Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ғалым. Қайраткер. Тұлға



Дата11.01.2022
өлшемі2,61 Mb.
#23945
Байланысты:
«Қ.Мұхамедханов және абайтану»

«Қ.Мұхамедханов және абайтану» Дайындаған : Темирханова Айгерим Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі студенті Қарағанды , 2021

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы

Ғалым. Қайраткер. Тұлға

Ғалымның есімі – келешек ұрпағына арнаған сөздері, Абай арқылы, «жылы жүрек және ыстық қайратпен» мәңгілік есте қалуы тиіс. Қазақ интеллигенциясының шынайы өкілі Қайым Мұхамедхановтың соңына қалдырған мұрасы – өміршеңдік, шынайы ақиқат, ерік – жігер, бекзаттық, рухани тазалық, биікке ұмтылу қасиеттері.

Герольд БЕЛЬГЕР

.

Мақсаты:

- Қ.Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіндегі алатын орны туралы сөз қозғау;

- Қазақ халқының ғылымы мен өнерінің дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі екенін дәлелдеу;

- Абайтану ғылымында атқарған еңбектерімен таныстыру.

Ұстаз және шәкірт

Жасөспірім жігітке әкесінің досы Мұхтар Әуезов моральдік тұрғыда қолдау береді, ол қайым үшін ғұмыр бойы тәлімгер және ұстаз болып қалды. Адамдарды жақсы танитын М.Әуезов Қ.Мұхамедхановтың бойынан ерекше дарын, имандылық пен адалдықты байқайды. Сол себепті Абайдың тұңғыш мұражайын ашуға негіздеме қалауды өзінің шәкірті Қайымға сеніп тапсырды.

Абай мектебі

М.Әуезов шәкіртіне ғылымдағы жаңа бағыт бойынша зерттеу жүргізуді сеніп тапсырды, ол – Абай мектебі. Қайым Абайдың 30-дан аса шәкіртінің есімін нақтылады және олардың ғылыми-шығармашылық өмірбаяны туралы деректер жинап, жариялады.

Абайтану ғылымында атқарған жұмыстары

Қ.Мұхамедханов ғұмыр бойы Абай сөзінің түпнұсқасын сақтаумен айналысты: Абай өлеңдері мен поэмаларына текстологиялық талдау жүргізіп, әрбір шығармасына ғылыми түсініктеме жазды, ұзақ жылдар бойы бір басылымнан екінші басылымға көшетін жаңсақтықтар мен қателерді жөндеді.

.

1. 1930-1940 жылдары Абай мұрасын жинауға байланысты жолға шыққан экспедиция барысында ақынның өз басына және айналасына қатысты 500-ДЕН АСТАМ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРДІ ТАУЫП, ЖИНАҚТАДЫ.

2. Абай өлеңдерінің дұрыс қалыптасуына, дұрыс оқылып, дұрыс жазылуына белсенді араласты. Ұлы ақын шығармаларының әр жылғы басылымдарына түзетулер мен өзгертулер енгізіп, абай мұрасының түпнұсқалығын сақтауды мұқият қадағалады.

3.Ол Абайдың БАРЛЫҚ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН АУДАРМАЛАРЫНА ЖӘНЕ ПОЭМАЛАРЫНА ТҮГЕЛ ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕРІН ЖАЗЫП, ғылыми айналымға енгізді.

4.Ғылымға, абайтанушыларға белгісіз болып келген Абайдың 31 өлеңін тауып, оның Абайға қатысты екенін дәлелдеп шықты.

5. Ғалым Қ.Мұхамедханов қазақ әдебиеті ғылымында жаңа бағытта атышулы «АБАЙДЫҢ АҚЫН ШӘКІРТТЕРІ» зерттеуін (1938-1951 ж.ж.) әкелді.

.

6. Қ.Мұхамедханов қазақ арасына ғана емес, ОРЫС, ТАТАР, БАСҚА ДА ХАЛЫҚТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ ОРТАСЫНА ДА АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН НАСИХАТТАУДАН АЯНЫП ҚАЛМАДЫ.

7.1940 жылдан бастап ӨМІР БОЙЫ АБАЙ ТҰЛҒАСЫН ДӘРІПТЕУДЕН ТАЛМАДЫ. Ауылдар мен елді мекендерде, зауыттар мен өндірістік орындарда, мектептер мен жоғары оқу орындарында ұлы ақын өмірі мен шығармашылық қызметі жайында тағылымды лекциялар, дәрістер өткізді.

8.Жас болғанына қарамастан, Қайым ұстазы Мұхтар Әуезовтің «Абай» романының жазылуына бір кісідей үлес қосты, ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІСІ БОЛА БІЛДІ.

9.Ол 1940 жылдан бері бейнелеу және сәулет-мүсін өнерінде абай бейнесін дұрыс қалыптастыруға қызығушылық танытты.

10. АБАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАҚЫН ТУЫСТАРЫ ЖАТҚАН БЕЙІТТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІП, ЖИДЕБАЙДАҒЫ АБАЙ ҚЫСТАУЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ жұмыстарын жүргізді.

.

11. ОЛ АБАЙДЫҢ ОРЫС ДОСТАРЫ – Михаэлис, Долгополов, Гросс, Леонтьев, т.б. жайында зерттеулер жүргізіп, олардың ақын өміріндегі орны, шығармашылық үндестігі, қоғамдық қызметі мен Семей тарихындағы маңызы турасында қызықты, мазмұнды мәліметтер жазды.

12. Абай және оның ұрпақтарының тізімін құрды, шежіресін жасады.

13.Қ.Мұхамедханов абайтанушы ғалымдардың арасында бірінші болып айрықша архивтік құжаттарға, ерекше маңызы бар материалдарға қол жеткізді.

14. 24 жастағы ғалым Абай құрметіне «АЛДЫМДА АҚЫН АБАЙ ТЕМІРҚАЗЫҚ» деген атаумен поэма арнады.

15. «Абай» энциклопедиясының жарық көруіне өлшеусіз үлес қосты.

Мемлекеттік сыйлық иегері

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1996 жылы Қ.Мұхамедхановқа Абайтану саласындағы қажырлы еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын табыстады.

Қайым Мұхамедханов –Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері.

Қорытынды

«Қайымның аруағы разы болмай Әуезовтің, Әуезовтің аруағы разы болмай Абайдың аруағы разы болмайды! Бұл үш тұлғаны тұтас алып зерттеп, танығанда ғана олардың құпиясы ашылмақ». Тұрсын Жұртбай

,

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет