Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет6/44
Дата11.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#42318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Лингвистикалық стилистика дегеніміз не? Оның негізгі 
бағыттары мен түрлері. 
2. Стилистиканың түрлерін атаңыз.
3. «Стиль» термині, стильге берілетін анықтамалар. 
4. Тіл стилистикасы мен қолданыс тілі стилистикасының 
айырмашылығы неде? 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


13 
СТИЛИСТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМ-
КАТЕГОРИЯЛАРЫ 
 
1. Тілдің стилистикалық құрылымы 
2. Функционалдық стиль туралы ұғым 
3. Стиль – стилистиканың негізгі ұғымы 
4. «Стиль» 
терминінің әртүрлі түсініктері, оның 
себептері 
5. Стилистикалық мағына, оның табиғаты 
6. Стилистикалық норма, оның әдеби норманың басқа 
түрлерінен ерекшеліктері 
7. Стилистикалық қате туралы ұғым 
8. Стилистиканың зерттеу әдістері 
Қазақ әдеби тілі функционалдық стильдер жүйесінің қай 
тармағы, қайсыбір ішкі тармағы болмасын, әдеби тілдің 
синхронды, диахронды жай-күйін танып білуде аса маңызды 
болып 
табылады. 
Сонымен 
қатар 
қазақ 
әдеби 
тілі 
функционалдық стильдер жүйесін қазіргі кезеңде зерттеудің 
маңыздылығына байланысты біз төмендегі мәселелерді атап 
көрсетеміз.
Орыс тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде де стильдік 
тармақтар қарастырылған еңбектер өте көп, қандай да бір 
проблема туралы түрлі көзқарастарды кездестіруге болады
бірақ 1990 жылдарға дейін функционалдық стильдер өз алдына 
жеке түрде зерттеліп келді. Кейбір еңбектерде публицистикалық 
стильдің 
(әсіресе, 
мерзімді 
баспасөз 
тілінің) 
экстралингвистикалық факторларға байланысты тілдік-стильдік 
жағынан өзгеріп отыратындығы айтылады, ал басқа стильдік 
тармақтар «өз алдына бір бөлек дүние» түрінде зерттелді.
Қазіргі кезеңде тіл білімінің барлық бағыттары өзгерді. 
Тілдің кез келген қолданысын қоғамдық құбылыстармен, 
қоғамдағы өзгерістермен, тіл ғылымының жаңа әрі өзекті 
салалары – антропологиялық лингвистикамен, когнитивтік 
лингвистикамен, мәтінтанумен тығыз байланыста қарау 
қажеттігі бар. Осы тұрғыдан қарағанда кез келген стильдік 
тармақтардың тілдік-стильдік табиғатын толық ашуға мүмкіндік 
туады.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


14 
Қазіргі қоғамдағы өзгерістердің ішіндегі ең бастысы – 
қарым-қатынастың типі өзгерді. Нақты айтқанда, қазіргі 
қоғамдағы 
демократиялық 
даму 
үрдістері, 
нарық 
экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде қарым-
қатынастың жаңа және белсенді түрі – диалогтық қарым-
қатынас пайда болды. Кез келген бір ақпаратты жеткізу, 
ғылыми пікірді дәлелдеу үшін бұрынғы дәуірлердегідей 
қарапайым монолог түрінде баяндау емес, диалог-сұхбат арқылы 
пікірталасқа шақыру, мүдделілік туғызу факторлары барынша 
белсенді болып отыр. Бұл жағдай ғылыми стильге тікелей 
қатысты. Белгілі бір ғылыми тұжырымдарды жеткізу үшін 
қазіргі кезеңде әсер ету, шоғырландыру және пікірталас арқылы 
дәлелдеу функциялары алдыңғы қатарға шығуда. Осының 
нәтижесінде «ғылыми стиль», «ғылым тілі» деп аталатын тармақ 
қалың жұршылыққа, көпшілікке қарай бет бұрды; бұл өз 
кезегінде ғылыми стиль тілінде өзге де стильдік тармақтардың 
тілдік бірліктерінің араласуына, сол арқылы ғылыми-көпшілік 
стильдің жаңа тілдік белгілерінің қалыптасуына жол ашты. 
Осыған байланысты қазіргі кезеңде жалпы функционалдық 
стильдерді негізгі типтерге топтастыру бағыты да байқалады.
Ғалым А.Алдашева былай деп жазады: «... соңғы жарты 
ғасыр 
көлемінде 
қазақ 
тілінде 
аударылған 
прозалық 
шығармалардың (ішінара драма жанры үлгілерінің) және 
публицистикалық, 
ресми, 
қоғамдық-саяси, 
оқу-ағарту 
мазмұнындағы әдебиеттің тілі қалыптасты. Аталған әдебиет 
түрлерінің 
өзі 
іштей 
поджанрға, 
подстильге 
қарай 
тарамдалатыны белгілі; алайда аударматану аясынан қарағанда
функционалдық стильдердің әрқилы түрлерінің, прозаның ішкі 
жанрларының тілін топтастыра, жинақты түрде қарастыруға 
мүмкіндік беретін бірқатар белгі-сипаттар бар; сол себепті қазақ 
әдеби тілімен «қайта жазылған» қарасөз үлгілері, ұтымды 
жүйелі түрде атау мақсатында арнаулы ақпаратты аударма 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет