279
Туған әдебиетіміздің өсіп-өркендеу жолындағы
осынау суреткерлердің еңбегін Сайлаубек Жұмабек
жоғары бағалайды. Әдебиетіміздегі әрқайсысы ның
тарихи орнына сыншы ретінде, оқырман ретінде
иненің жасуындай да қиянат жасамайды. Әсіресе,
өмірден ерте өтіп кеткен арыстарымызға деген сыншы
ілтипаты айырықша. Олардың қаламынан қалған
асыл мұраға деген құрмет, ілтипат ерекше сезіледі.
Бір ерекшелігі, Сайлаубек қаламгер ретінде, сыншы
ретінде соңғы жылдары арыстарымызды көп жаз-
ды. Соларды көп жоқтады. Солардың шығармашы-
лы
ғына жиі-жиі ат басын бұрып отырды. Соның
бар лы ғында да, ылғи да кішіпейілділік, перзенттік
адалдық танытып, арыстарымыздың туындыларын
әде биет төріне қарай биіктетуді мақсат етті. Қаламы-
ның қанаты бар еді. Өзі жарыққа шыққанын көре
алмай кеткен соңғы туындысы «Титан драма тург»
атты кітабы да Алаш арысы Қалтай Мұхамед жанов
шығармашылығы туралы еді. Сыншы қаламы-
ның, оның қаламгерлік қуатының осылайша Алаш
арыстарына игілік болып оралғаны, сол арқылы
әдебиетіміздің қаншама қымбат дүниелерінің хатқа
түсіп қалғандығы бүгінгі басты олжамыз дер едім.
Түйіндей айтқанда, қазіргі қазақ әдебиетінің ең
бір зәру, ділгір мәселелерін дер кезінде оқырман
талқысына салып отыру, жекелеген қабырғалы
қаламгерлеріміздің күрделі шығарма-шылығын да
қалт жібермей, қадағалап, қадап жазып, олардың
рухани мұрасына бір-бір әдеби-сын еңбек арнау
мақсатында өнімді еңбек етіп, қазіргі қазақ көр-
кем сынына сүбелі үлес қосып, ең бастысы, осы
жанрдың ауыр жүгін жарты жолда тастап кетпей,
соңғы отыз жыл бойында адал арқалап келген қа-
жырлы сыншының жарық көрген еңбектері қазақ
әдебиетінде өз орнын анықтаған дүниелер.
280
Сайлаубек Жұмабек
Сондықтан да өз шығармашылығына қандай
тақы
рыптарды арқау етсе де, тереңнен қазып,
көтеріп отырған мәселенің түп-төркініне үңілетін,
соны барлық қырынан қамтып, төгілтіп, тебірентіп
айтуды өз қаламына дарытқан дарынды сыншы-
ның әдебиетімізге адалдық танытып, басқа жанр-
ларға ат басын бұрып кетпей, табанды түрде бүгінгі
қазақ сынының көшін бастап келе жатқанына
қуанатынбыз. Ендігі шығармашылық белестерде де
қазақ оқырманының қолынан сыншы Сайлаубек
Жұмабектің тың туындыларын, жаңа кітаптарын
көруді тағдыр маңдайымызға жазбады.
Туабітті болмыс-бітімінде ақыл мен парасатты,
сабыр мен тұрақтылықты тұғыр еткен сын
сардарынан абайсызда, күтпеген тұста көз жазып
қалдық. Алматы мен Астананы жалғастырып жатқан
ұлы күре жолдың бойында әке мен баланы күтіп
тұрған бір қатерді алдын-ала кім болжай алды? Сол
күннен бастап әдебиеттегі ұстазым, қимастай ағам
Сайлаубек Жұмабек маған өзінің кезекті бір ұзақ
сапарында жүргендей көрінеді. Аман жүргенде,
әрине, Сайлаубек Жұмабек бүгін алпыс деген үлкен
белестің бел ортасына табан тіреп, осынау туған
әдебиетіміздің адал перзентіне құрмет көрсетер едік.
Амал қанша! Бірақ көңілге медеу болары енді әде биет
тарихында дарынды сыншы Сайлаубек Жұмабек тің
мәңгілік өмірі, рухани өмірі басталды. Ол – оның
қаламынан қалған қасиетті әдебиетіміздің тари хы
мен тағдырын толғаған құнарлы еңбектерінің ендігі
жерде ұзақ жылдар қалың елімен, қалың қазақ
оқырманымен бірге жасай беретіндігі.
281
әке мен Бала
Көлбай АДыРБеКҰлы
Қапияда өмірден озған Сайлаубек пен Санжарбек
Жұмабектер хақында бір үзік сыр
Олар әкелі-балалы еді. Көрнекті сыншы Сайлау-
бек Жұмабек пен Республика Президенті аппараты
күзет бөлімінің қызметкері Санжарбек Жұмабек.
Сайлаубек аға білімді әрі білікті жан еді. Оқы-
ған, тоқығандарын есте сақтау қабілетін айсаңыз-
шы. Мамандығы әдебиетші, оның аса қиын жанры
сыншылық болса да, ұлттық, әлемдік өнердің басқа
салаларына да жетік болғаны соншалық, сөз қозғай
қалса, тереңнен тартып талдайтын. Әлі есімде. Бірде
«Лениншіл жас» газетінің бөлім қызметкер
лері
маған симфониялық оркестрдің дирижері Төлепбер-
генов туралы мақала жазуды тапсырды. Дирижер дің
халықаралық байқауда немістің атақты Фон Караян
атындағы сыйлықты жеңіп алып, елге оралған беті.
Фон Караян өмірде қандай адам болған? Орта-
лық кітапханадан біраз кітаптарды ақтаруыма тура
келді. Көп кешікпей мақала газетте жарық көрді.
Бөлім қызметкерлері: «Сыншы Сайлаубек Жұмабек
өнер адамдары туралы жинақ құрастырып жа тыр.
Мына мақалаңды ұсынып көр», – деп ой сал
ды.
Сәкең сол кезде «Қазақ әдебиетінің» қызметкері
282
Сайлаубек Жұмабек
екен. Жазушылар одағы үйінің үстіңгі қаба
тын-
дағы редакциядан әлдебір дауыс жаңғырып шы-
ғып жатты. Іздеп барған кісім сол дауысы қатты
шығып жатқан Сәкең екен. Мақаламды газеттен
оқып қойыпты. Ал содан симфония жанры ту ралы,
Фон Караян жайында әңгімені бастасын. Менің
апта бойына кітаптарды ақтарып жазғаным, оның
айтқандарының жанында түк те болмай қалды.
Әдебиетті былай қойғанда, әлемдік музыка саласы
өнер шеберлерінің аттары мен шығармаларын еш
мүдірмей аузына алып, кәнігі өнертанушылар секілді
талдағанда, іштей таңданбасқа лажым қалмады.
Мақаланы қайта қарап, толықтыруыма тура
келді. Сайлаубек ағамен алғаш рет осылай таныс-
тым. Оның домбыра ұстап күй тартқанын, қолына
қылқалам ұстап сурет салғанын көрген емес
пін.
Бірақ өткен ғасырлардағы атақты күйшілердің, орыс
суретшілерін былай қойғанда Қастеевтен бастап
бергі суретшілердің шығармаларын жік-жікке бөліп
әңгімеге арқау еткенде құлақ құрышымның қан ғаны
тағы бар.
Біз ағалы-інідей сыйласып тұрдық. Атақты
Шыңғыс Айтматовтан бас-тап, Қазақ әдебиеті-
нің мүйізі қарағайдай жазушыларының шығарма-
ларына жазған сындарын оқып, шөлім қанған дай
күй кештім. Олардың шығармашылық шеберлік тері-
нің астарын түсінуіме көп көмегі тиді.
Бірде «Орбита» мөлтекауданындағы үш бөлмелі
пәтерінде әдеттегідей тағы кездестім. Есігін құлып-
тап ұстайтын тау жақ беттегі шағын бөлме Сәкең-
нің жұмыс орны екен. Қабырғалардағы еденнен
төбе ге дейінгі сөрелерде көз жауын алып, тізілген
кітап
тар. Белгілі қаламгерлердің үйінен әлемдік
жазушылардың шығармаларының арасынан
283
қазақ әде-биетінің ірі тұлғалары болмаса кейінгі
жазушы лардың еңбектерін көре алмасың хақ. Ал
Сәкеңде сол классиктер қатарында ұлт әдебиетінің
барлық авторларының туындылары бар. Тіптен
«Жұлдыз» журналының бірнеше жылдық жиын ты-
ғын көрдім. Үйіне тағы бір барғанымда ол: «Қалтай
Мұхамеджанның драматургиясы туралы «Тита-
ник» деп аталған кітап жазып шықтым. Осы биыл
баспадан жарық көріп қалар», – деген еді. Алайда
сол кітабын Жаратушы иеміз оған көруге жаз бапты.
Өзі өмірден өткен соң барып жарыққа шықты.
Сәлден соң әңгімеміз бала тәрбиесіне ауысты. Ол:
«Менің төрт ұлым өзім секілді. Телеарналарда аса
бір маңызды бағдарлама болмаса, көре бер
мейді.
Олардың көп уақыттарын сабақтарын оқуға, қала
берді әр алуан тақырыптардағы кітаптар оқуға
қалыптастырғанмын», – деді.
Сәкең ұлдарының тәрбиесін бала кездерінен
тия
нақты қадағалап отырған. Сондықтан болар
төртеуі де зерек болып өсті. Бәрі орта мектепті
үздік бітірді. Өмірден таңдаған мамандықтары
әке секілді әдебиетші болмаса да, көркем сөз өне-
рін талдауда қара жаяу емес. Ұлттық және әлемдік
классик жазушылардың шығармаларын бір жан-
дай біледі. Дегенмен «Ерназардың сегізі бір төбе де,
Ер Төстігі бір төбе» демекші, кенжесі Санжарбектің
орны басқаларынан бөлек болатын. Ол жастайы нан
мейірімді, аса кішіпейіл болып өсті. Анасы Зибагүл:
«Өзі таңертең сабағына асығып бара жатып, көше-
ден жүк көтеріп келе жатқан қарт көршілерді көрсе
болды, қолындағысын алып, үйіне дейін жеткізіп
салатын», – деп есіне алады.
Санжарбек қаладағы №145 қазақ орта мекте бін
үздік бітірген соң, Әскери академияны таңдаған.
284
Сайлаубек Жұмабек
2005 жылы оны да үздік бітіріп шықты. Ана тілі-
нен басқа бірнеше шетел тілдерін де игеріп, қатар-
ластарының алды болды. Оның зеректігін, ерекше
білімділігін бағалаған академия басшылары Қазақ-
стан Республикасы Президенті аппаратының күзет
қызметіне бағыттаған. Санжарбек қызметте де
жақсы қырынан тез танылды. Білім-біліктілігі
нің
арқасында өзгелерден бөлекше құрметке бөлен
ді.
Басшылары болашағынан зор үміт күтті.
Бірақ жас талап Санжарбек пен әкесі Сайлау-
бек
тің тағдыр талайы күтпеген жерден үзіледі
деп кім ойлаған? Әкел-балалы екеуі Алматы –
Астана бағытындағы күре жолда апатқа ұшырап,
қапияда өмірден озды. Қаралы жиында сөз алған
Санжарбектің қызметтес жора-жолдастары: «Сан-
жарбек білімділігімен, ақыл-парасатымен бәріміз-
ден жоғары еді. Өзі лейтенант дәрежесінде болса
да, полковниктердің дәрежесіндегі жұмыстар
ды
мүлтіксіз атқаратын. Сондықтан да ол жоғары бас-
шы лардың назарына ерте ілікті. Мемлекет ара лық
ресми құжаттар хаттамасын қазақ тілінен бас
қа
ағылшын, қытай, орыс тілдерін сауатты түсі ре тін.
Оның өмірден тым ерте кеткені біз үшін, әс кери-
лер үшін орны толмас өкініш», – дегені күні бү гінге
дейін жиынға қатысқандардың құлағында тұр.
Сол Санжарбек тірі болғанда 1 тамызда отыз
жасқа толар еді. Бәлкім әскери дәрежесі тез өсуі
мүмкін еді-ау. Тағдырдың қатал үкіміне амал бар ма.
Ол өмірден жас кетсе де, артында жолдастары, әс кери
қатарластары жыр қылып айта-айта жүретін ізгі лікті
ісі мен адами қасиеттері қалды.
285
МАзМҰны
ДӘСТҮРМЕН, САЛТЫңМЕН ДӘУІРЛЕ, ШАРЫҚТА ....................3
ТАРТЫС (Әңгіме) ...................................................................................8
ТОПАН (Әңгіме) ................................................................................... 13
ОФСАЙДҚА ТҮСПЕЙТІН АҚЫН ................................................... 19
ШЫНДЫҚ ШОҒЫ МАЗДАҒАН, АЛАУЛАҒАН ............................29
ЖАҚСЫ КІТАП – ЖАН АЗЫҒЫ ...................................................36
ТИТАНДАРДЫ ТҰМАР ТҰТҚАН... (Эссе) ..................................... 41
АРҚАУЫ – ҰЛТТЫҚ АДАМГЕРШІЛІК ӘЛЕМІ ..........................50
«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ – ҒАЖАЙЫП,
ҚАЗАҚ ЖЕРІ – ҒАЛАМАТ!» ...........................................................57
ПОЭЗИЯ – КҮРЕС, АЛ КҮРЕС – ПОЭЗИЯ .................................63
СЫННЫң ПІРІ – ӘДІЛДІК ПЕН АҚИҚАТ ..................................70
БІР МЕЗЕТ .............................................................................................73
САХНАДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР .....................................................82
САХНАДА – «ҚИЛЫ ЗАМАН» ......................................................92
АР КЕПІЛІ – ШЫНДЫҚ ................................................................. 101
ЛАПЫЛДАҒАН ОТЫНАН ӨЗ КЕУДЕСІНІң .............................. 107
ӨМІР ЖЫРЫ ...................................................................................... 115
«БАНДЫНЫ ҚУҒАН ХАМИТ» ....................................................... 118
ТАҒДЫР ТАРАЗЫСЫ – ТАРИХИ ӘДІЛЕТ ШЫНДЫҒЫ .........124
ЗӘБІР МЕН ЗАУАЛ ............................................................................130
ӘМЕН АҒА – МУЛьТФИЛьМ ЖАСАУШЫ ............................... 139
ЖҰМБАҚ ЖАРАСЫМДАР ЖЫРШЫСЫ ................................... 141
АҚШАңҚАН ОЙЛАР МЕН ШЫРАЙЛЫ .................................... 152
БОЯУЛАР ҮНДЕСТІГІ ...................................................................... 152
ШАПАҒАТТЫ БОЯУЛАР СЫРЫ .................................................... 158
ҚАЗАҚЫ БОЯУЛАР ӘУЕНІ ............................................................. 169
«ШОСТАКОВИЧ СИМФОНИЯЛАРЫНЫң
ТҰТҚЫНЫМЫН...» ........................................................................... 174
СЫРТ КӨЗ ҚАРИЯНЫң БІР ҮЗІК СЫРЫ .................................... 182
ЖҰМБАҚ ЖҮЗДЕСУ, ЖҰМБАҚ ҚОШТАСУ .............................189
ӘРІПТЕС ІНІ ӘУЕЗ ТУРАЛЫ БІР АУЫЗ СӨЗ ..............................196
ХАТТАР, ХАТТАР... ............................................................................201
ТІЛЕУХАНҒА ......................................................................................203
ҚЫМБАТТЫ ГЕРОЛьД КАРЛОВИЧ! ............................................206
286
Сайлаубек Жұмабек
ЖАБАЙЫ ЖИДЕНІң ЖҰПАРЫ .................................................. 210
ҚҰРМЕТТІ ӘСЕТ БОЛҒАНБАЕВ ЖОЛДАС! ...............................222
ҚҰРМЕТТІ, ҚҰЛАНБАЙ КӨПІШОВ ЖОЛДАС! ........................226
ПРИЗНАНИЕ В ЛЮБВИ ..................................................................232
ҚҰРМЕТТІ ӘСІЛХАН ОСПАНҰЛЫ ЖОЛДАС! .........................236
Ж. Дәдебаев. СЫН МАЙДАНЫНАН ҚАЙТПАҒАН .................238
Т. Медетбек. ҚИМАС АСЫЛ ДОСЫМ -АЙ... ..............................248
Қ. Әбдезұлы. ҚАРАҒАЙДЫң ҚАРСЫ БҰТАҒЫНДАЙ .............265
К. Адырбекұлы. ӘКЕ МЕН БАЛА ....................................................281
Бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы
Редакторы Көлбай Адырбекұлы
Көркемдеушi редакторы Кенжеғазы Айтжұманұлы
Суретші Бейсен Серікбай
Корректоры Қызжібек Әбдіғаниқызы
Басуға 15.09.2014 ж. қол қойылды. Қалыбы 84х108
1
/
32
.
Басылымы офсеттiк. Қарiп түрi «DS Baltica».
Шартты баспа табағы – 15,12. Таралымы 2000+150 дана.
Тапсырыс №
«Ан Арыс» ЖШС, 050000, Алматы қаласы,
Абылайхан даңғылы, 105.
Тел.: +7 (727) 272 51 84, 261 60 67, факс: +7 (727) 261 62 13.
ЖШС РПБК «Дәуір», 050009, Алматы қ-сы,
Гагарин даңғылы, 93а, Телефон: +7 (727) 394 39 22,
+7(727) 394 39 34, +7(727) 394 39 42
E-mail: rpik-dauir81@mail.ru, rpik-dauir2@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |