Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет9/44
Дата11.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#42318
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
стилистикалық
тапсырма
Стилистикалық тапсырма сөйлеушінің арнайы ойлап тапқан 
көркемдік, экспрессивтік айту мәнері, адресаттың қабылдауына 
арнайы 
стилистикалық 
тиімді 
әсер 
калдыру 
үшін 
қолданылады. Стилистикалық тапсырма айтушы хабарының 
экспрессивті мағлұматын көрсете алады. Сөйлеу актілерінің 
стилистикалық құрылымдағы екінші (жанама) компоненттер 
сапасы ретінде көрінеді. 
Стилистикалық 
тапсырма, 
стилистикалық 
мағына, 
стилистикалық тиімділік сияқты экспрессивті тілдік бірліктер 
өзара тығыз қарым-қатынаста бола отырьш, жалпы узуальды-
стильдік комплекс терминдерінің мән-мағынасын толық жеткізе 
алады. "Экспрессия" термині стилистикалық көркемдіктің 
барлық аясын қамтамасыз ете алады. 
Стилистикалық норманы зерттеушілер әдеби тіл нормасына 
қосымша, оны толықтыратын, анықтап, дәлдейтін норма деп 
табады. 
Стилистикалық 
норманы 
«стильдік 
норма», 
«функционалдық 
норма», 
«функционалдық-стилистикалық 
норма» деп әр түрлі атайды. Оның әдеби тіл нормасынан 
айырмашылығы – пайымдаудың функционалдық-стилистикалық 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


26 
жағына көп көңіл бөлетіндігінде. Ғалым Т.Г.Винокур тіл 
мәдениетінің екі сатысын атап көрсеткен болатын: бірі – кіші 
сатысы, қолданыс тілінің дұрыстығы, екіншісі – қолданыс 
тілінің биік шыңы – стилистикаға қатысты, дәлірек айтқанда, 
стилистикалық норма [3, 12]. Ендеше, стилистикалық норма 
дегеніміз – қарым-қатынас аясындағы қолданыс тілінің 
мақсатына, міндетіне және мазмұнына сай, тарихи жағынан 
қалыптасқан тілдік мүмкіндіктердің жүзеге асу ережелері
ұстанымы. Қолданыс тілінің жоғары мәдениеті ойды дұрыс, дәл 
және ақылға қонымды етіп тілдік құралдар арқылы жеткізе білу 
болып табылады. Стилистикалық норма тарихи категория 
ретінде саналады.
Мәселен, ғылыми стильдің барлық жанрларының негізгі 
өзегі мен шеткі аймақтарында стилистикалық категория мен 
стилистикалық норма өзара белгілі прагматикалық қызметімен 
көрінеді. Ғылыми стильде ғылыми терминдердің мол 
қолданылатындығы, сөйлемнің анық, түсінікті болуы ғылыми 
жазбалардың стильдік белгілері болып табылады. Мұнда жалпы 
тілдің 
ортақ 
нормаларымен 
қатар 
ғылыми 
стильдің 
стилистикалық нормалары тұрақтанады. Стилистикалық норма 
ғылыми стильдің стилистикалық категорияларынан түзіледі. 
Ғылыми стильде нормадан тыс тұратын сөздер қолданылмайды, 
морфологиялық тұлғалардың да жалпы тілдік грамматикалық 
варианттары жұмсалады. Сөйлем құрылысы да тілдік норманың 
қатаң тәртібін сақтайды. Бұл стильде ғылыми терминдердің, 
оның ішінде мамандық терминдерінің қолданылуы ғылыми 
мәтіннің стильдік белгісі әрі стилистикалық нормасы болып 
табылады. 
Зерттеуші Д.А.Әлкебаева: «Ғылыми стиль жазба стильге 
жатқандықтан, жазба стильдің өзіне тән қызметі болады. Жазба 
стиль әр уақытта біркелкі болмайды. Ғылыми стильдің ең басты 
лингвистикалық белгілері, яғни басқа стильден ажыратылатын 
стилистикалық нормалары болады. Ғылыми стиль қазақтың 
ұлттық жазба әдеби тілінің негізгі көрсеткіші болғандықтан, 
әдеби тіл нормаларының басты өлшем шарттарын толық жүзеге 
асуын қамтамасыз етеді», - дейді [15, 65-66]. Ғылыми стильге 
мәліметті беру үшін алдын-ала ойлану, тілдік бірліктердің қатаң 
таңдалып алынуы, қалыпқа салынған (Р.Сыздықтың ұсынысы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


27 
бойынша – «қалыптанған») сөйленіс типіне ұмтылу тән. Ғылыми 
стиль арқылы белгілі бір ғылым саласында ашылған жаңалықтар 
тіл арқылы ресімделіп осы жаңалыққа мүдделі адамдардың 
арасына таратылады. 
Стилистиканың зерттеу әдістеріне стилистикалық талдау 
жатады. Оның нақтылы әдіс-тәсілдері: сөздіктер мен 
анықтамалықтардағы стилистикалық белгілерді талдау, бейтарап 
не стилистикалық бояуы бар тілдік құралдарды табу, бақылау, 
мәтінді стилистикалық талқылау, стилистикалық эксперимент 
жасау және жалпы тілдік әдістерді, нақтырақ айтқанда 
сипаттама және салыстырмалы әдістерді пайдалану болып 
табылады. 
Адамзат жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл 
атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-қатынас 
құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі 
және олар бір-бірімен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылым 
болып табылады. Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып 
немесе ақпарат беріп қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің 
қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін, субъективті 
қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады. 
Стилистиканы ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеудің 
перспективасы тілдегі дара стиль категориясын, көркем 
шығарма тілін, функционалды стилистика, стилистикалық 
ресурстар, ортология, сөз мәдениеті т.б. мәселелерді әр қырынан 
және тереңірек зерттеуге ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет