Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы


әдебиет (бұған көсемсөз стилінің, ғылыми, оқу-ағарту  әдебиетінің, ресми іс-қағаздарының тәржіма нұсқалары жатады)  және көркем аударма әдебиет



Pdf көрінісі
бет7/44
Дата11.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#42318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
әдебиет (бұған көсемсөз стилінің, ғылыми, оқу-ағарту 
әдебиетінің, ресми іс-қағаздарының тәржіма нұсқалары жатады) 
және көркем аударма әдебиет деген екі топқа шартты түрде 
жіктестірілді» [7, 8-9]. 
Стилистикалық дайын сөз оралымдарының қатарына 
жататын штамп, клише, стереотип терминдері ғалымдар 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


15 
назарынан тыс қалған жоқ. В.В.Виноградов "Ауызекі сөйлеу 
стилі туралы адамдар дайын сөз оралымдарымен айта да, жаза да 
алады" десе [8, 59], тұрақ ты және дайын сөз 
оралымдарын Н.С.Васильева клише ретінде қарастырады 
[9, 22], В.В.Костомаров публицистикалық стильде дайын тілдік 
стандарттар қолданылады, олар автор мен белгілі әлеуметтік 
топтың бірін-бірі түсінуін жеңілдетеді дейді [10, 58]. 
Тілдік клише, негізінен, функционалдық стилистика және 
фразеологияда қарастырылып жүр. Тіл ғылымында клише, 
стереотип, штамп туралы толық анықтама жоқ. Штамп – 
стилистикалық боямасы бар сөйлеу құралы, сөз стереотипі 
психологиялық стереотиппен сәйкес келеді. Қолданушыларға 
автоматты 
түрде 
көмекке 
келеді, 
коммуникацияны 
жеңілдетеді, үнемділікке күш салады, тыңдаушы мен 
айтушының ойлау энергиясы мен уақытын бағалауға 
жәрдемін тигізеді. "Штамп" сөзінің негізгі мазмұндық-
мағыналық бірлігіне сөз, сөз тіркесі, сөйлем, қанатты сөздер, 
мақал-мәтелдер жатады. 
Стилистикалық дайын сөз оралымдарының бірі – 
стереотип. Стереотип – ұғымдық образ, ол адам санасында 
орныққан түсінік пен құбылыстың ақиқаттылығы ретінде 
ассоциацияланып тұрады. Тіпті оны стилистикалық фреймдер 
ретінде бағалауға болады, ұқсастық сипаттың нәтижесінен де 
туындаған 
деп 
айтуға 
болады, 
себебі 
стильдің 
қалыптасуындағы экстралингвистикалық, психоәлеуметтік 
факторлар адам санасында стилистикалық фреймдердің 
орнығуына тікелей ықпал еткендіктен, стандартты тілдік 
бірліктер ретінде дайын күйінде қолданылады. 
Стереотипті 
сөз 
оралымдары 
функционалдық 
стильдердін барлық саласында жиі жұмсалады. Стереотип 
тілдік контекстерде тұрақты қолданысқа икемді бола отырып, 
стреотип-стреотиптік тарауша түзеді, кішігірім сөздер мен 
сөз тіркестерінің компоненттерінің қатарын құрай алады, 
сөйтіп, когнитивті модель құрауға бейімделіп тұрады. 
Стереотип коммуникативтік актінің контексінде жазылған 
белгілі микроситуацияны анықтаудың көрінісі болып 
табылады, әрі субъектінің қызметінің әлеуметтік мәнін 
тұрақтандыруға арналған дайын тілдік құрылым болып 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


16 
табылады. Н.П.Котюрова стереотиптік тілдік бірліктер өзінің 
дайын күйінде коммуникативтік актінің күрделі процесін 
жеңілдетуге 
де 
ыңғайлы 
болып, 
пайдасын 
тигізіп 
отыратындығын айтады [11,19]. 
Функционалдық стильдерде дайын сөз оралымдарын 
жасаудың екі түрлі жолы бар. Біріншісі – орыс тілінен енген, 
екіншісі – төл тілдің дайын сөз формаларынан жасалуы. 
Стереотип ғылыми, ресми, публицистикалық стильге тән болып 
келеді. 
Ғылыми 
және 
ресми 
стильдегі 
стереотиптік 
бірліктердің 
прагмастилистикалық 
рөлі 
тұрақты. 
Публицистикалық стильдегі стереотипті бірліктің прагматикалық 
рөлі жоғарыда аталған екі стильге қарағанда күрделі әрі қарама-
қарсы, 
себебі 
қоғам 
өміріндегі 
өзгерістер, 
өмір 
ситуацияларындағы 
құбылыстар 
стеротиптердің 
ауысып 
отыруына ықпал етеді. 
Публицистикалық стиль ғылыми стиль мен көркем әдебиет 
стилінің лингвистикалық белгілерін түгел қамтымаса да, сол 
аралықтағы ең негізғі тілдік-көркемдік амал-тәсілдерді 
бойына жинақтайды. Сондықтан публицистикалық стильде 
автор қоғам өмірінің сан салалы қажетін өтеу үшін дайын тілдік 
оралымға бейім тұрады, соны пайдаланады, себебі ол 
стилистикалық категорияларды анықтауға негіз болады. 
Функционалдық стильдерде клише, штамп, стандарттың бар 
екендігі, жалпы оның тілдік айналымға еніп кеткендігі туралы 
зерттеушілер тарапынан айтылып келеді, әсіресе бұқаралық 
ақпарат құралдарының тілінде, яғни публицистикалық стильде 
кездесетіндігі занды құбылыс екендігі белгілі. 
Стилистикалық бояуы бәсең дайын сөз оралымдарының бірі 
– канцеляризм, ресми стильдің тілдік нормасынан да, 
стилистикалық нормасынан да орын ала алады, қазақ тілінде 
ресми стиль толық орныққанда олар да тілдік бірлікке 
айналады, ресми стильдің стильдік белгілерінің межесін 
айқындап тұрады. Канцеляризмді ауызекі сөйлеу стилінде 
қолдануға шек қойылады. 
Сөйлеу штампы – жиі қолданылатын мағыналық реңкі 
солғындаған, эмоционалдық бояуы бәсең тартқан сөздер 
тізбегі. Ресми және публицистикалық стильдерде кездесіп 
отырады. Тілдік стандарттар да дайын қалыптасқан сөз 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


17 
үлгілері 
болып 
саналады. 
Тілдік 
стандарттар 
публицистикалық стильде қолданылады. М.Н.Кожина тілдік 
стандарттар 
"штампқа 
қарағанда 
жағымсыз 
әсер 
тудырмайды" дейді, бірақ нақты семантикалық мағынасы 
мен ойды үнемдеу мақсатында қолданылады және хабарды тез 
жеткізу үшін пайдаланылады [12, 36]. Ғылыми стильде тілдік 
стандарттар хабар жеткізу мақсатын емес, керісінше, ғылыми 
мәтіннің біліктілік сипатының көрсеткіші ретінде алынады, 
автордың ғылыми тұжырымының оқырманға түсінікті болу 
мақсатын 
көздейді. 
Осыған 
орай 
ғылыми 
стильдегі 
стереотиптер 
мәтіннің 
құрылымдық-композициялық 
компоненттері ретінде бағаланады, жеке автор қолданысына 
еш кедергі жасамайды. Сондықтан олар ғылыми стильдің 
акценттік және бағалау сияқты стилистикалық категориясының 
мәнерлі мазмұнын құрап отырады. 
Публицистикалық стильде стандартты тілдік бірліктерді 
В.Г.Костомаров: "бейтарап нормативтік бояуларға ие болатын 
сөздер" деп таниды. Публицистикалық стильде стандартты 
тілдік бірліктер туралы ресми және ғылыми стильдерге 
қарағанда қарама-қарсы түсінік қалыптасқан, қоғамның 
әлеуметтік жағдайы, ондағы түрлі өзгерістер мен жаңалықтар 
ойлау 
әрекетіне 
қарама-қарсы 
құбылыс 
туғызатын 
болғандықтан, стандартты сөздердің өзгеріске түсуі заңды 
құбылыс, себебі публицистикалық стильге қоғамдағы оқиғаның 
құбылмалы да өзгермелі сипаты ықпал етеді. Кейбір 
стандартты сөздер қолданыстан шығып жатса, кейбіреулері 
өзгермейтін "қалыпты" тілдік бірліктер қатарынан орын алады. 
Публицистикалық стильде стандартты тілдік бірліктер 
экспрессияға қарсы тілдік құбылыс деп саналғандықтан, 
стандарт экспрессияға қарама-қарсы тілдік бірлік ретінде 
қарастырылады. Штамп сияқты тілдік бірліктер бейнеліліктен 
айырылған, бірақ контексте "автордың" бақылауынсыз 
қолданыста жиі ұшырасып, стильдердің әрқайсысында 
қалыпты, автоматты түрде қолданылады. Дайын тілдік 
оралымдар жағымды тілдік-конструктивтік тәсіл ретінде стильдік 
құралдардың қатарына жатқызылады [10, 109]. 
Қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдер жүйесі 
маңызды ғылыми еңбектер арқылы талданады, әсіресе мерзімді 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


18 
баспасөз тілі, көркем әдебиет тілі, әдеби тілдің тарихы, оның 
қалыптасу кезеңдері, «әдеби тіл» деген терминнің нақты 
критерийлерін айқындау мәселесінде негізгі дереккөздерге 
айналды. 
Қазақ әдеби тілі фукционалдық стильдерін тармақтарға 
бөлу, жүйелеу мәселесінде қазақ тілші ғалымдары орыс тіл 
біліміндегі көзқарастардың ықпалында болды. Бұл туралы 
Р.Сыздық былай деп жазған болатын: «Сонымен, көптеген өзге 
тілдер сияқты, қазақтың қазіргі ұлттық жазба әдеби тілінің де 
бұл күнде функционалдық стильдері: көркем әдебиет стилі, 
публицистикалық, ғылыми (немесе ғылыми-техникалық), 
эпистолярлық стильдер және ресми іс-қағаздары мен кеңсе 
қағаздары стилі деп жіктелетін болса, оларды бір-бірінен 
ажырататын тілдік белгілері болуы керек. Бұлар жөнінде 
стилистика мәселесімен айналысқан зерттеушілер біршама 
пікірлер айтып, фактілерді көрсетіп келді. Олардың дені орыс 
тілінің функционалдық стильдерін сөз еткен еңбектерден 
алынған. Бұған, бір жағынан, публицистикалық, ғылыми 
әдебиеттің және ресми іс-қағаздарының орыс тілінен аударма 
түрінде ұсынылып келгендігі себепкер болса, екіншіден, 
функционалдық стильдер табиғатының тіл-тілдің қай-қайсында 
да кейде бір шамада болып табылатындығы да ықпал еткен 
болар» [13, 55]. Осының нәтижесінде қазақ әдеби тілі 
стильдерінің кейбірін арнайы зерттеу кеш қалып келді.
Ғалымдар арасында функционалды стиль ұғымы жайында 
екі көзқарас бар:
а) функционалдық стильдер – әдеби тілдің түрлері;
ә) функционалдық стильдер – тілдесімдік құбылыс, яғни 
тілдесім стильдері (тілдік емес). Екінші көзқарас – доминанттық 
көзқарас, сондықтан бұл пікір басым көпшілік ізденістердің 
ғылыми негізі болып қабылданған. Тіл білімінің стилистика 
саласы орыс тілі ғылымында үстіміздегі ғасырдың 20-
жылдарынан 
бастап 
жанданды, 
50-жылдардың 
ішінде 
жарияланған еңбектерде стилистика, стиль мәселелеріне 
арналған 
пікірсайыс 
жүргізілді. 
Мәселе 
түбегейлі 
шешілмегенімен, көптеген нысан қырларының табиғаты 
анықталып, сыры ашылды. Айтылған пікірлерді акад. 
В.В.Виноградов тұжырымдап, өз көзқарасын білдірді. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


19 
Ғылым, саясат, іс жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдары, 
т.б. аталған барлық қоғамдық қатынас салаларындағы әдеби 
тілдің өзіндік деңгейдегі ерекшеліктері болады. Бұл ерекше 
белгілер бір-бірімен байланысқан сөйлеу жүйесін құрайды. 
Әдеби тілдің мұндай түрі функционалдық стиль деп аталады. 
Стилистикада 
функционалды 
стильдерді 
бір-бірінен 
ажыратудың белгілі бір өлшемдері болатынын зерттеушілердің 
еңбегінде айтылған, мұндай өлшемдерді айқындау арқылы 
олардың негізгі деген стильдік-тілдік белгілері алға шығып, 
даралана түсетіні анықталды. Стилистиканың беделді маманы 
В.В.Виноградовтың пікірінше, қандай да бір стильді даралауда 
тек лексикалық қорын салыстыру аздық етеді: «Қандай да бір 
стильді сипаттауда, оның басқа стильдермен арақатынасын 
айқындап, бір-бірімен салыстырып қана қоймай, сонымен қатар 
стильдік 
жүйесін 
құрайтын 
жекелеген 
стилистикалық 
категорияларының дамуын қарастырған жөн. Историзм 
қағидасын қолдану жалпы стиль ұғымы үшін де, нақты 
функционалдық стиль ерекшеліктерін айқындау үшін де қажет. 
Көбіне стильдер олардың лексикалық қоры негізінде 
салыстырылады, себебі дәл осы сөздік құрам саласында олардың 
арасындағы айырмашылықтар айқынырақ көрінеді. Алайда 
барлық 
әдеби 
тіл 
стильдеріндегі 
ортақ 
лексикалық 
материалдардың көлемі, бір жағынан, екінші жағынан, қандай да 
бір стильдің тек лексикалық жағын ғана қарастырып қоймай, 
барлық құрылымдық бөліктерін қарастырудың қажеттілгі оны 
сипаттауда басқа да тілдік жүйесін ескеруді талап етеді...»
[8, 45]. Зерттеушілердің қай-қайсысы да тілдің әлеуметтік 
қызметіне мақсаттық стильдердің қатысты екендігін жоққа 
шығармайды. 
Сондықтан 
акад. 
В.В.Виноградов 
тілдің 
әлеуметтік қызметінің түрлерін қарым-қатынас, хабарлау 
және әсер ету деп бөледі де, соларға сәйкес біріншісінде тілдің 
күнделікті сөйлесу стилі, екіншісінде іс қағаздары, ресми 
құжаттар және ғылыми стильдері, үшінші қызметінде көркем 
әдебиет пен публицистика стильдері қолданылады деп таниды. 
Тілдің бұл қызмет түрлерінің бір-бірімен тығыз байланысып 
жататындығы, тіпті араласып та кететіндігі баса айтылады. 
Демек, оларды танытатын мақсаттық немесе әлеуметтік кызмет 
стильдері бір-бірінен соншама оқшауланып тұрмайтындығы, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


20 
кейде әрқайсысына тән стильдік белгілерді ажыратудың қиынға 
соғатыны қоса көрсетіледі. 
Тілдің әлеуметтік қызметіне қарай стильдік бөлінісіне 
келгенде тіл элементтерінің: сөздердің, грамматикалық 
амалдардың, көріктеу құралдарының әр түрлі қарым-қатынас 
саласында, яғни коммуникативтік ортада жұмсалу тәсілдері, 
қолданылу жиілігі, тіркесу қабілеттері сияқты сыртқы факторлар 
ескеріледі. Бұл факторлар стильдік белгілерді анықтауда 
айтарлықтай рөл атқаратын болу керек. Ғылымның әр саласында 
“стиль” терминінің беретін мағынасы біркелкі еместігін осы 
тақырыпты зерттеушілер айтып келеді.
Бұған қоса стильді әдебиет пен тілге бөліп қарау түсінігі 
қалыптасқан. "Стиль” термині жалпы жазба дүниелердің 
жанрына байланысты да (мысалы, кеңсе қағаздары стилі, ресми-
іс қағаздары стилі, телеграф стилі), белгілі бір қоғамдық іс-
әрекеттер мен жағдаятқа байланысты да (салтанатты стиль), 
тілдің жұмсалу түріне қарай да қолданылады.
Тілге келгенде «стиль» терминінің мағынасын акад. 
В.В.Виноградов былайша анықтайды: «...Тілдің функционалдық 
стилі дегеніміз әлеуметтік іс-әрекеттің белгілі бір саласына, 
әдебиеттің белгілі бір жанрына, қоғам тіршілігіндегі белгілі бір 
жағдаятқа сәйкестендіріліп қалыптасқан тұлға-тәсілдер жүйесі, 
семантикасы мен экспрессиясы жағынан біршама тұйықталып, 
яғни әр стильге қарай іріктелген тілдік құралдар болып шығады» 
[8, 23]. Демек, тілдік стиль, дәлірек айтсақ, тілге қатысты 
қолданылатын «стиль» термині тек қана тілдік категория болып 
табылады. Екіншіден, ол тілдің әлеуметтік өміріндегі қарым-
қатынасының бар саласында қолданылатын коммуникативтік 
қызметіне байланысты болады; тілдің өзіне емес, қолданысына 
қатысты болғандықтан, ол әлеуметтік сұраныстың мақсатына
оның ішінде әдебиеттің жанрлық түрлеріне қарай ғана емес, 
жұмсалу түріне, жұмсалу сапасына, айтылу бояуына т.т. қарай 
бөлінуі де ескеріледі. 
Сондықтан әдеби тілдің функционалдық стильдері дегенді 
стильдің жоғарыда көрсетілген өзге түрлерінен бөлек қарастыру 
керек. Стиль табиғаты туралы сөз қозғамас бұрын,
функционалды стильдердің тілдегі жіктелу мәселесін анықтап
алу қажет. Функционалдық стильдердің жіктелуіне келгенде де 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


21 
әр зерттеуші жіктеу принциптеріне орай әр түрлі бөледі. Ал 
жіктеу принциптері белгілі бір өлшемдерге негізделуге тиіс 
болса, ол өлшемдердің өзі даулы, яғни стильдерді тарамдау үшін 
олардың қандай белгілерін өлшем ету керек деген мәселе 
түбегейлі, бір жақты шешілген емес. 
Сонымен қатар зерттеушілер қай тілде болмасын әр 
стильдің өзіне тән тілдік элементтердің көрінісі бірінде көп, 
бірінде аз, яғни бірдей еместігін атайды. Стильдердің біреулері 
барлық кұралдарды тегіс пайдаланса, енді біреулері таңдап, 
талғап, яғни көбінесе тек өзіне тән элементтерді жұмсайды, 
соның нәтижесінде ондай стильдік үлгілер тілі “тұйықтала” 
түседі. 
Мысалы, 
ресми-іс 
қағаздары 
стилі 
стандарт 
формулаларымен, штамптарымен ерекшеленсе, ғылыми стиль 
арнайы терминологиясымен ерекшеленеді. Ал публицистикалық 
стиль бұлардан гөрі еркіндеу келеді, оның «өз лексикасы мен 
фразеологиясы» тұрақсыздау болады.
Ғалым Р.Сыздықова: «Тілдік нормадағы функционалды 
стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль 
шеңберінде тұйықталған сипаты жағын білу керек. Өйткені бір 
функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті 
стиларалық «ауыспалы тіркестер жүріп жатады». Мысалы, 
публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, 
көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны стильдердің 
басты қағидаларының бірі екенін оның сол стильге тән 
лингвистикалық 
белгілерінің 
толық 
қамтитын 
бөлігіне 
байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Ал көркем әдебиет 
стилінде ғылыми стильдің де, ресми құжат түрінің ауызша түрі,
немесе, сот залынан көрініс суреттелсе, заң тілінің де 
элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс қағаздар тілінде 
де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылық бола отырып, реттілік 
көрсеткіштері, сөйлемдерінің тілдік құрылымдық ұқсас 
кешендерге жіктелген түрлерін кездестіруге болады», – дейді
[13, 9]. 
Көркем әдебиет стиліне келетін болсақ, мұның өлшемдерін 
ашып айту қиын. Оның ерекшелігі, кейбір зерттеушілер 
айтқандай, поэтикалық элементтердің бар болуында емес, бірақ 
тілдік құралдардың әдеби-көркемдік жағынан көрінуі көркем 
әдебиет стиліне әлдеқайда тән болып келеді.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


22 
Тілдегі функционалды стильдерді жіктеу қағидаларына
орай әр зерттеуші әртүрлі бөліп қарастырады. Сондай-ақ,
біршама анықталған өлшемдерге қарап, тілдік стильдерді
әуелі жұмсалу түріне қарай ауызша және жазбаша стиль деп
бөлушілік бар. Оған қоса ауызша стиль мен сөйлеу тілі стилін
шатастырмау керектігін ескергеніміз жөн. Себебі ауызша
функционалдық стиль әдеби тілдің құзырындағы құбылыс, яғни
ол – әдеби тілдің жұмсалу түрі, көпшілік алдында ауызша
ұсынылатын сөздер. Оған шешендер сөзі, хабарлама,
баяндама, студенттің сабақ айтқандағы сөздері жатады. Ал 
сөйлеу тілі – күнделікті қарым-қатынас барысында ауызша
қолданылатын тіл үлгісі. 
XX ғасырда тіл білімінің үлкен жетістіктерге жетуі, жаңа 
бағыттардың пайда болуы стилистика ғылымының қарқынды 
дамуына әсер етіп, стилистикада тілдің функционалдық қырлары 
басты назарға ілікті. В.Матезиус бастаған чех ғалымдары әдеби 
тілдің функционалдық сипатын зерттеуге ерекше көңіл 
аударды. Орыс стилистика ғылымында В.В.Виноградов 
зерттеулері жаңа бір кезеңнің бастамасы болды деп айтуға негіз 
бар. В.В.Виноградовтың еңбектерінде тілдік-функционалдық
концепция басым бағыт болса, оның негізін тілдің халық 
өмірінің нақты тарихи жағдайларындағы шынайы қызмет 
атқаруын зерттеуі құрайды.
Стилистика жалпыхалықтық, ұлттық тілдің барлық қырын, 
оның дыбыстық 
құрылымын, 
грамматикасын, 
сөздігін, 
фразеологиясын толық қамтитын күрделі жүйе ретінде таныла 
түсті. Тіл тұтас құрылымның тарихи дамуындағы іштей 
байланысқан элементтері тұрғысынан емес, оның тарихи дамуы 
барысындағы функционалды жіктелісі және әртүрлі сөйлеу 
құбылыстарының экспрессивтік бояулары мен реңктерінің 
сәйкестілігі тұрғысынан қарастырыла бастады. Тілдік қарым-
қатынастың салалық қолданысы, сөйлеудің жекелеген қоғамдық 
шектелген түрлерімен (яғни функционалды стильдермен) 
байланыста алып зерттелді. XX ғасыр басындағы және одан 
кейінгі орыс әдеби тілі, стилистикасы мен тіл мәдениетін 
зерттеудегі ізденістер (Г.О.Винокур, Л.В.Щерба, А.Н.Гвоздев 
т.б.) осы бағыттағы зерттеулерді тереңдетіп, одан әрі дамытты. 
Сөз семантикасының экспрессивтік, эмоционалдық және 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


23 
бағалауыштық компоненттері және олардың денотативті
мағынамен байланысына айрықша назар аударылды.
Стилистиканың ерекше қызғылықты бағытының бірі – 
экспрессивті 
стилистика. 
Экспрессивті 
стилистика 
лингвостилистиканың бір бағытына жатады. М.Балақаев, 
М.Серғалиев "Қазақ тілінің мәдениеті" атты еңбегінде былай 
дейді: "Көркем әдебиетке тән әр алуан көріктеу, шеберлік 
тәсілдері болады" [14, 47]. Ендеше, экспрессивті стилистика 
тілдегі 
экспрессивті 
әдіс-тәсілдерді үйретеді. Қазіргі 
стилистикада көріктеу, шеберлік тәсілдері көркем әдебиет 
стиліне ғана тән деп қарауға болмайды, ол барлық стиль 
түрлерінде коммуникативті-прагматикалық мақсатпен жүзеге 
асатын шеберлік тәсілдер арқылы экспрессивті стилистикада 
жан-жақты көрініс табады. 
Экспрессия – латын сөзі "мәнерлілік", "уыттылықты" 
білдіру амалы дегенді білдіреді. Орыс тіл ғылымында 
экспрессивтік 
стилистика 
теориясының 
аспектілері 
Т.Г.Винокур, О.А.Лаптева, А.П.Сковородиков, К.А.Долинин, 
Т.Г. Хазагеров еңбектерінде жан-жақты сөз болып жүр. 
Экспрессивті сөз эмоциясыз айтылуы да, жазылуы да 
мүмкін емес. Узустық коммуникативтік сызық бойында 
стилистикалық мазмұнды бере алатын "мәнерлі ой өрнегін 
түзуші" экспрессивті стилистика деп аталынады. 
Экспрессивті стилистиканың зерттейтін мәселелері 
мыналар болып саналады: тілдік бірліктердің экспрессивті 
тапсырмаларының сапалық және тиімділік қасиеттерін әр түрлі 
стилистикалық 
амалдардың 
көмегімен 
анықтау. 
Олар: 
стилистикалық мағына, стилистикалық тәсіл, стилистикалық 
амал, стилистикалық тапсырма. 
Мағына дегеніміз зат емес. Бұл туралы әртүрлі көзқарастар 
бар. Кейбіреулер мағынаны таңба деп, қайсыбіреулер объективті 
шындықтың бейнеленуі деп, енді біреулер таңбаның затқа 
қатысы деп есептейді. 
Тілдегі таңбалық қасиет жөнінде және оның мағынамен 
арақатысына талдау жасап, айқын пікір айтқан философ Гегель 
болды. Тілдің таңбалық мәнін қарастыра келіп, Гегель бұл 
таңбалық қасиет психология, логика ғылымдарына тәуелді емес, 
өз алдына жеке сала болып қарастырылуы керек екенін айтады. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


24 
Лингвистикадағы таңба системасы И.Г.Гердер есімімен 
байланысты. И.Гердер тілдегі таңбалар адам санасынан туған, 
қолдан жасалған деген тұжырымға қарсы шығады. Ол тіл мен 
пайымдауды өмірде туатын инстинкт құбылысы деп есептейді. 
Гердердің пікірінше, тіл табиғаттағы адамның ерекше сезімі 
негізінде, яғни айрықша "сөз органдары" ретінде пайда болды, 
таңбалар да тілдің элементі болу арқылы адаммен бірге туған 
инстинкт. Кейіннен И.Г.Гердер теориясы XIX ғасырдағы 
лингвист пен психологтардың қатты сыналды. 
Шындығында, мағына жалаң таңба емес. Мағына ұғымдар 
арқылы дыбыстық формамен айтылған объективті шындықтың 
бейнесі болып табылады. Сөздің мағынасын оның ішкі 
компоненті деп тану және мағынаны объективті шындықтағы 
заттар мен құбылыстардың бейнеленуі деп түсіндіру тілді 
социолингвистикалық тұрғыдан танып білуде өте-мөте қажетті 
болып саналады. 
Мағынаны таңбамен теңестіру немесе мағынаны тілден 
мүлдем шығарып тастау тілдің табиғатын теріс түсіндіруге 
әкеліп соқтырады. Сонымен, мағына объективті шындықтың тіл 
дыбыстары арқылы қатысымдық тұлғаларда белгіленіп 
бейнеленуі. Тілге таңбалық жүйе тұрғысынан мынандай 
анықтама беріледі: Тіл дегеніміз – қатысымдық қызмет 
атқаратын тілдік тұлғалардың материалдық жамылғыш арқылы 
мағыналық қасиетке ие болған таңбалар жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет