратты, ірі таланттардың бірі болып
қалды.
248
Сайлаубек Жұмабек
қимас асыл Досым -аЙ...
Темiрхан МеДеТБеК,
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
Түн жарымы ауып қалған кез едi. Үйдегi бала-
шағалар жатып, ересектерi жатуға ендi жиналып
жатқан-ды. Ал, мен керектi бiр қағазымды таба
ал
май көне бiр пәпкiлерiмдi қопарыстырып, өз-
өзiмнен әбiгерге түсiп отырғам. Кенет телефон безiл-
деп қоя бердi. Беймезгiл уақытта телефон шалып
тұрған кiм екен, шамасы шұғыл шаруасы болған-
ау, деп тұтқаны құлағыма тостым. «Темiрхан, бұл
Төлеген ағаң ғой» дейдi. Дауысы бiр түрлi қарлы-
ғып, құмығып естiлетiндей. «Қай Төлеген?» «Төле ген
Жұмабеков, Сайлаубектiң ағасы». Көңiлiмде еш теңе
жоқ мен: «Ассалаумағалейкум, Төке, Қалдары
ңыз
қалай? Жайшылық па?» деп жатырмын. Төлеген
ағаның дауысы қатты қамығып естiлдi: «Жайшы-
лық болмай тұр ғой. Әлгiнде ғана есiттiк, Сайлаубек
пен Сәнжарбек авариядан қайтыс болды». «Құдай-
ау, не дейдi! Төке-ау, не айтып тұрсыз?! Қа
лай?..
Қай жерде?..» Одан әрi не айтып, не қойғ а нымды
бiлмеймiн. Тұла бойым қорғасындай ауырлап, буын-
буынымнан әл кетiп, қапелiмде орнымнан тұра
алмай, отырдым да қалдым...
... Сонан кейiн Сайлаубектiң үйiне бардық. Қос
арысынан айырылған Зибагүл естiген жұрттың
төбе құйқасын шымырлатып аңырап отыр. Қанша
249
өзiн өзi ұстайын десе де, Төлеген ағаның көзiнен де
ыстық жас ыршып-ыршып кетедi. Барлас, Жалғас,
Қайраттарда өң-түс жоқ. Сең соққандай сергел дең
қалде. Олардың әрқайсысын бауырыма басып, ұзақ
егiлдiм. Олар да бүкiл шерi мен шеменiн ақтарған дай
еңкiлдеп жылайды.
Келесi күнi үйiнде бiр түнетiп, екеуiн де Жазу-
шылар одағынан ақтық сапарға шығарып сал дық.
Жазушылар одағының алдында өткен қаралы
жиынға халық көп жиналды. Ол қаралы жиын да
маған да сөз берiлдi. Бұл жерде сол сөзiмдi келтiре
кеткендi жөн көрiп отырмын.
«Қайран, асыл досым Сайлаубек!
Сен де, мiне, бәрiмiздi ойда жоқта опындырып,
өмiрден озып барасың! Құдай-ау, мына тiрлiкте сен
туралы қоштасу сөз айтамын деп ойлаппын ба?! Мұз
шайнап, от жалағандай болып тұрмын!
Сен екеумiз осыдан 42 жыл бұрын, яғни, 1965 жы-
лы, күздiң осындай бiр сарыала мезгiлiнде таны сып-
табысып едiк. Содан берi, тiптi, бiр-бiрiмiзден алыста
жүрген шақтарда да, жан-жұбымыз ажыраған емес.
42 жыл бойы арамыздан қыл өтпейтiн дос бол дық.
42 жыл бойы бiздi жалғастырып тұрған мың тiнi-
мiздiң бiр тiнi де үзiлмептi. Үзiлмек түгiлi не сетiнеп,
не селкеу тартпапты. Тiптi, кейбiр жағдай
ларға
деген көз қарасымыз әртүрлi бола тұра, бiр-бiрi мiздi
кiнәраттап, бiр-бiрiмiзге ренжiп көрмеппiз.
Аумалы-төкпелi мына заманда жамандық көр сем
де, жақсылық көрсем де, алдымен сен жететiн едiң.
Алған бетiңнен қайтпайтын бiрбеткей едiң. Еш-
кiм нiң сыртынан бықсып сөз айтпайтынсың. Ай та-
тыныңды бетiне шыжғырып тұрып айтатынсың.
Қаншама аңқылдап, ақтарылып жүрсең де, сыр
шашпайтын берiк болатынсың. Сенiң осы мiнезiңе
250
Сайлаубек Жұмабек
риза болған мен «Құлыптаулы қара сейфiм-ай» дей-
тiн едiм.
Сен өз ғұмырыңда қыруар еңбек бiтiрдiң. Қазақ
сынының айбарын асырып, мәртебесiн көтеруге
үлкен үлес қостың. Қазақ сынының көкейкестi, ең
түйткiлдi, түйiндi мәселелерiне батыл барып, iр-
гелi-iргелi қаламгерлер, аса iрi тұлғалар Тәкен Әлiм-
құлов, Тахауи Ахтанов, Қалтай Мұхамеджанов,
Зей нолла Қабдолов, Шерхан Мұртаза, Әбiш Кекiл-
баев, Асқар Сүлейменовтердiң шығармашылы ғына
тұтас кiтаптар, қомақты эсселер, салиқалы сын
мақалалар арнадың. Ол еңбектердiң қай-қай
сы-
сы да әдебиетiмiздiң айшықты беттерiнде ұзақ өмiр
сүретiнiне бiз кәмiл сенiмдiмiз.
Қайран, Сайлаубек досым-ай!
Сенiң ендi арқа-жарқа боп, аңқылдап-жарқыл-
дап; дүбiлiс, дүбiр тудырып; айналаңды дүйiм бiр
жұрт көшiп жатқандай етiп жiберетiн саңқылдаған
даусыңның ендi естiлмейтiнi өкiнiштi.
Сенiң ендi тiгiлген үйдей боп отыратын мол де нең-
дi көре алмайтынымыз өкiнiштi.
«Әлi айтамын, жазамын» деген қаншама жоспар-
ларың бар едi. Солардың орындалмай қалғаны
өкiнiштi.
Қайран Сайлаубек!
Мен үшiн сенiң мына өмiрдегi орның опырайып,
үңiрейiп қалды. Ол орынды ендi ешкiм де толтыра
алмайды.
Ең өкiнiштiсi, Сайлаубек айналайыным-ау, өзiң
жаныңдай жақсы көретiн кенжең, бәрiмiз де бола-
шағынан үлкен үмiт күтетiн Сәнжарбегiң де өзiң мен
бiрге о дүниеге кеткенi болып тұр. Олай дейтiнiм,
бiздер, оның iшiнде сен де, мен де бармыз, не болғанда
да, мына өмiрдiң ащысын да, тұщысын да, қызығын
|